1. Жалаңаш тұқымды өсімдіктерде тамыр жүйесінің қандай түрі басым? 2.Жалаңаш тұқымды өсімдіктерге бұтақтанудың қандай түрі тән?
Сабақтың анатомиялық құрылысының салыстырмалы қарапайымдылығы неге байланысты?
Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің «мәңгіжасылдығы» неге байланысты?
Қыс мезгілінде жапырақтардың суды үнемдеп жұмсауын не қамтамасыз етеді?
Жапырақтың қандай ішкі құрылысына байланысты оның фотосинтездеуші бетінің аумағы артады?
Аталық бүрлер мен аналық бүрлердің қандай айырмашылығы бар?
Микроспоролар мен мегаспоралар қайда қалыптасады?
Тұқымның таралуы үшін қандай бейімделушілік түзіледі?
Зертханалық сабақ 9,10. Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі Қосжарнақтылар класына сипаттама. Алаботалылар тұқымдасы.
Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысын зерттеу. Аналық және аталықтың анатомиялық құрылысымен танысу. Гүл формуласын құрастыру.
Керекті құралдар: Өсіп тұрған немесе күні бұрын спиртке салынған өсімдік гүлдері. Әр түрлі гүл макеттері. Кеппе шөптер. Тозаңқап пен жатынның кесіндісінің тұрақты препараттары. Микроскоп, лупа, пинцет, өткір ұстара.
1) Кеппешөптен әр түрлі өсімдік гүлдерінің гүл бөліктерін (тостағанша, күлте жапырақтар, гүлсерік, аталық аналық. ) тап. Салыстыр. Суретін салып белгілерін жаса.