1. Ми қабығының орталық артериясы (средняя оболочечная артерия)
— a. meningea media — жырымдалған тесіктің алдыңғы жағымен ми
сауытының куысына еніп, мидың қатты қабығын тамырлан-дырады.
Ерекшеліктері. Күйіс кайтаратын жануарларда ми кабығының
орталық артериясы болмайды.
Итте аталмыш артерия ми сауытының куысына сопақ тесік аркылы
кіреді.
2. Терең каудальды самай артериясы (глубокая височная каудальная
артерия) — a. temporalis profunda caudalis — самай бұлшық етін
тамырландырады.
Ерекшеліктері. Жылқыда терең каудальды самай артериясы жоғарғы
жақ артериясынан, ол канат өзегіне кірер алдында бөлінеді
Күйіс қайтаратын жануарларда бұл артерия жоғарғы жақ
артериясынан төменгі альвеола артериясынан кейін ажырайды. Аталмыш
артерия үлкен шайнау бұлшық етіне ірі тармақ бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |