шарбы артериясына (a. gastro-epiploica sinistra) айналады. Қой мен ешкіде
сол қарын артериясы көбіне бауыр артериясынан ажырайды.
4) бауыр артериясы ұйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөліп,
бауырға енгенге дейін, оң жəне сол артерия тармақтарына ажырайды. Бауыр
артериясының оң артерия тармағы — бауырдың құйрықты бөлігіне артерия
тармақтарын жəне өт қабына өт қабының артериясын (a. cystica) бөледі.
Сиырда өт қабының артериясы қарын-он екі елі ішек артериясынан (a.
gastro-duodenalis) бөлінеді. Ал бауыр артериясынын сол артерия тармағы
ұлтабардың кіші иіні бойымен өтіп, оң қарын артериясын жəне қарын-он екі
елі ішек артериясын бөледі. Қарын-он екі елі ішек артериясынан өз кезегінде
краниальды ұйқы безі-он екі елі ішек артериясы (а. pancreatico-duodenalis)
жəне оң карын-шарбы артериясы (a, gastro-epiploica dexstra) бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |