Морфология



Pdf көрінісі
бет889/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   885   886   887   888   889   890   891   892   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

1) терең иық артериясы (a. profunda brachii) иық артериясынан тоқпан 

жіліктің  орта  шенінде  каудальды  бағытта  ажырап,  шынтақ  буынының 

жазғыш бұлшық еттерінде тарамдалып, соларды қоректендіреді. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  терең  иық  артериясы  өте  жақсы  жетілген. 

Ол  жылқыда  жетілмеген  каудальды  айналмалы  иық  артериясының 

төмендеген тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық 

артериясы салыстырмалы нашар жетілген. 



2)  коллатеральды  шынтақ  артериясы  (a.  collateralis  ulnaris)  иық 

артериясынан  тоқпан  жіліктің  дистальды  бөлігінен  каудальды  бағытта 

ажырайды. 

Ерекшеліктері.  Жылқы  мен  шошқада  коллатеральды  шынтақ 

артериясы  шынтақ  артериясына  (a.  ulnaris)  айналады.  Күйіс  қайтаратын 

жануарлар мен итте бұл артерия нашар жетілген. 

3)  екібасты  бұлшық  ет  артериясы  (a.  bicipitalis)  иық  артериясынан 

тоқпан  жіліктің  орта  тұсынан  ажырап,  екібасты  бұлшьгқетті  қанмен 

қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   885   886   887   888   889   890   891   892   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет