АЛДЫҢҒЫ АЯҚ АРТЕРИЯЛАРЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ
Алдыңғы аяқ артериялары бұғанаасты артериясының жалғасы —
қолтық артериясының тармақтары болып табылады. Бүғанаасты артериясы
сыртқы көкірек артериясы ажырағаннан кейін, қолтық артериясы (a. axillaris)
— деп аталады.
Онтогенездің
бастапқы
кезеңінде,
іштөлі
тұлғасының
бүйір
кабырғасынан томпайып шыққан аяқтар бастамаларының ішіне төрт
метамерлі (сегментті) артериялар бастамалары енеді де, қан капиллярлары
торына тарамдалады. Аяқтар бастамаларынан вена қаны шеткі вена
тамырлары арқылы ағып шығады. Іштөлінің өсуіне сəйкес алдыңғы
аяқтардың құрылысы да күрделене түседі. Осыған байланысты алдыңғы
аяқтар бастамасындағы бастама қан капиллярлары торынан негізгі
магистральды артериялар жəне олардың бүйірлік (латеральды) артерия
тамырлары қалыптасып, дамып жетіле бастайды. Алдыңғы аяқ магистральды
артериясынын негізін бүғанаасты артериясынын жалғасы қолтық артериясы
құрайды. Қолтық артериясынан алдыңғы аяқтың белдеуін қанмен
қамтамасыз ететін жауырынасты артериясы ажырайды. Ал аяқтың еркін
қозғалатын
бөлімінің
магистральды
артериясы
қызметін,
қолтық
артериясының жалғасы — иық артериясы атқарады. Алдыңғы аяқтың білек
аумағында, иық артериясынан орталық артерия жəне онымен қатар жетілетін,
оның бүйірлік артерия тармақтары (коллатеральдары) болып саналатын кəрі
жілік артериясы мен шынтақ артериясы қалыптасып жетіле бастайды.
Алдыңғы аяқтың тізе аумағында осы үш артерия тармақтарынан тамырлы
тор түзіледі. Осы тор тамырларынан алдыңғы (дорсальды) жəне артқы
(пальмарлы) жіліншік артериялары қалыптасып, олардан жануарлардың
түрлеріне байланысты құрылысы мен орналасу орындары түрліше бақай
артериялары жетіледі.
Алдыңғы
аяқты
артерия
қанымен
қамтамасыз
ететін
негізгі
магистральды қан тамыры — қолтық артериясы.
Достарыңызбен бөлісу: |