Ерекшеліктері. Жылқыда латеральды лимфа түйіндерінің саны -1-5,
ал медиальды лимфа түйіндерінің саны — 1-2. Аталған лимфа түйіндері ішкі
жыныс артериясы мен каудальды тік ішек артериясыңда орналасады.
Сиырда латеральды лимфа түйіндерінің мөлшері 1 см, саны — 2, медиальды
лимфа түйіндері болмайды. Ұсақ малдарда да медиальды лимфа түйіндері
болмайды. Шошқада тек латеральды лимфа түйіндері болады. Итте көбіне
құйымшақ лимфа тұйіндері бола бермейді.
д)шонданай лимфа түйіні (In. ischiadicus) кіші шоңданай ойығы
аумағында жамбастың жалпақ байламының сыртқы бегінде жатады.
Лимфаны жамбас куысының қабырғасы мен оның мүшелерінен жинайды.
Шонданай лимфа түйіні тек күйіс қайтаратын жануарларда кездеседі.
е)жапқыш лимфа түйіні (In. obturatorius) жапқыш тесігінің краниальды
жиегінде орналасады. Бұл түйін тек жылқыда болады.
444
Достарыңызбен бөлісу: |