3. Бүйрек артериясы (почечная артерия) — a. renalis — құрсақ
қолқасынан краниальды шажырқай артериясымен қатар бөлініп, бүйректі
артерия канымен қамтамасыз ететін жұп қан тамыры. Бүйрек артериясынан
несепағар тармағы (r. uretericus) бүйрекүсті безінің каудальды тармағы
(r. suprarenal caudalis) бөлшегі.
4. Бүйрекүсті безі артериялары (надпочечные артерии) – aa.
suprarenales - көбіне бүйрек артериясынан ажырайды. Бүйрекүсті безін
тамырландырады.
5. Ішкі тұқымдық артерия (внутренняя семенная артерия) жыныс
бездерін қоректендіретін жұп қан тамыры. Еркек жануарларда бұл артерия ен
артериясы (a. testicularis), ал ұрғашы жануарларда жұмыртқалық артериясы
(a. ovarica) — деп аталады. Ен артериясы шап өзегі арқылы өтіп, енді, ен
қосымшасын жəне шəует жолын тамырландырады. Жұмыртқалық артериясы
жатыр түтігі мен жатыр мүйіздеріне арналған тармақтар бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |