Ерекшеліктері. Шошқада иек артериясьшьщ тармақтары медиальды
иек тесіктері арқылы сыртқа шығып, төменгі ерінді тамырландырады.
5. Ұрт артериясы (щечная артерия) — a. buccalis — үрт аумағын
қоректендіред і.
Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда үрт артериясынан
самай бұлшық етін қоректендіретін алдыңғы терең самай артериясы (a.
temporalis profunda rostralis) жəне мидың эпидуральды "ғажап торын" жасауға
қатысатын алдыңғы жəне артқы эпидуральды ғажап торы тармақтары
(rr. caudalis et rostralis ad rete mirabile epidurale rostrale) бөлінеді. Соңғы
аталған артерия тармақтары ми сауыты куысына көздік-дөңгелек тесік
(foramen orbitale-rotundum) жəне сопақ тесік (foramen ovale) арқылы енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |