ақиқат жолын бұзбаған дұрыс*
Ел ақсақалы Нәжимеден Есқалиевтің «Пульс города» газетінің 2012
жылдың 6 сәуіріндегі мақаласын оқып, автордың қазақ тарихындағы
біртуар тұлға Сырым бабамыз жөніндегі пікірімен қайта-қайта таны-
сып қайран қалып отырмын. Бүгінге дейін жарияланған баба туралы
ондаған еңбектер, мыңдаған мақалалармен ат үсті танысып баспасөз
арқылы мүлдем түсініксіз, ғылыми дәйегі жоқ, пікір білдіруі көңілге
қаяу ұялатады.
Өзінің бар өмірін ат үстінде елінің ертеңі үшін өткізіп, жауымен
арпалысып, еш уақытта оған бас имеген Сырым батырды Нұралы хан-
ды тақтан кетіріп, елден қуды, Есім ханды өлтірді, соңында өзі Хиуа
хандығына қашты деуі не мұрағаттық дерекпен, не фольклорлық ма-
териалдармен дәлелденбегенін баса көрсеткім келеді. Өзім Сырымта-
нушы ретінде оның ізі сақталған Москва, орынбор, Астрахань, Алма-
ты қалаларындағы мұрағаттардағы тарихи құжаттарды қолымен ұстап,
ой елегінен өткізіп «Азаттық таңы жолында» атты монография мен
көптеген мақалаларды жазған кезімде тұлғаның барша қазақ қамқоры
болғандығына, қалың қазағының да оған айрықша сенім білдіргеніне
куә болдым.
Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1783-1797 жыл-
дары аралығын қамтығаны белгілі. Қозғалыстың ерекшеліктері,
оның негізгі себептері, тұлғаның қоғамдық-саяси қызметі кешегі
кеңестік заманда тарихшы М.П.вяткиннің зерттеу нысанына алын-
ды. Ғалымның басшылығымен біраз мұрағаттық құжаттар 1940
жылы жарияланған «Материалдар» жинағына енгізілді. олардан бұл
қозғалыстың Ресей патшасының отарлау саясатына бағытталғандығын
қалың көпшілік оқып, танысты. дегенмен тәуелсіздікке қол жеткізуіміз
мұрағаттағы құжаттарды қайта зерделеуге әкелді. Бұл материал-
дар Н.Исқалиевтің газет бетіндегі пікірлерін толық жоққа шығарып,
Сырым батыр қозғалысы ешқашан хандық басқару жүйесін жоюға
бағытталмағандығын, керісінше, батыр бабамыз мемлекеттік басқару
жүйесін күшейтуді, ханды ел ортасына көшіруді, ханның елмен бай-
ланысын үзбеуін, оның би-батырлармен кеңесінің қалыпты дамуын
көздегендігін айғақтайды. оны Сырымның беріш Саржала, Шойтас,
ысық Қаратау, шекті Сегізбай, кете Көккөз, шеркеш Тұрмамбет, табын
Тіленші, адай Атақозы, есентемір Мыңбай т.б. би-батырлармен, Кіші
жүздің сол тұстағы екінші ханы Батырұлы Қайып, оның ұлы Шерғазы,
Әбілғазы, Нұралы хан ұлдары Қоңырау, Есенгелді, Айшуақ сұлтан
ұлы Сапақ, Жантөре т.б. бірлесе қимылдауы дәлелдейді. Қозғалыс
алдымен Жайық бойындағы казак-орыстардың озбырлығына,
олардың Еділ-Жайық аралығындағы жайылымға көшудегі саясатына
қарсылық ретінде басталды. оған Сырыммен бірге Нұралы ханның,
Ерәлі, Айшуақ сұлтандардың ұлдарымен қатар Кіші жүздің барлық
руларының беделді би-батырлары қатысты. Ал патша үкіметі осы
қозғалысты пайдаланып қалуды көздеп, қартайған Нұралы ханды пай-
даланып, сол арқылы қазақтардың мемлекеттік басқару жүйесін жоюға
кірісті. Сөйтіп 1786 жылы көктемде Нұралы кездесуге шақырылып,
оның арты ханның Уфаға жер аударылуына әкелді. Мұны түсінген Сы-
рым өзі бастап Нұралыны елге қайтару туралы бірнеше рет орынборға
хат жазды. оның қайтпатынына көзі жеткен соң қазақтар Кіші жүз
ханының тағына Қайыпты ұсынады. Ал 1790 жылы тамызда Нұралы
қайтыс болды деген хабар елге жеткенде, Сырым хан ұлдарына
көңіл айтады. Мұның барлығы мұрағаттан белгілі. Бұл жерде орыс
шенеуніктері түсінбеген, ия түсінгісі келмеген ішкі бірлік мәселесі
бар. осы ел ішінің бірлігі қазақты қашан да сыртқы жаудан сақтады.
*Мақала «орал Өңірі» газетінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі санында
жарияланған
40
41
Енді Есім ханның өліміне келсек, ол да үлкен таласты мәселе. орыс
зерттеушілері де, кеңестік тарихшылар да, кейінгі зерттеушілердің
барлығы да бұған Сырымды жауапты қылып шығарады. Өзіміздің
фольклорлық материалдар да дәл солай жазады. Ал мұрағат
құжаттарындағы Сырымның 1770-1783 жылдар аралығында Есімге
ақылшы аға болғандығын, оның Есім хан сайланғаннан кейін 2 рет ар-
найы өз бауырларын жіберіп ел ортасына шақырып, жалпыхалықтық
Кеңес құруды ұсынғанын, қайта-қайта Нұралы әйелі орын ханымға
өтініш білдіргенін және ең бастысы батырдың «Есімді губернатор
Игельстромның тапсырмасымен Тілеп өлтірді» дегеніне көпшілік на-
зар аудармайды. Біздіңше, бұл арада тағы да орыс саясаткерлерінің
құйтырқы іс-әрекеті байқалады. оларға керегі қазақтарды өзара
қырқыстырып, араздастырып, сол дауды шешуде «ақылшы» болып
шыға келу болатын. Расында да Сырымның сөзіне бастапқыда назар
аударылмады. Қаратай сұлтан оның соңына түсті. Бірақ араға уақыт
сала оны Саржала батыр тоқтатты. Көп ұзамай батырды Әбілқайыр хан
тегінің ең үлкені Айшуақ та хан Кеңесі жұмыстарына пайдалана баста-
ды. Мұны сезінген патша үкіметі 1799 жылы арнайы жарлығымен Сы-
рымды өлтіруді, немесе қолға түсіріп, Ресейге жеткізуді орынборға
жүктеді. Міне осы сәтте Сырым Кіші жүздің оңтүстігіне көшкендей
көрінді. Бірақ 1799 жылы ол бір топ би-батырлармен шекаралық
әскерилердің озбырлығын орынборға хабарлап, өзінің қазак-орыс
қарым-қатынасын реттеуге күш салатынын ашық айтқан. Кейін Бөкей
сұлтанмен бірлесе Еділ-Жайық аралығына көшуді қолға алды. орыс
деректері осы сәтте Сырым Бөкейдің бірінші қолдаушысы деп жарыса
жазды. Мұның барлығы Сырымның ешқайда көшпегенін, керісінше
туған жұртымен бірге болғанын айғақтайды. Енді Хиуа мәселесіне кел-
сек Сырымның олармен сол кездің өзінде құда болғандығы, Хиуамен
шектес адай руларымен өте жақын араласқандығы, батырдың кезінде
Хиуа арқылы Түркиямен байланысқа шығып, елшілер алмасқаны
ешкімге жасырын емес. Сырым батыр беделі сол заманның өзінде Хиуа
ханынан кем болмады. Батыр олардан орыс отарлауына қарсы күресте
қолдау күтті. Соны жүзеге асыру үшін де Хиуаға аттанды. Сырымның
қазақ тәуелсіздігінен бас тартпайтынын түсінгендер Үргеніште оның
өлімін ұйымдастырды. 1815 жылғы орынборға тапсырылған құжатта
батырдың Үргеніште өлтірілгендігі туралы анық жазылған.
Қорыта келгенде, Сырым бабаның сырын түсінбеу қазақтардың
сан ғасырлық азаттық үшін күресі арқылы қол жеткен бүгінгі
тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің маңыздылығын бағаламау болып
шығады. Ал іштен қазақтан шыққаш «білгіштер» арқылы от жағу,
солардың қолымен қайтадан «аюмен қорқытып, үлкен ағаның қолтығын
аңсау» ендігі жағдайда ешқандай абырой әкелмейді. Қазақтың ертеңі
тек қана бірлікте екендігіне көз жететін уақыт болды деп есептеймін.
Ел ағаларының ұлт алдындағы парызы осы жолды насихаттау және
оны іс жүзінде көрсету болуы тиіс.
Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетовтің «Қазіргі уақытта, зер
салып қарай қалсаңыз, рухани өміріміздің «делбесі» әдебиетшілер,
тілшілер, журналистер мен жазушылардың қолында келе жатыр ма
деймін. Қалай болғанда да бұқаралық ақпарат құралдарында көбіне-
көп солардың ғана сөзі естіледі. «Етікшінің етігімен айналысқаны
дұрыс қой» деп, тартынып жатқан жоқ. Керек кезінде олар тарихшы,
философ, саясаттанушы, экономист болып та шыға салады. олардың
араласпайтын, кіріспейтін ғылым саласы жоқ, «тисе-терекке, тимесе-
бұтаққа» деп, бұрқыратып «еңбектер» де жазады. Тарихшыға тарихты
қалай жазуды үйретуден де тайынбайды, философтар алдында Аристо-
тельден бастап әңгіме қозғауды әбестік санамайды, қоғам дамуының
заңдылықтары жөнінде дәрістер де береді. осылайша «әмбебеп»
мамандық иелері қалыптасуда» (Алтын орда 2012.-№10, 8-наурыз)
сөзімен ақсақалға жауап бере отырып, жалпы әркім өз шаруасымен
айналысқаны дұрыс дегім келеді.
Әлемге әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов айтпай ма: Ақсақал, біреу
жолден адасса, кімнен ақыл сұрайды?
- Шырағым қажыдан сұрайды?
- Көне адасса, кімнен сұрайды?
- Көне адасса, көргендіден сұрайды?
- Көргенді адасса, көптен сұрайды?
Көп болып айтарымыз Сырым баба сара жолы, бір-екі дәйексіз
пікірден тайыздай қалмайды. Өйткені ол еркіндік аңсаған Ата жолы,
Баба соқпағы, бүгінгі ұрпаққа аманаты.
с историей следует быть осторожнее*
- Интервью Нажемедена Искалиева, честно сказать, возмутило
меня как историка своей непрофессиональной трактовкой историче-
ских событий и фактов. Не знаю этого человека, но нить его разговора
говорит о том, что он не знает историю казахов, историю национально
– освободительного движения под руководством Сырыма датова, но
берет смелость утверждать заведомо ложные факты.
Самым первым исследователем истории Сырыма датова в совет-
* Интервью опубликована в газете «Приуралье» 12 апреля 2012
42
43
ские годы был историк вяткин Михаил Прокопьевич. За свою моно-
графию, написанную в 1947 году, он получил сталинскую премию. Я
являюсь вторым серьезным исследователем биографии Сырыма баты-
ра после вяткина. Конечно, много людей в современной истории счи-
тают себя исследователями Сырыма, но все точные исторические фак-
ты исследованы мной. На сегодня все документы по Сырыму хранятся
в фондах оренбургского архива, в архивах внешней политики России-
ской империи (Москва), в государственном архиве города Астрахани,
в госархиве в Алматы. везде я побывал и прочитал все документы и
поэтому имею право с уверенностью говорить о роли Сырыма батыра
в истории Казахстана, значении его личности, значимости его памяти
для современного становления государства.
То, как Сырым любил свой народ, как за него боролся, как сражал-
ся за земли по берегам Урала – об этом красноречиво свидетельству-
ют исторические документы. Благодаря народно – освободительному
движению под предводительством Сырыма датова мы вернули свои
исконные земли между Уралом и волгой. все это также подтверждают
исторические архивные документы.
Есть такое предположение в архивных документах, что после
убийства Есим хана Сырыма начал преследовать Каратай султан. Это
историками не отрицается, однако со своей родной земли Сырым не
изгонялся, как утверждает Нажемеден Искалиев . Но в архивах есть
мнение и самого Сырыма, где он открыто говорить что убииство Есы-
ма организовано губернатором Игельстромом. в 1802 году Сырым
поехал в Ургенч. Цель поездки – решение проблем, стоящих перед на-
родом. Сырым имел авторитет у народа, был личностью незаурядной,
держался на равных с хивинскими ханами. Поэтому он поехал туда
решать вопросы государственной важности. Есть лишь один архивный
документ, который подтверждает, что Сырым скончался в Ургенче.
однако никто Сырыма, я повторю, с родной земли не изгонял. Есть
документы в русских архивах, которые подтверждают, что сам Бокей
султан называл Сырыма батыра своим первым помощником. Как же
он находился рядом с Бокей ханом, как же он агитировал за переход на
другой берег Урала, если находился в изгнании. И то, что Нажеметдин
Искалиев так утверждает, это ни в какие ворота не лезет. Я считаю
мнение автора голословным. одним словом, как историк, исследовав-
ший подробно жизнь и деятелность Сырыма батыра, могу сказать, что
у Искалиева нет никаких прав, чтобы так со страниц газеты утверж-
дать, что Сырым был изгнан с родной земли и был предан анафеме
своим народом.
далее утверждение Искалиева о надписи на бюсте Ленина, о том
что «… казах помни, без Ленина не было бы ни твоей нации, ни твоего
государства». Не согласен в корне. Задолго до Ленина был народ ка-
захи, был он и после него. Это пустые слова. Современники Ленина,
видные деятели нашего региона Жаханша досмухамедов, Халел до-
смухамедов, деятели партии «Алаш» просили у Ленина разрешения на
создание автономии. Этого не случилось, нам дали автономию лишь
в составе Российской Федерации. И архивные документы и исследова-
ния доподлинно подтверждают, что вождь пролетариата не мыслили
ни на секунду о возможности предоставления казахам автономии и
суверенитета. Если Нажемеден Искалиев хочет быть точным в изложе-
нии фактов, ему следует изучить историю деятелей партии Алаш.
Сырыма датова в свое время признали царские ученые, подтвер-
див, что он воевал против царской власти. Советские ученые дока-
зали, что Сырым вел национально – освободительное движение про-
тив царского режима. И утверждение, что памятник Сырыму постав-
лен неверно и место выбрано неверно, не то чтобы некорректно, оно
оскорбляет национальное самосознание народа. Где же еще ставить
памятник такому выдающемуся батыру казахской земли, как не в цен-
тре города? Там как раз и место. Потому что благодаря подвигу Сы-
рыма датова, его мужеству, умению вести за собой народ мы пришли
к независимости, сохранили свою государсвенность, свою огромную
территорию. Благодаря таким батырам мы сохранили свой язык, свою
культуру, отстояли право назваться народом. Если их не было бы, мо-
жет мы растеряли свою самобытность.
И вообще тут можно ставить вопрос ответственности печатного
издания за опубликование таких материалов. Исторические материалы
должны публиковаться с комментариями и оценкой профессиональных
историков. вообще, это прискорбный факт, но он имеет место: сейчас
про историю считает долгом высказаться каждый, независимо от обра-
зования и сферы деятельности. Краеведы, литераторы, общественные
деятели, философы. Каждый норовит вставить свое, как они уверены,
емкое слово об истории казахов. в этой связи хотел бы рекомендовать
выступление известнейшего и авторитетнейшего ученого – историка
республики Ирины Ерофеевой, автора уникального издания «Исто-
рико- культурный атлас казахского народа» , который охватывает по-
ловину второго тысячелетия истории великой степи.
Ирина Ерофеева, профессор Казахского научно- исследователь-
ского института по проблемам культурного наследия номадов:
- до сих пор преобладает отношение к истории, как забаве, и это
порождает массу сложностей в науке, так как большие информацион-
ные шумы здесь создают квазинаучные «сенсационные прорывы» вся-
44
45
кого рода «физиков и лириков» . История как наука- это элитарная сфе-
ра деятельности. Ни в одной стране мира не увидите, чтобы научные
конференции по исторической тематике приходили любители истории,
тем более выступали. Их просто туда не пускают. А у нас – сплошь и
рядом.Чтобы написать мало – мальски приличную статью, нужно за-
тратить на свое историческое образование лет пятнадцать. Это много-
летний, упорный труд, а наши популисты – дилетанты претендуют на
лавры Гая Юлия Цезаря: пришел- увидел – победил. Положение дел
вынуждает профессионалов вступать в бесплодную полемику с диле-
тантами, которые, по сути, оскорбляют их как профессионалов, и само
научное знание. Но история мудра и велика, она не нуждается в «кава-
лерийских наскоках», и историческая истина рано или поздно стано-
вится для большинства людей очевидной.
II ТараУ
ел азаТТығы ҮШін КҮрес жӘне
Тарихи Тұлғалар (хviii ғасыр)
• Әйтеке би ұрпақтары тарихынан (мұрағат ізімен)
• XVIIІ ғасырдың І жартысындағы қазақ-түркімен
қарым-қатынасы
• Әбілқайыр хан және Нәдір шах: Қазақ және Иран
мемлекеттерінің XYIII ғасырдың I жартысындағы қарым-
қатынасы хақында
• Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі
• Мен - қазақтың үш Алашының ханымын
• Жарас мерген және азаттық үшін күрестегі ұрпақтар
сабақтастығы
• Алыбай Қосакөзұлының өмірі мен қызметі
• Мыңбай батыр
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі
үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте
бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының
арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің
мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Нұрсұлтан Назарбаев
46
47
Әйтеке би ұрпақтары тарихынан
(мұрағат ізімен)*
Атақты Болпыш бидің балалары Әжібай мен Арал алыстан ат ары-
тып бүгінгі Өзбекстан жеріндегі Нұрата төңірегін жайлаған төртқара
Жалаңтөс батырдың немере інісі Әйтеке бидің ақ батасын алуға кел-
генде, қазақ кемеңгері: «Ел жайы – ер азаматтың күндіз есінен, түнде
түсінен шықпайтын киелі ұғым. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ
болғалы. Өткен – ереуіл, қалған – салауат деумен күн артынан ай, ай
артынан жылдар өткізумен, талай қайырма мәуесі күйсе де, тамыры
аман келе жатқан жер бетінде екі халық болса бірі – қазақ, бір халық
болса - өзі екенін мен ежіктемей-ақ өздеріңізге мәлім. Сонда оның та-
мырын сақтаған - әуелі бір Алла тағала, сосын мына өздерің секілді
сенімді сайыпқыран жампоздар. Шеге-тағаны сақтайды, таға тұлпарды
сақтайды, тұлпар ерді сақтайды, ер-елді сақтайды. Елді сақтар Ерлер
аман болғай»,- деп елінің ертеңіне сеніммен қараған екен. Міне, осы
Әйтеке биден бата алған асыл ұрпақ ата-баба сенімін ақтауға ба-
рын салды. Тарих соқпағы бұралаң жолдарда оларды сынға салды,
шыңдады. оның даналығын сезінген Әжібай да, Арал да ұрпақтарына
өздері алған батаны аманаттады. XVIII ғасырдағы Ресей мұрағаттары
деректері Әжібай мен Аралдың қазақ елінің қоғамдық – саяси өмірінде
белді роль атқарғанын айғақтайды. орынбор шенеуніктері Әбілқайыр,
Әбілмәмбет хандар және Нұралы, Абылай, Барақ, Ерәлі сұлтандар,
Есет батырлармен бірге әрдайым олардың тұрғылықты мекендері
туралы ақпараттар жинап отырған (1). Өз бауырларымен бірге Ембі
өзенінің ар жағындағы Көктөбеде көшіп қонған Әжібай бидің орын-
бор губернаторы И.Неплюевке 1747 жылы 10 шілдеде жолдаған хаты
мұрағатта сақталған (2). Әжібай бидің тағы бір бауыры Алтай батыр
есімі 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қабылдауында болған
ағылшын суретшісі джон Кэстль еңбегінде аталады (3). Алтай батыр
ағалары атынан 1742 жылы қазақ пен қалмақ арасында бір ұрпаққа
дейін, яғни сол кездегі «еңбектеген бала еңкейген кәрі болғанға
дейін» соғыс ашпау туралы бітім жасауға қатысып, Әбілқайыр хан-
ды қолдаған (4). Келтірілген мұрағат деректері Әйтеке бидің Әжібай,
Арал, Алтайлардың әкесі Болпыш бимен замандастығын дәлелдейді.
Өкінішке орай, Әйтеке, Болпыш туралы мұрағат деректері еш сыр
ашпайды. Соған қарағанда олар Ресей империясының «қазақ дала-
сын Азияны жаулап алудың кілті» деп жар салған кезеңінде өмірде
болмаған болуы керек. Мұның өзі биді 1700 жылы қайтыс болған
деген пікірлерді жоққа шығарады. Сонымен бірге белгілі ғалым о.
Смағұловтың би туралы « Жетпіске келген не одан асқан адам болуы
керек. дегенмен сүйектің Әйтеке бидікі екендігі жөніндегі дәлелдер
нақты дей аламын» деген қорытындысын толықтай қолдауға болады
(5). Әйтеке есімі мұрағатқа түспесе де оның Әз-Тәукенің арқа сүйер
бас билерінің бірі болғандығы, артына елі ұмытпайтын баталы сөз
қалдырып, өз кіндігінен тараған ұрпақтарына елі үшін адал қызмет жа-
сауды аманаттаған. Әйтеке би ұрпақтары туралы мұрағаттық деректер
осыны айғақтайды.
Ата шежіреде Әйтеке би - Сығай ханмен замандас Сейітқұлдың
шөбересі. Сейітқұлдан туған Ақша Ходжентке (Қоқанға), Жалаңтөс
баһадүр Самарқандқа хан болған екен. Әйтеке би танушы көрнекті
қаламгер Мұқадес Есламғалиұлы «Әйтеке - Ақшаның он баласының
үлкені»,- дейді.
Әйтекенің өзі Нұрата тауының Бұхара жеріне қарай созылып
жатқан Қыз-Бибі тауы етегінде дүниеге келген. Ел ішінде Әйтеке
биді Әз Тәукенің жиені оның анасының аты Қыргүсұлу болған деген
де әңгімелер бар (6). Әйтекеден Өтебас, Жалтыр, Қонысбай туған.
Шежірешілер бұл тізімге Тоғанды да (кейбіреулер Құрыс дейді)
қосып, Өтебасты бәйбішеден, ал қалғандарын әмеңгерлік жолмен
алған қайтыс болған ағасының әйелінен таратады (6, 15б).Өкінішке
орай, Тоған жөнінде мұрағат деректерінде ештеңе айтылмайды. Со-
нымен бірге Әйтеке бидің кенже қызы Шақшақ Жәнібекке тұрмысқа
шыққан екен. орыс мұрағаты деректерінде Әйтеке би ұрпақтарының
есімі алғаш рет 1748 жылы тамыздағы Әбілқайыр хан өлімінен кейін
атала бастайды. Хан өлімін анықтауға барған аудармашы Я.Гуляев
қазан айы басында «Төртқара руынан Әйтеке би балалары Жалтыр
мен Қонысбай» Батыр сұлтан ауылына келгендігін айтса, Кіші жүзде
сол сәтте болған казак атаманы Смайл молда Абдрезяков та аталған
ауылда төртқара руынан Қаратоқа, Қонысбай билердің, Жалтырдың,
Мырзагелді батырдың, дәулет бидің болғандығын орынборға жеткізеді
(2, С. 430, 433). Яғни, Әйтеке би балалары ата қоныстан қашық емес
Арал теңізінің оңтүстік-батыс бағытында көшіп қонып, Хиуа ханы
Қайыппен, оның сол маңда тұрақтаған әкесі Батыр сұлтанмен тығыз
араласқан. Өтебай, Жалтыр мен Қонысбайлар аға ретінде Қаратоқа
бидің айналасында болған. Қаратоқа би төртқара Сейітқұлдан тараған
*Мақала Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің
Хабаршы журналының «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы»
бойынша 2012 жылдың №1 санында және «Егемен Қазақстан» газетінің 2012
жылдың 18 сәуіріндегі санында қысқартылып жарияланған.
48
49
ұрпақтар атынан Я.Гуляевке «Батыр сұлтанның баласы Қайыптың
Хиуада хан болғанының өзі оған (сұлтанға) жарайды. Ал хан сай-
лау, сайламау біздің шаруамыз» деп ашық айтқан. Сонымен бірге
1748 жылы 23 қыркүйекте Әбілқайыр ханның күйеу баласы Жәнібек
сұлтан Барақ сұлтанның өзінің болашақ тағдырын төртқара Қаратоқа,
Қаракесек Қозанай, Мамет аталық, Бағаналы найман Өтебай билерге
тапсырғанын және билердің шешіміне көнетіндігін естіген (7). Мұның
барлығы Қаратоқа бидің төртқара руы ғана емес, барлық қазақ рула-
ры алдында үлкен сенімге ие болғандығын дәлелдейді. Бір кезеңде
Қаратоқа би беделі Жоңғар билеушісі Қалдан Церенге де жеткен бо-
латын. 1742 жылы қаңтар айы басында Амударияға жақын жерлерде
қыстаған Әбілқайыр ханға жоңғар елшілері Қашқа және Баранг нойон-
дар арнайы келіп, Қалдан Церен атынан қазақтардан аманат талап етіп,
Әбілқайырдан ұлы Айшуақ сұлтанды жанұясымен, төртқара Қаратоқа
би баласы Мырзагелдіні, шөмекей Жайылған бидің бауыры Айтбай ба-
тырды, шекті Мөңке би баласы Ерназарды, Баймұрат би баласы Өтейді,
Таз Байысқұл би баласы Түлкібайды, алаша Байсау немересі Қойсары
мырзаны, алтай Тойғыл би баласы Қабландыны, қарасақал Тілеуберді
баласы Ерназарды, қаракесек Қоңыр батыр баласы Көшімді сұрағаны,
оған қосымша әрбір 100 түтіннен бір қарсақтан төлеу, көшіп-қонуды
реттеу мәселелерін талап еткендігі тарихтан белгілі(8).
орыс шенеуніктері Батыр сұлтанның соңғы жылдардағы
тұрғылықты мекені Ұлы жүзбен шектесіп жатыр деп көрсетеді. Бұл
жерде қазақ рулары мен Қайып хан, Батыр сұлтан т.б. Әбілқайырдың
Ресеймен қарым-қатынасына сенімсіздік танытып, орыс патшасының
әрбір қадамына күдікпен қарағанын көреміз. ол 1748 жылы 15 қазанда
Батыр сұлтанның хан сайлануынан анық көрінді. Жәнібек тархан
шөмекей, шекті, қарасақал руларының билерін төртқара руы қазақтары
арасында жүрген Батыр сұлтанның жанынан кездестірген.
Сонымен Әйтеке би балалары Өтебас, Жалтыр, Қонысбай, немере
ағалары Қаратоқа т.б. 1748 жылы 2 қазанда Ырғыз өзенінің сол жақ
тармағындағы Қайыңды өзені жағалауында өткен Нұралы сұлтанды
хан сайлау рәсіміне бармайды. Мұның өзін олардың Ресей араласқан
хан сайлауына ашық қарсылығын білдірсе керек. Бірақ төртқара руы-
нан Құдайназар, дәулет, Апай, Болат, Тілеубет билер Нұралыға барып
қайтады (9). Көп ұзамай елдің оңтүстігінде Кіші жүздің екінші ханы
Батыр сұлтан ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. С.Абдрезяковтың
айтуынша 1748 жылы 15 қазанда Әлімұлдарының шекті, шөмекей,
қарасақал, төртқара руларының 20 белгілі би, батыры Батыр сұлтанды
өздерінің ханы ретінде мойындаған. Кейін Нұралы ханға келген
қазақтар «Батырдың хандыққа өзінің өтініші бойынша сайланғандығын
және одан ешқандай қауіп – қатер болмайтындығын» хабарлаған (9,
311-312 пп.). Бұл жайды зерттеген орыс зерттеушілері де оңтүстіктегі
хан сайлауын «Ресейге қарсылық» ретінде түсіндіреді (10). Қаратоқа
би 1748 жылдың аяғында Барақ сұлтанның мәселесін қараған билер
сотына қатысады. Сот құн төлете отырып, Барақты ақтап алады. Бұл
арада соттың Батыр иелігіндегі жерде өтуі және сот мүшелерінің Ба-
тыр, Барақ иелігінде көшіп қонуы да белгілі дәреже ықпал етсе керек.
Батырдың хан сайлануы, Барақ сұлтанның ақталуы сырт көзге
қазақ қоғамындағы шиеленістің басталуы болып көрінгенімен, оның
арты ішкі бірлікті бұзатындай талас-тартысқа ұласпады. 1749 жылғы
11-25 шілдеде орынбор қаласында өткен орыс-қазақ келіссөзіне
белгілі сұлтан, би-батырлар түгелге жуық жиналды. Кездесуде Нұралы
хан бастауымен Ерәлі, Қожахмет, Айшуақ сұлтандар, Есет, Жәнібек
тархандар, Серке батыр, төртқара Қаратоқа би т.б. көрінеді. Келіссөз
барысында Қаратоқа би екі қайта сөз алып орынбор губернаторы
И.Неплюевке Әбілқайыр ханның орнына Нұралының сайлануын және
оны Ресейдің мойындағанын құптап, екі жақты өзара пайда үшін сауда-
саттықтың еркін дамуына қолдау көрсететінін жеткізген. Кездесу ба-
рысында Батыр хан қарамағында шекті Төлеміс бай басқаратын 500,
шөмекей Бөбек би басқаратын 200, төртқара Қонысбай би басқаратын
300 түтін бар екендігі белгілі болды (2, С. 462, 463, 472).
Қаратоқа би 1749 жылы 3 тамызда Батыр ханмен бірге Әбілқайыр
ханның асына қатысқан. Капитан А.Яковлевтің айтуынша асқа Кіші,
орта жүзден 200-ге тарта белгілі тұлғалар қатысқан. Жәнібек, Есет тар-
хандармен бірге төртқара руынан Құдаш би, дәулет би, Құтылымбет
би, Сары молла, Момын би, кете руынан Алыбай жасауыл, Алтай,
Арал батырлар, алаша руынан Байсақ би, Тілеу би, Бабатай би, адай
руынан Мырзатай батырлар Барақ сұлтанды іздеп табу, Әбілқайыр
ханның қалмақ әйелінен туған қызын Жоңғар ханына қалыңдыққа
беру, тұтқындар алмасу мәселелерін арнайы талқылаған (11). Соны-
мен бірге А.Яковлев шекті руы қазақтарының Нұралыны «аға хан» деп
атауға келіскенін атап өтеді.
дегенмен бұл кездесулерге Әйтеке би балалары бармаған. олар
немере ағалары Қаратоқа би, Құдаш билерді жіберіп өздері оңтүстікте
қалған.
1750 жылы 18 қаңтарда Нұралы хан И.Неплюевке жолдаған ха-
тында төртқара руының Сейітқұл бөлімінің сауда-саттықта өзіндік
орындары бар екендігін ашық жазып, кей жағдайда оларға өз билігінің
жетпей қалатындығын да мойындайды (2, С. 490).
Бұл жылдары Өтебас, Жалтыр, Қонысбай бірге көшіп қонып,
Хиуа ханы Қайыппен, әкесі Батыр ханмен сенімді қарым-қатынас
орнатады. олар шекті билері Мойнақ, Бақтыбай, Айдарғали, ақ кете
50
51
Әжібай, Алтай билермен бірге Ресейде қамауда жатқан Бақтыбай, Ал-
тай балаларын босату жолында ізденеді. орынбор әкімшілігі белгілі
би, батырлардың туған-туыстарын сауда-саттық кезінде ұстап қалып,
өз талаптарын орындатуға әбден машықтанып алған-ды. Нұралы да
өз билігін күшейтіп, оңтүстіктегі Қайып, Батыр хандарға бағынатын
қазақтарды бағындыру үшін кейде арнайы орыс шенеуніктерін айдап
салып отырды. Әрине, мұндай жағдайдан Батыр да хабардар бола-
тын. Бірде Қайып хан Ерәлі сұлтан, Мұсылман би т.б. би-батырларға
«сендер Ресейдің сыйлықтарына алданғансыңдар, сондықтан олармен
жақсы болғыларың келеді» деп реніш білдірген (12). XVIII ғасырдың
екінші жартысында оңтүстіктегі төртқара руы қазақтары шамамен 3000
түтінге жеткен. Өтебас би, Жалтыр би, Қонысбай би және Қонысбайдың
балалары Қаракөбек би, Есекене мырза Қайып хан балалары Сейіт,
Шомқара, Ескендірмен бірге Сырдария бойындағы Бұрлыбас елді
мекенінде тұрақтаған (13). Әйтеке би балалары, немерелері бұл кезеңде
алдымен Батыр ханға, ол 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін Хиуа-
дан Сырдария бойындағы өз иелігіне оралған Қайып ханға бағынады.
Сонымен бірге олар Кіші жүздің оңтүстігіндегі кейбір қазақ руларын
басқарған Ерәлі сұлтанмен де сенімді қарым-қатынас орнатқан.
1776 жылы 25 маусымда Нұралы хан орынбор губернаторы
И.А.Рейнсдропқа хат жолдап, өзінің қыстан кейін ел аралап, табын және
тама руларындағы Көзкөрмес, Әулие, Арбағыш немесе Жанкөрмес,
Көктемір (есімдері өзге-өзге болғанымен бәрі бір адам) бастаған
қозғалысты анықтауға күш салғандығын хабарлайды. Ерәлі сұлтанның
ханға жазылған хатында төртқара руынан Өтебас, Қаракөбек билерді
жібергендігі айтылған. Хан «досалы сұлтан мен Жетіру қазақтарын
адастырып жүрген Көзкөрмес деп жүргеніміз әйел адам, оны өлтіріп,
үйін өртейін деп барсам, ол Ерәлі сұлтан иелігіндегі Қиыл өзені бой-
ына көшіп кетіпті» деп хабарлайды (14). Хаттан белгілі болғандай
Өтебас, Қаракөбек билер ханмен бірге ел ішіндегі орыс тұтқындарын
босатумен бірге, Көзкөрмес қозғалысын, сауда-саттық мәселелерін
талқыға салған. осыдан кейін Ерәлі сұлтан, төртқара билері өз мал-
дарын Бұхара, Хиуа, басқа да Азия елдеріне саудаға шығару туралы
келісімге келген.
1776 жылы қыркүйек айында Ерәлі сұлтанға хан атынан
Сырым батыр келген. Сырым сұлтан қол астындағы билермен
кездесіп, шекті руы қазақтары тоқтатқан орыс керуені мен оның
адамдарын іздестірген (15). Біздіңше, осы жолы Сырым Әйтеке
би ұрпақтарыменде кездескен. Сөйтіп Өтебас би өзінің немере
інісі Қаракөбекті Нұралы хан төңірегіндегі билермен танысты-
рып, ел ісіне араластыруға кірісті. Қаракөбектің осы жолғы Сы-
рым батырмен бірге маңызды мәселелерді шешуге талпынысы
өзара сенім мен достыққа ұласады. Араға уақыт сала Қаракөбек
Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғаларының
біріне айналды. ол немере ағасы Өтебаспен бірге Кіші жүздегі
би, батыр, старшындардың 1785 жылғы шілдедегі жиналысына
қатысқан. Жиналыс жайылым мәселесін шешу, Жайық бойындағы
казак-орыс әскерлерінің озбырлығын тоқтату сияқты күрделі күн
тәртібін талқылап, Нұралы ханның өз билігі мен халық сенімінен
айрылғандығын атап өтіп, оны орнынан босату туралы бір ортақ
пікірге тоқтады. Содан Кіші жүздегі 25 рудың 21-нің атақты би, ба-
тырлары қол қойып, хатты орыс патшасы ІІ Екатеринаға жолдайды
(16). Төртқара руынан Өтебас, Қаракөбек билер, Телбай баҺадүрлер
ел ішінде беделді шекті Сегізбай, кете Көккөз, шеркеш Тұрмамбет,
Жарқын, ысық Қаратау, адай Атағозы, беріш Қара, Саржала, масқар
дөкен, байбақты Сырым, жағалбайлы Тотай батырлармен бірігеді.
Қазақ рулары қалыптасқан жағдайда оңтүстіктегі Батыр ханның ұлы
Қайыпқа үміт артып, оның хан тағына отыру мүмкіндігін көтере
бастайды. Әрине оның сенімді үгітшілері негізінен шекті, төртқара
руларының беделді билері болатын. олар Қайыптың ата бабасының
қазақтың бас ханы болғандығын, оның тегінің парсы елімен, Хиуа,
Бұхаралармен байланысын ескеріп, Ресейдің саясатына айтарлықтай
байлаулы еместігін түсінді. Бұл уақытта Қайып ханның Қаракөбек
бидің иелігінде екендігі анықталды. оны Сырым батырға Ақсақал
Барбы мекенінен келген бауыры дос хабарлайды. дос 1785 жылы
2 қазанда Қаракөбек бидің Қайып ханды тұтастай отбасымен,
ағайындарымен бірге өз жанына көшіріп алып, қазақ билері мен ба-
тырларынан хабар күтіп отырғанын жеткізеді (17).
Сонымен Кіші жүзді ұзақ жылдар бойы басқарған, соңғы жыл-
дары елімен байланысын үзген Нұралы ханды ауыстыру мәселесі күн
тәртібіне қойылады. Сырым батыр да Қайып Батырұлына сеніммен
қарайды. Бұл саясат жүзеге асса Әбілқайыр өлімінен кейін екіге
бөлінген хандық қайта бірігетін еді. 1785 жылы орта жүзде болған ка-
питан И.Г.Андреев өз жазбасында «Алшын болысында айрықша хан
Қайып бар. ол Нұралы, Уәли хандардан еш кем емес. 12000 шаңырақты
басқарып, Сырдария өзені бойында көшіп қонады» деп жазады (18).
Ал 1786 жылы 9 наурызда Сырым бастаған Халық Кеңесіне куә болған
ахун М.Хұсайнов пен адьютант М.Черкасский Әбдіжәлел қожадан
Қайыптың бұрын Хиуаны басқарғандығын, 16 жылдан бұрын Кіші
жүзге оралғандығын, қазір Ұлы Борсықта мекендейтіндігін естиді
(19). Кеңеске қатысқан би, батырлар, барлығы 1000 жуық елдің игі
жақсылары Қайыпқа үміт артады.
52
53
осындай жағдайда 1786 жылы көктемде орынбор әкімшілігі
Нұралы ханды ел ішіндегі күрделі мәселелерді талқылау сылтауы-
мен Ресейге кездесуге шақырып, 3 маусымда хандық дәрежесінен
айырып, Уфа қаласына жер аударды. Патша шенеуніктерінің мұндай
шешімі қазақтың өзі шешетін мәселені қолға алып, Нұралыны елден
Ресейге көшіруі би-батырлардың заңды наразылығын туғызды. 1786
жылдың жазында Өтебас би, Қаракөбек би, шекті Сарытай Байжанов,
төртқара Қарабыз Тілеумурзин, Ақбота Үсенов, жағалбайлы Тотай
батыр т.б. 80-ге жуық белгілі тұлғалар орынбордан «Нұралы хан мен
Айшуақ сұлтанды елге қайтаруды» талап етті. осындай мәтіндегі хат
Сырым атынан да жолданды. Бірақ хатқа Сырым мөрі соғылмады.
Сондықтан орыс әкімшілігі Сырымның хаты дегенге күмәнмен
қарады (20). Өйткені, Сырым шамамен 1786 жылдың маусымын-
да Ерәлі сұлтан иелігіне күшпен әкетілді деген хабар жеткен-ді (20,
27-28 пп.) Мұрағаттық деректері Сырымды Есім сұлтанның төртқара
руының биі Қаракөбек ауылына ертіп келгендігін айғақтайды. Сы-
рымтанушы М.П.вяткин бұл жағдайды ескере отырып, Қаракөбек би
Ерәлі сұлтанды қолдап, еш негізсіз Сырымды аулында ұстап, батырға
дұшпандық көзқараста болды деп түйіндейді (21). Біздіңше, Қаракөбек
Сырымды өз ауылында қамауда ұстады деген пікір еш сын көтермейді.
Біріншіден, Қаракөбек атам заманнан бері Ерәліге емес, Батыр хан,
Қайып хандарға бағынды және олармен іргелес қоныстанды. Мұны
бидің 1785-1786 жылдары Қайыпты Кіші жүз ханының тағына
көтеруді қолдауы да дәлелдейді. Екіншіден, дәл осы сәтте би-батырлар
күтпеген жағдай, Ресейдің Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды кездесу-
ге шақырып, елге қайтармай Уфаға жер аударғаны, оған барша қазақ
куә болғаны белгілі. Ханды қайткенде де елге қайтару, оны тақтан ай-
ырса да, ішкі бірлікті сақтау мәселесі күн тәртібінде тұрды. ол үшін
би-батырлар, сұлтандар барлық мүмкіндікті пайдаланды. оның бір
жолы патшаға хат жазу болса, Өтебас та, Қаракөбек те, Қайып ханның
бауыры Қарабай сұлтан да сол тізімде болды. Яғни, Әбілқайыр, Батыр
ұрпақтары Нұралы ханды елге қайтаруда өзара бірікті. Ал оның екінші
жолы ретінде Өтебас би, Қаракөбек би т.б. Бұхарадан шыққан орыс
керуендерін тоқтатты. ол жөнінде орыс көпестері, М.дилянчев пен
И.Григорьев 1787 жылы тамызда орынборға хабарлайды. олардың
айтуынша, қазақтарды Ерәлі сұлтан мен оның күйеу баласы Артық
сұлтан басқарған (22). Үшіншіден, кейін мұндай жағдайды тексерген
о.А. Игельстром «төртқара ауылында жатқан Сырымды Қаракөбектің
немере бауыры арқылы босаттым. оған бостандық берген Ерәлі сұлтан
емес, Қаракөбек старшын» деп жазады (23). Бұл мәліметті орынбор
обер коменданты Я.М. Зенбулатовтың орыс әкімшілігіне жазған хаты
да толықтыра түседі. Хатта Ерәлі сұлтанның шекті Сарытай биге,
төртқара руының басшысы Өтебасқа Сырымды ешқайда жібермеуді
тапсырғаны, бірақ Қаракөбек пен Басықараның келісіп Сырымды бо-
сатып жібергені жазылған (24).
Мұның барлығы Сырым батырдың Әйтеке би ұрпақтарымен
сенімді қарым-қатынаста болғандығын дәлелдейді. Бұған қоса дәл
осы кезеңде, 1787 жылы жазда Қаракөбек бидің немере бауыры
орынбордағы сауда үйіне оңтүстіктен керуен бастап келеді. о.А. Игель-
стром онымен жеке кездесіп, Қаракөбекке хат жолдаған. Нәтижесінде
Сырым батыр оңтүстіктен Жайық бойына қайтып келеді (16, С. 114-
115).
Содан 1787 жылы 14 қыркүйекте Сырым, Сегізбай, Саржала,
Көккөз, Атағозы, Қаракөбек, Бөдене, Қаратау, Сопыра, дөнен барлығы
18 би қол қойып, о.А. Игельстромнан Нұралы хан мен Айшуақ
сұлтанды елге қайтаруды талап етеді. Нәтижесінде Айшуақ елге
оралды (20, 50-51 пп.).Хатқа назар аударсақ қол қоюшылар арасында
төртқара Басықара бидің де есімі кездеседі. ол - Қаракөбек бидің не-
мере бауыры, атасы Сейітқұлдың үшінші баласы Төлестен тарайтын
ұрпақ. 1787 жылғы қыркүйекке дейін Қаракөбектің есімі үнемі немере
ағасы Өтебас бимен бірге аталса, бұдан әрі оның жанынан Басықара
биді байқаймыз.
осы кезеңде патша шенеуніктері Кіші жүзде хандық басқаруды
жоюдың бастапқы шаралары ретінде Байұлы, Әлімұлы және Жетіру
бірлестіктерінде 3 расправа құрып, біртіндеп ел билігіндегі сұлтандарды
ығыстыра бастайды. о.А. Игельстром расправаның қызметі жандан-
бай тұрған кезде билікті бас старшындарға жүктейді. Әлімұлдарына
Сарытай, Қаракөбек, Мұратбек билер, Байұлдарына Сырым, Қаратау
билер, Жетіруға Тіленші, Жанболат батырлар басшылыққа ұсынылды.
Елді басқарудағы өзгерістерге қарамастан қазақ рулары патша ре-
формасын, яғни қазақтың дәстүрлі басқару жүйесін жойып, жаңа
орыстық басқару енгізуге ашық қарсылық танытты. Билер Қайыпты
хан сайлау жоспарларын жалғастыра берді. Мұны ескерген патша
үкіметі Сырым батырға, Қаракөбек биге тархандық атақ беріп, олар-
ды өз саясатын қолдаушылар қатарына қосуды көздейді. Алдымен,
1787 жылы 19 қарашасында Сырым батырға тархандық атақ берілсе,
1789 жылы наурыз айында Қаракөбек биге арнайы грамота жіберілді.
Тархандық грамота мәтінінде: «Қазақтың Кіші ордасының Әлімұлы
руының старшыны Қаракөбек бидің бізге адал қызметімен берілгендігі
үшін, оның балалары мен ұрпақтарына тархандық атақ берілді.
Қырғыз-қазақ сұлтандары мен би-батырлары және барлық қырғыз-
54
55
қазақ жауынгерлері мен қарапайым халқы Қаракөбек биге берілген
тархандық атақты танып, құрмет тұтып, сыйлауларын және барлық
хаттарда есіміне тархан шенін тіркеп жазуды бұйырамын. Қаракөбек
бидің және оның балалары мен ұрпақтарының біздің ықыласымызды
сезініп, бізге адал қызметімен берілгендіктерін дәлелдейтін қызметтерін
және қайырымды істерін мәңгі жалғастыра беретіндіктеріне сеніп,
Қаракөбек биге осы тархандық грамотаны тарту еттік» делінген (25).
Патша сыйлаған тархандық атаққа билер масаттанбай, керісінше оның
шекара бойындағы кейбір мүмкіндіктерін пайдаланып, қазақ-орыс
қатынасындағы күрделі мәселелерді шешуге ұмтылды. 1790 жылы 2
тамызда Қаракөбек тархан мен төртқара Жантөреұлы Шұбар би Ре-
сей Сыртқы істер коллегиясының мүшесі А.А. Безбородкоға «атаман
д.донсков басқаратын казак-орыстар әйелдерді өлтірді, кейбіреуле-
рінің ішін жарып, балаларын суырып алып, бастарын шапты» деп ашына
хат жолдады (26). 1790 жылы тамыз айында Уфа қаласында Кіші жүзді
1748-1786 жылдар аралығында билеген Нұралы хан қайтыс болды, ал
бұдан бір жыл бұрын билер үміт артқан Қайып Батырұлы да дүниеден
өтеді. Екі бірдей ел басқарған тұлғаның қатарлас дүниеден өтуі тағы
да ішкі арасалмақты өзгертті. орынбор әкімшілігі оны ұтымды пай-
даланып, хандық билікті әбден шайқалту мақсатында қартайған Ерәлі
сұлтанды 1791 жылы 4 қыркүйекте хан сайлап тынды. орынбор губер-
наторы А.А. Пеутлинг «хан сайлау кеңесіне Әлімұлдары, Байұлдары
мен Жетірудан екі-екіден старшындар қатысып, Ерәліні сайлады»
деп патша әкімшілігіне хабарлайды. Ата дәстүрді бұзып, қазақ би-
батырларының барлығын жинап келісімін алмаған мұндай қасақана
жасалған заңсыздыққа тағы да Сырым, Мұратбек, Қаракөбек, Басықара
т.б. би-батырлар қарсы көтерілді (26, 164-167 бб.). осы тұста Сырым
мен Қаракөбек Қайып хан ұрпағы Әбілғазы сұлтанмен бірлесіп, үлкен
кеңес өткізеді.
1792 жылы 25 шілде де қазақ билері А.А. Пеутлингке наразылық
хатын жолдап, өзара келісімнің бұзылғандығын хабарлайды. Құйтырқы
саясатқа қарсылық ретінде қыркүйек айында ордадан Сырым,
Қаракөбек, Басықара билер Нұралы хан баласы Есенғали сұлтанды
хан сайлайды (27). Аталған билерге шекті Сегізбай, төртқара Сары-
алтай қосылып, 1792 жылы 11 қыркүйекте А.А.Пеутлингке жазған
хатында «Ресейдің халық кеңесінсіз және билер келісімінсіз хан сай-
лап алғандығын» ашық айыптайды. Көп ұзамай билер Ресейге қарсы
соғыс жариялайды. Хабарды естіген бойда губернатор Сырымға,
Тіленшіге, Бөденеге, Қаракөбек пен Басықараға арнайы молдалар
арқылы хат жолдап, патша рақымын ұсынып, қоқан-лоқы көрсетуден
аса алмады (26, 169-170 б.). Бұл хатқа назар аудармаған билер губер-
натор А.А. Пеутлингтің саясатын Петербургке жаза бастайды. Сырым,
Қаракөбек, Боранбай билер Петербургтегі қазақтар депутаты Шерғазы
Қайыпұлы арқылы граф П.А. Зубовқа (1793 жылы көктемде), 1794
жылы 4 қаңтарда ІІ Екатерина патшаға хат жеткізеді. осыдан кейін
Шерғазы сұлтан шиеленіс себептерін анықтау үшін ордаға жіберіледі
(28). П.А.Зубовтың хабарына сенсек Шерғазы сұлтан 1793 жылы
шілдеде орынборға жіберілген. Сұлтан қолында ешқандай билік бол-
маса да, қазақ-орыс қатынасын реттеу үшін А.А. Пеутлингтің небір
кедергілеріне қарамастан Сырым бастаған би-батыр, сұлтандармен кез-
десуге келеді. Кездесу 1793 жылы қазан айында Елек қорғаны маңында
өтіпті. Бұл жолы Сырым батыр жанынан Басықара биді кездестіреміз
(21,С. 322-323). Араға уақыт сала, 1794 жылдың наурызында Шерғазы
сұлтан П.А. Зубовқа кездесу қорытындысын және Сырым батыр,
Қаракөбек би мен өзге де тұлғалардың өзін ордаға жібергені үшін
алғысын жеткізеді. (26, 175-176 б.).
1794 жылы 10 маусымда Ерәлі хан қайтыс болғаннан кейін
1795 жылы 17 қыркүйекте Есім сұлтан хан сайланған кезеңдегі та-
рихи оқиғаларда Әйтеке би ұрпақтарынан осы кезде елге беделді
Қаракөбектен басқа оның інісі Басықара, Боранбай, Өтебас би баласы
Жанас есімдері аталады. Жаңа жағдайда Есім Әйтеке би ұрпақтарының
сеніміне ие болуды көздейді. Сол үшін сұлтан 1794 жылы 10 қыркүйекте
Шақғазыұлы Абылай сұлтанды Әбілғазы мен Қаракөбекке жіберіп,
«Ресеймен татуластырам» деген уәде береді (29). Ал Жанас Өтебасұлы
1794 жылы 18 маусымда орынбор экспедициясына Мұратбек Айба-
сов, Қараша Қалыбеков, Базарбай Құдайбергеновтермен бірге Есімді
хан сайлау қажет деп хат жолдайды (30).
Мұндай жағдайда Сырым мен Қаракөбек билер бауырлары байбақты
Қойсары мен төртқара Боранбайды қайта-қайта Есімге жіберіп, оны
ел ортасында өтетін жалпы қазақтық кеңеске шақырған. Бұл жайды
Есімнің өзі 1794 жылы 17 қазанда А.А. Пеутлингке хабарлаған (31).
Есім хан сайланғаннан кейін Ресей бағытын ұстанып, ел ортасындағы
кеңестерге бармай қояды. Өзара келісім үшін жасалған қадамдар сәтсіз
аяқталып, оның соңы 1797 жылы 27 наурызда Есім ханның өлтірілуіне
әкеп соғады. орыс үкіметі мен Нұралы хан ұрпақтары Сырымның ар-
тына түседі. Соған қарамастан 1797 жылы 29 тамызда Сырым батыр
жанына Қаракөбек, Басықара, Манас Өтебасұлы, Жанназар, Көккөз,
Наурызәлі бастаған әлімұлдарын, Бекмамбет, Құлмамбет, Бөдене, Са-
сай, Марқаш бастаған байұлдарын, Жетірудің би-батырларын ертіп,
1000-ға жуық адамымен Хан кеңесіне келеді. Кеңес соңында қазақ-орыс
қарым-қатынасындағы талас мәселелерді шешу үшін әлімұлдарының
басшылығы Қаракөбекке, байұлдарының билігі Сырымға жүктеледі
56
57
(32). Бұған қоса Қаракөбек бидің немере інісі Боранбай би Кіші Қобда
бойында Айшуақ сұлтанның басқаруымен өз жұмысын бастаған (1797
жылы 8 тамыз) Хан кеңесіне сайланды. Яғни, би-батырлар Әбілқайыр
хан ұлдарынан қалған ақсақал Айшуақ сұлтан арқылы белгілі дәрежеде
ішкі келісімді қалыптастыруға мүдделігін танытты.
1798 жылы күзде Сырым, Қаракөбек, Жанназар, Сарышоңай,
Көккөз т.б. билер бірлесе отырып, шекарадағы әскерилердің озбырлығын
Ресей коммерция министрі И.П. Румянцевке жеткізеді (33). Сонымен
Әйтеке би ұрпақтары XVIII ғасырда ел алдына жарқырай шығып,
қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімен көрінді. Ресей саясаткер-
лері оларды қазақтың қамқоры ретінде таныды. Өтебас, Қаракөбек,
Боранбай билердің, олардың бауыры Басықараның ел ішіндегі беделін
үнемі есепке алып, назардан тыс қалдырмады. Әсіресе, Әйтеке бидің
немересі Қаракөбектің ордада аса беделді екендігіне, тіпті Айшуақ
ханға қарағанда халық алдында Қаракөбектің сөзі өтімділігіне куә бол-
ды. XVIII ғасырдың соңғы 50 жылын саралаған орынбордың әскери
губернаторы Н.Н. Бахметев орыс патшасы І Александрға « ордада
шекті, төртқара, шөмекей рулары өз еркіндігімен, әрі көптігімен көзге
түседі. олардың басшылары Қаракөбек, Жанназар билер Сырдария,
Қуаңдария бойларында, Ембі, Елек өзендерінің жоғары жақтарында
көшіп - қонады. оларды 10 мың әскери күшпен бағындыру қажет» деп
хабарлайды.
Кейін Қаракөбек бидің ХІХ ғасырдың басында Әбілғазы хан,
Шерғазы сұлтан, шекті Жанназар, Жанұзақ, өз бауырлары Есеке-
не, Басықара, Жанас, Манас, Боранбай, олардан басқа төртқараның
Құламан бөлімінен Қара Алтай, Сары Алтай, Ақтүн бөлімінен Ақбұт,
Алтай билермен бірге көшіп- қонатыны анықталды. Бұған қоса 1805
жылы 25 маусымдағы мүфти М.Хұсайыновтың жазбасы арқылы
төртқара руының үлкен 4 бөлімге, ал олардың 41 бөлімшелерге
бөлінетіндігін, солардың ішінде Қаракөбек тархан мен оның інісі Есе-
кене (қайтыс болған) билердің барлық жанұялары, балалары, немере,
шөберелерін қосқанда 100 түтіннен асатындығы белгілі болды (16,
С.195, 222, 227). ХІХ ғасыр басында Қаракөбек би Қайып хан әулетімен
құдандаласып, Шерғазы сұлтанды өзіне күйеу бала етеді (34). Әйтеке би
ұрпақтары туралы құнды деректерді 1803 жылы 23 шілдеде орынбор-
дан Бұхараға шығып, кейін 30 қыркүйекте қайта оралған поручик Я.П.
Гавердовский қалдырды. ол сапар барысында Қаракөбек, Басықара,
Боранбай билермен кездескен. 1803 жылы 12 тамызда Басықара ауы-
лына келіп, қонақ болған поручик «Бізді киіз үйден қашықтау жерден
бидің балалары күтіп алып, аттарымызды жетектеп үй алдында күтіп
тұрған Басықараға әкелді. Би көңілденіп, әрқайсымызды аттан түсіріп,
қонақжайлық танытты. Киіз үйге қымбат кілем төселген. Бәріміз
отырған соң, би өзі қымыз құйып, балалары арқылы бізге берді»,- деп
жазған. орыс елшісі Қаракөбек ауылына 14 тамызда келген. осын-
да Я.П. Гавердовский төртқара руының шығу тегі туралы естіп, оны
жазбаға түсірген. Би ауылында орыс керуенінің Бұхараға жетуі туралы
кеңес болып, оны Қаракөбек бидің өзі жүргізген. Поручик төртқара
руының Қаракөбек биге бағынатындығына көзі жеткізіп, әрі оның
жанұясында 100-ге дейін адам бар екендігін анықтайды. Бұған қоса
«Қаракөбек - бізге кездескен қазақтар ішінен ең дәулеттісі. оның 2000-
дай жылқысы, 10000-дай қойы басқа да малдары бар. оның киіз үйі
керуен тауарларына толы» деп сипаттайды (35).
Мұның барлығы Әйтеке бидің ұрпақтары мен бауырларының
қалың қазақтан оза шығып, еліне қызмет жасағандығын дәлелдейді.
Би, батыр, мырза атанған олар халқымен бірге көшіп-қонды, қиын
қыстау жаугершілік заманда ауыртпалықты елімен бірге көріп, одан
шығар жолды бірге іздеді. Ел азаттығы үшін Сырым көтерілген
тұста оның жанынан табылып, қазақ-орыс қатынасының шиеленіскен
жылдары қауіп қатерге қарамастан ел игілігі үшін орынбор-Бұхара
керуен жолдарын өз мойындарына алып, оңтүстіктегі Хиуа, Бұхара
хандықтарымен, ал ел ішіндегі түрлі мәселелерді Әбілқайыр, Батыр
хандар ұрпақтарымен бірлесе шешіп отырған.
Бір сөзбен айтар болсақ, бабасы мұраттаған «Елдің бағын ашпаса,
ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме?!
Ел тірегі – ері, ер тірегі – елі бола білген қауымның бағы кетер ме?»
деген асыл сөз Әйтеке би ұрпақтарының ант-аманатындай болды.
Достарыңызбен бөлісу: |