Ерекшеліктері. Жылкыда айналмалы терең мықын артериясы
краниальды жəне каудальды артерия тармақтарына ажырайды. Краниальды
артерия тармағы құрсақтың көлденең бұлшық етінің латеральды бетімен
өтіп, құрсақ бұлшық еттерін, ал қаудальды тармағы тобық аумағына
бағытталып, аталған аумақты тамырландырады.
Күйіс қайтаратын жануарларда айналмалы терең мықын артериясы
жақсы жетілген. Бүл артериядан бөксе бұлшық еттері мен санның жалпақ
шандырын кергіш бұлшық етіне қоректендіргіш қосымша артерия
тармақтары ажырайды.
Шошқада бұл артериядан санның төртбасты бұлшық етіне арнайы
қосымша тармақтар бөлінеді.
Итте айналмалы терең мықын артериясы құрсақ қолқасынан бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |