Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,3-3,5 см -дей 30 -дан 160-ка дейін
лимфа түйіндері болады. Күйіс қайтаратын жануарларда 12-25, ал
шошқада 8-20 лимфа түйіндері топтасып орналасады. Итте тұрақты
болмайды.
ə)бүйрек лимфа түйіндері (In. renales) бүйрек қақпасы мен бүйрек
артериялары бойында орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерін саны — 10-18, ал сиырда
2-5.
б)жұмыртқалық лимфа түйіні (In. ovaricus) жұмыртқалық байланында
орналасады. Барлық жануарларда тұракты болмайды. Еркек жануарларда ен
лимфа түйіні (In. testicularis) - деп аталады. Бұл түйін тек қабанда ғана
болады.
Іш лимфа орталығы (чревный лимфоцентр) — lc. celiacum.
а)іш лимфа түйіндері (In. celiaci) іш артериясынын құрсақ қолқасынан
ажырар тұсында шоғарлана орналасады. Лимфаны іш батаны арқылы бел
цистернасына өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |