4) шынтақтың көлденең артериясы (a. transversa cubiti) шынтақ
буынының бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп, тізе жəне бақай
буындарының жазғыш бүлшық еттерін тамырландырады.
Ерекшеліктері. Жылқыда, күйіс қайтаратын жануарларда жəне
шошқада шынтақтың көлденең артериясы жалпы сүйекаралық артериямен
жалғасып, шынтақтағы тамырлы торды түзуге қатысады.
5) жалпы сүйекаралық артерия (a. interossea communis) білек
сүйектерінің проксимальды сүйекаралықсаңылауы тұсынан басталып,
сүйекаралық каудальды жəне краниальды артерияларға ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |