403
2. Краниальды шажырқай артериясы (краниальная брыжеечная
артерия) — a. mesenterica cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2-інші бел
омыртқалардың тұсынан, іш артериясынан кейін бөлінетін тақ артерия.
Краниальды шажырқай артериясынан ащы ішектің аш ішек бөлігіне бірнеше
аш ішек артерияларын (аа. jejunales) бөледі. Бұл артериялар өзара жəне
олардың алдыңғы ұштары ұйқы безі он екі елі ілек артериясымен, соңғы
ұштары каудальды шажырқай артериясымен жалғасып, ішектер арасындағы
коллатеральды тармақтар түзеді. Краниальды шажырқай артериясы жуан
ішекке мықын-тоқ ішек артериясын (a. ileo-colica) бөледі. Мықын-тоқ ішек
артериясы өз кезегінде үш артерия тармағына ажырайды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: