2. Терең сан артериясы (глубокая бедренная артерия)— a. profunda
femoris — сыртқы мықын артериясынан құрсақ қуысында бөлініп, каудо-
вентральды бағытта құрсақ қуысынан шығып, жамбас-ортан жілік буынының
жақындатқыш бұлшық еттерін (аддукторларын) тамырландырады. Терең сан
артериясынан құрсақүсті-жыныс артерия бағаны жəне медиальды айналмалы
сан артериясы ажырайды.
1) Құрсакүсті-жыныс бағаны (truncus pudendo-epigastricus) терең сан
артериясынан краниальды бағытта ажырап, каудальды құрсақүсті жəне
сыртқы жыныс артерияларына ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |