3) тілдің жоғарғы бөлігінде дорсальды тіл тармақтары (rr. dor-sales
linquae). Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда тіл
артериясы бет артериясымен бірігіп, жалпы тіл-бет бағаны (truncus
linquo-facialis) болып басталады. Күйіс кайтаратын жануарлар мен шошқада тіл артериясынан
жоғарыда баяндалған қан тамырларынан басқа тіласты артериясы (a.
sublinqualis) бөлінеді. Қой мен ешкіде тіласты артериясынан бастың иек аумағын артерия
қанымен қамтамасыз ететін иек артериясы (a. mentalis) ажырайды.
Тіл артериясы тіл жəне тіласты сүйек маңындағы ұлпаларды
коректендіретін қан тамырларын бөлгеннен соң, теменгі жақсүйектің
тамырлы ойығымен төменгі жақтың сыртқы латеральды беті арқылы бас