М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСов АТЫНдАҒЫ 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИвЕРСИТЕТІ 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының 
ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих
Ә.Қ. МұҚТар
ТАРИХ АЙДЫНЫНДАҒЫ 
ТҰЛҒАЛАР
орал, 2012

2
3
УдК 929
ББК 63.3 (5Каз)
М 90
Баспаға  Махамбет  Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 
мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған (Хаттама №2,  
29.10.2012жыл)
            Мұқтар Ә.Қ.
М 90  Тарих айдынындағы тұлғалар: Ғылыми мақалалар жинағы. 
–  орал:  Махамбет  Өтемісов  атындағы  БҚМУ  Редакциялық  баспа 
орталығы, 2012 ж. - 224 бет.
  
Жинақ  2008  жылы  «Арыс»  баспасынан  жарық  көрген  «Та-
рих  тұңғиығындағы  тұлғалар»  атты  еңбектің  жалғасы.  Ерекшелігі 
бұрын  жарияланбаған,  оқырман  үшін  ерекше  қызықты  тариғи 
тұлғалардың  өмірі  мен  қызметін  саралауға  арналған.  Мақалалар 
негізінен  мұрағат  деректеріне  арқа  сүйей  жазылған.  Соның  ішінде 
Әбілқайыр,Әбілмәмбет,  Абылай,  Бөкей  хандар,  Әйтеке,  Сарышоңай 
билер  мен  Жарас,  Алыбай,  Мыңбай,Сыпыра,  Исатай-Махамбет  ба-
тырлар, Бекет әулие туралы материалдаымен құнды. Жинаққа тарих 
ғылымында  тұлғатануға  үлесін  қосқан  белгілі  тарихшылар  туралы 
жазылған  автордың  еңбектері  мен  тұлғатану  мәселелері  бойынша 
жарияланған ой-пікірлері  біріктірілген.
                                                             
                                                                            
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ред. баспа орталығы, 2012. 
Тұлғалар тарихына арналған құнды еңбек 
Халқымыздың сан жылғы тарихында тар жол, тайғақ кешулер-
ден елін аман-сау алып шығуға, тағдырдың тізінен, тозақтың көзінен 
сақтап  қалуға  ұмтылған  дара  тарихи  тұлғалар  болғаны  белгілі. 
Сондықтан  да  аты  аңызға  айналған  сол  тарихи  тұлғаларға  ұлттық 
мүдде  тұрғысынан  баға  беру  жолында  көптеген  ғылыми-зертеу 
жұмыстары  жүргізіліп,  тарихымыздың  ақтаңдақ  беттері  ашыла 
түсуде. Сондай еңбектің бірі аталмыш еңбек екендігі сөзсіз.
Еңбекте ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихындағы 
тарихи  тұлғалардың  қоғамдық-саяси  қызметтері  және  олар  өмір 
сүрген  заманның  ерекшеліктері  туралы  мәселелер  мұрағаттық  де-
ректер мен мәліметтер негізінде баяндалады. 
Ел  тарихын  әйгілі  тұлғалар  арқылы  зерделеу-халқымыздың 
дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Халқымыздың 
дәстүрлі шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір 
дерегі арқылы танысып отырады. Қоғамның саяси-қоғамдық, мәдени-
рухани  ахуалы  негізінен  жеке  тұлғалар  болмысы  арқылы  көрініс 
табатыны  сөзсіз.  Ұлан  байтақ  дала  төсінде  әр  кезеңде  туындаған 
тарих  туралы  еңбектердің  баршасы  үнемі  жеке  тұлғалардың  өмір 
дерегін  негізге  алу  арқылы  жазылған.  Қазақ  қоғамындағы  тарихи 
тұлғалар  Ресей  империясының  отарлау  саясаты  мен  езгісіне  ашық 
күрескен, қазақ хандығын, яғни мемлекеттілігін сақтауға талпынған 
қайраткерлер  туралы  деректер  мұрағат  құжаттары  негізінде  талда-
нып, Қазақстанның аймақтарындағы соңғы үш ғасыр бойы толассыз 
өрбіген ұлт-азаттық қозғалыстардың сабақтастығы тың мұрағаттық 
деректермен толықтырылып, жаңа қырынан сөз болады.  
Бүгінгі таңда дүниежүзілік тарихнамада жиі көтеріліп жүрген 
қоғамдағы жеке адамның рөлі, оның қалың көпшілікке, қоғам даму-
ына әсері пайымдалып, тарихта өз іздерін қалдырған қайраткер хан, 
сұлтан, батыр, билердің қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың ой санасы-
на сіңіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау десек, кітапта қамтылған 
тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері айтылған пікірімізге 
толық сай келеді.
Автор  тарихи  тұлғалар  тарихын  зерттеуде  өзіндік  тари-
хи  методологиялық  ұстанымдар  арқылы  аша  білгені  еңбектің 
құндылықтарының бірі деуге болады.

4
5
Белгілі  ғалым  Әбілсейіт  Қапизұлының  «Тарих  айдынындағы 
тұлғалар»  еңбегі  жоғары  оқу  орындарының  магистранттары  мен 
студенттеріне,  жоғары  сынып  оқушыларына  және  ел,  жер  тарихын 
білуге  құштар  жұртшылыққа,  қалың  оқырман  қауымға  арналған 
құнды кітап дегіміз келеді.
 Аққали Ахмет  
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор         
                                           
 і  ТАРАУ
Тұлғалар Тарихын зерТТеУ  
МӘселелері
• Төл тарих оған жаңаша көзқарас қажет
• Тұлғалар тарихын зерттеу және оларды оқулықтарға 
   енгізу мәселелері 
• Қазақ батырлары тарихының зерттелуі және 
   К.Л. Есмағамбетов 
• Еліңнің егемендігі – зор бақыт
• Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек
• Ақиқат жолын бұзбаған дұрыс
• С историей следует быть осторожнее
                  
     
Тарихшылар  халық  басынан  кешкен  түрлі  уақиғалардың 
мағлұматын  сымға  тартқандай  сынға  салып,  мінсіз  етіп,  дұрыстап 
өткізеді.  Шежіре  жазушылар  естіген-білгенін  сол  қалпында,  шикі 
түрінде тізеді. Тарихшылар құр істегенімен қанағаттанбай, рас өтірігін 
тексеріп, расын ғана алады.
Ахмет Байтұрсынұлы 
                    

6
7
Төл тарих оған жаңаша көзқарас қажет*
Қазақ тарих ғылымы да, өзге ғылымдардай, үстіміздегі ғасырда 
тың  бағытта  зерттеулер  жүргізу  арқылы  жаңа  серпіліске  ие  болды. 
оның басты себебі еліміздің тәуелсіз ел болып, өз бағыт-бағдарымызды 
анықтап, халқымыздың ертеңі үшін жаңаша ізденістерге жол ашылып 
және қоғамда орын алған терең демократиялық бетбұрыстарда. Әрине, 
қазақ  тарихы  ХХІ  ғасырға  дейінгі  зерттелгені,  оған  мыңдаған  аға-
буын тарихшылардың, өлкетанушылардың, шежірешілердің өзіндік өз 
үлестерін қосқанын естен шығармаймыз. Керісінше, олардың алдын-
да бізге дейін қазақты тануға салған сара жолдары үшін, жинақтаған 
деректері  үшін,  түйген  ой-пікірлері  үшін  қарыздармыз.  Бүгінде 
өткенімізді тануда олардың қажырлы зерттеулеріне соқпай кету мүмкін 
емес. Мәселен, ХҮІ ғасырдағы Мырза Хайдардың «Тарихи-Рашиди», 
ХҮІІ ғасырдағы Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағы», 
ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлихановтың, М.Бабажановтың, А.Құнанбаевтың, 
Ы.Алтынсариннің,  М.Бекмұхамедовтің  т.б.  қалдырған  мұраларының 
маңыздылығы күн санап артып келеді. олардың қатарына фольклорлық 
мұраларымыз  –  Асан  Қайғы,  Қазтуған,  Жиембет,  Бұқар  жырау,  Сы-
рым,  Махамбет,  Мұраттардан  жеткен  дана  сөздерді  қазіргі  таңда  за-
мана ерекшелігіне байланысты толығымен ғылыми айналысқа қосып 
жатырмыз.  ХХ  ғасыр  басында  қазақ  тарихын  тануға,  ол  арқылы 
ұлтымыздың  бірлігін  арттыруға  ұмтылған  зиялылар  қауымы  та-
рих  сахнасына  шығып,  жүріп  өткен  жолымызды  жаңа  қырынан 
зерттей  бастады.  Алдыңғы  лекте  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 
М.Тынышпаев,  Х.досмұхамедов,  Қ.Кемеңгерұлы,  С.Асфендияров, 
Б.Қаратаевтар тұрды. олардың өздеріне дейінгі қазақ зерттеушілерінен 
айырмашылығы - тарихымызға бойлай еніп, жарық көрген зерттеулерді, 
соның ішінде белгілі орыс зерттеушілерінің еңбектеріне сыни қарап, 
оның материалдарын пайдаланып, жаңаша пайымдай бастаулары біз 
үшін маңызды еді. М.Тынышпаев пен С.Асфендияровтың «Қазақстан 
тарихы» еңбегі де белгілі дәрежедегі қателіктеріне қарамастан, бүгінгі 
Қазақстан тарихы академиялық еңбектеріне негіз болғандығы жасы-
рын емес. Кеңестік жүйе заманында қазақ тарихы біртұтас КСРо та-
рихы  оқулығының  құрамына  енгізілгенімен,  оның  шағын  бетін  ғана 
құрады. Жалпы алғанда, ол біртұтас орыс халқы тарихының құрамдас 
бөлігіне айналып кетті. Бұл тарихта алдыңғы рөл «алып империяны 
біріктіруші», «құраушы», «бастаушы» деген айдармен орыс халқына 
берілді.  Ал  өзге  ұлттар  тарихы  солардың  көзімен  қаралып,  орталық 
цензурадан өтіп, КСРо тарихына енгізілді. Міне, сондықтан да Қадыр 
Мырзалиев дәл айтқандай
Біздің тарих - бұл да бір қалың тарих,
оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы, - деген жолдар сол кезеңдегі қазақ 
тарихының жағдайын анықтайды. Әрине, кеңестік заманда Қазақстан 
тарихына  қатысты  қадау-қадау  мәселелер  көтерілді,  көрнекті  ірі 
ғалымдар легі қалыптасты, олардың мектебінен мыңдаған жаңа тарих-
шылар  буыны  өсіп  жатты.  Е.Бекмаханов,  Б.Сүлейменовтердің 
көзқарастары  орталық  мүддеге  сәйкес  келмеген  тұста  олардың 
ұстанымдарына  қысым  жасалып,  түрмеге  айдалғандығы  көпшілікке 
әсер  етпей  қоймады.  Көне  замандағы  қазақ  тарихы,  орта  ғасырдағы 
Қазақстан, қазақ-орыс қарым-қатынастары, ұлт-азаттық қозғалыстар, 
қазақ халқының тұлғалары тарихы, сөйтіп, амалсыздан орталық цензу-
ра  талабына  сай  зерттелуге  мәжбүр  болды.  оның  артында  қазақ 
халқының  Ресейге  «өз  еркімен  қосылғандығын»,  онсыз  қазақтың 
болашағының  болмағандығын  асыра  насихаттау  тұрды.  осындай 
қысымға  қарамастан,  аға-буын  тарихшылар  А.Нүсіпбеков,  Р.Сүлей-
менов, М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, М.Х.Асылбековтер болашақ қазақ 
тарихшыларын дайындауда, күрделі мәселелерді игеруде бағыт-бағдар 
сілтей білді. олардың алдында өзімізге белгілі Ш.Уәлиханов атындағы 
Тарих және этнология институтының мол үлесінің болғандығын атап 
өтуге тиіспіз. Міне, сондықтан да КСРо ыдырап, тәуелсіз Қазақстан 
Республикасы  жарияланған  тұста  қазақ  тарихшылары  түрлі 
қиыншылықтарға  қарамастан,  өз  міндеттерін  мүмкіндігінше  атқара 
берді.  Ұрпақтар  арасындағы  сабақтастық  тарихшылар  арасында  да 
жалғасты. Белгілі тарихшы К.Нұрпейіс: «Алайда кеңес дәуіріндегі та-
рихымыз қарама-қайшылыққа толы күрделі тарих болды. Өйткені со-
циализм  идеяларына  байланысты  халықтың  жақсылыққа  ұмтылған 
армандары  Кеңес  одағында  керісінше  қарама-қарсы  мазмұнда  іске 
асырылды.  Елде  орнаған  тоталитарлық  мемлекет  қоғамның  даму 
заңдылықтарына қайшы келетін және оның өмірінің барлық саласын 
қамтитын іс жүзінде халыққа қарсы бағытталған эксперименттер жа-
сады. осының салдарынан 1917 жылдан кейін Кеңес империясының 
құрамында болған қазақ халқы, республикамыздың барлық еңбекшілері 
қилы-қилы  кезеңді  бастан  кешті.  Жалпы  өркениеттік  адамзаттық 
өлшеммен бағаласақ, аталмыш кезеңде қазақ халқының қуанышынан 
гөрі тартқан қасіреті көп болды» [Егемен Қазақстан, 28 қазан 2005ж.],- 
деп орынды бағалады. Расында да, кеңестік заманда аз ұлттар тарихы, 
*Мақала «Егемен Қазақстан» газетінің  2007 жылдың 31 қазанындағы 
санында қысқартылып жарияланған.

8
9
соның  ішінде  қазақ  тарихы  аз  бұрмаланған  жоқ.  Жалпы  отарланған 
ұлттар  тарихын  әдейі  бұрмалай  жазу,  өздерінің  ұлы  державалық 
ұстанымдарымен өлшенген тарихты олардың санасына сіңіру барлық 
империялық пиғылдағы елдерге тән. осындай жағдайда ғана империя 
құрамындағы ұлттар өз тәуелсіздігін, ертеңге деген сенімін жоғалтып, 
олардың тілі мен мәдениетін, рухани байлықтарын меңгеріп, түпкі сая-
саты мен пиғылын сезінбей, елдік қадір-қасиетінен, рухынан айырыла-
ды. осы бағытта да алыс шет елдер ғалымдарының Қазақстан туралы 
еңбектерін де пайдалануда сыни көзқарас қажет. Қандай мемлекет бол-
са  да,  қандай  ұлт  болса  да,  алдымен,  өз  мүддесін  ойластырады. 
Сондықтан сырттан жазылған тарихты шындық деп қабылдай беруге 
болмайды. Мәселен, соңғы жылдары біздің тарихшылар жиі сілтеме 
жасауға  әуес  Тойнбидің  «көшпелілер  қоғамында  болашақ  жоқ», 
«көшпелілер қоғамына мемлекеттік құрылым жат» деген ұстанымдарын 
ұлан-байтақ  территорияда  көшіп-қонып  қана  қоймай,  соны  игеріп, 
бүгінгі  ұрпағына  мәңгілікке  қалдырған  ата-баба  қазағымыз,  одан 
тараған қазіргі ұрпақтардың оны қабылдай қоймайтыны айдан анық. 
Міне,  сондықтан  да  сырттан  жазылған  тарихтар  арқылы  тәуелсіз  ел 
болғанға  дейінгі  шынайы  тарихымызды  жасаған  ұлттық 
қайраткерлерімізден  гөрі  өзге  халықтың  батырлары  мен  олардың 
жаугершілік соғыстағы жетістіктеріне ерекше мән беруге, ол арқылы 
ұрпағымызды «өзінше тәрбиелеуге» әуес болдық. Кез –келген оқу ор-
нында  үлгі  боларлық  тұлғалар  қатарында  қазақтар  бірен-саран  ғана 
ұшырасатын. Міне, мұның барлығына алғашқы тойтарыс тәуелсіздікпен 
келді.  Бірақ  тәуелсіздікке  қолымыз  жетті  деп  жар  салғанымызбен, 
кешегі  кеңестік  мектепте  алған  тәрбиеміз,  қоғамда  қалыптасқан 
идеологиялық  ұстанымдар    тарихымызға  бірден  жаңа  көзқарасты 
қалыптастыра қоймады. Өткен ғасырдың 90-жылдардың бас кезеңінде 
М.Қозыбаев,  К.Нұрпейіс,  М.Х.Асылбеков,  К.Л.Есмағамбетов, 
З.А.Алдамжар,  Ж.Қ.Қасымбаев  т.б.  белгілі  тарихшылар  мектебінен 
бүгінгі белгілі тарихшылар – М.Х.Әбжанов, М.Қойгелдиев, Т.омарбе-
ковтер өздерінің жаңа ойларымен көпшілікке танылды. олар көтерген 
ұлт  зиялыларының  тағдыры,  кеңестік  билік  кезеңіндегі  Қазақстан, 
түрлі репрессиялар тарихы өз оқырмандарына жетті. Сонымен қатар 
90  -жылдар  басынан  бастап  «арнайы  қоймаларда»  бұрын  сақталып 
келген ұлт зиялылары- С.Асфендияров, М.Тынышпаев, Ә.Бөкейханов, 
Х.досмұхамедов,  М.Шоқай,  Т.Шонанұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  А.Бай-
тұрсынұлы т.б. шығармалары қолымызға тиді. Міне, енді тарихшылар 
да,  тарих  сүйер  қауым  да  өткен  өмірімізге  жаңа  қырынан  қарауға 
мүмкіндік алды. дәл осы тұста бұрын ғылыми айналысқа енбеген ата-
шежіремізді  тануға  ерекше  ден  қойылды.  Сөйтіп,  Әбілғазы 
Қосымұлының «Түрік шежіресі», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, 
қырғыз,  қазақ  һәм  хандар  шежіресі»,  Шоқанның,  Мәшһүр  Жүсіп 
Көпеевтің,  Мұхамеджан  Тынышпаевтың  шежірелік  жинақтары 
халқымен  қауышты.  Ал  елбасымыздың  1998  жылды  «Халық  бірлігі 
және ұлттық тарих жылы» деп жариялауы, арнайы «Қазақстан Респу-
бликасында  тарихи  сананы  қалыптастырудың  тұжырымдамасы» 
тарихшыларға  жаңа  бағыт-бағдар  сілтеді.  Тұжырымдаманың  басты 
қағидалары тарихшы Х.Әбжанов пікірінше, қысқаша айтқанда, бұдан 
былай  Қазақстан  тарихы,  біріншіден,  әлемдік  тарихтың  құрамдас 
бөлігі, екіншіден, шығыс әлемінің құрамдас бөлігі, үшіншіден, Ислам 
әлемінің құрамдас бөлігі, ал одан кейін Ресей империясы мен Кеңестер 
одағындағы  кезеңдер  ретінде  анықталды.  Тұжырымдама  мен  тарих 
жылының мақсат-міндетін зор түсіністікпен қабылдаған тарихшылар 
өткен  өміріміздің  күрделі  кезеңдерін  жаңа  ұстанымдар  тұрғысынан 
саралауға  белсене  кірісті.  Жаңа  ХХІ  ғасыр  қазақ  тарихын  танудағы 
түбегейлі  бетбұрыс  кезеңін  құрайды.  ол  мынадан  байқалады: 
біріншіден,  тарихшыларымыз  белгілі  бір  тақырып  аясында  ешкімге 
жалтақтамай-ақ қолда бар деректер негізінде жаңаша пайымдаулар жа-
сай  бастады.  Мәселен,  өзіміз  пайдаланып  келген  Қазақстандағы, 
Ресейдегі мұрағат құжаттарында жатқан бұрын ғылыми айналысқа ен-
беген, енсе де ондағы кейбір пікірлер алынып тасталынған тұстардың 
барлығы тарихқа жаңа пікірлер әкелді. Көп жағдайда олар қазақ-орыс 
қатынастарын  саралауға  және  қазақ  мемлекеттігінің  қалыптасуына 
қатысты болды. екіншіден, қазақстандық тарихшылар қазақ тарихы-
на назар аударған алыс шетелдік тарихшылардың еңбектерімен, өзіндік 
пікірлерімен таныса бастады. олар жаппай барлық еңбектерде көрініс 
тапты.  Мұның  өзі  сол  кезге  дейінгі  қалыптасқан  тек  қана  орыс 
зерттеушілері еңбектерін пайдалануды біртіндеп ығыстыра бастап, ба-
лама  пікірлерге  бастама  жол  салынды.  Үшіншіден,  мемлекетіміз 
қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстанға қытай, парсы, 
араб, америка, европа елдерінен көптеген құнды деректерді әкеліп қана 
қоймай, оны қазақшаға аудару қолға алынды. Бұл жолда Ш.Уәлиханов 
атындағы Тарих және этнология, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану 
институттары  сүбелі  үлестерін  қосты.  Қолымызға  қазақ  тарихына 
тікелей қатысы бар қытай жылнамаларының тиюі ерекше маңызды еді. 
Бұларға қоса, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалым-
дары мен жоғары оқу орындарындағы археолог-ғалымдарымыздың да 
ізденістерін  айтпай  кетуге  болмайды.  Мәселен,  Х.досмұхамедов 
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің археологы М.Қасеновтің 
Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы кезінде Асан Қайғы бабамыз 
мекен  еткен  Қорғанша  қалашығын  қазып,  одан  сарматтық  дәуір 

10
11
ескерткіштерінің  табылуын  сенсациялық  жаңалықтар  қатарына 
жатқызуға болады. Мұндай жаңалықтар соңғы кезеңде ерекше көп-ақ. 
оның барлығы, сөз жоқ, тарихымызды, соның ішінде көне тарихымыз-
ды байыта, әрі ата-бабамызды бізбен жақындата түсті. Төртіншіден, 
жаңа ғасырда тарихшыларымыз қолда бар материалдар мен деректерді 
пайдалана отырып, оған сыни тұрғыдан мән беріп, оны өзге мемлекет-
тер тарихымен байланыстыра зерттеуге кірісті. оған сақтар, ғұндар, 
түркітану  бағытындағы  зерттеулер,  орта  ғасырдағы  монғол 
шапқыншылығы  кезеңіндегі  тарихи  байланыстар,  кейінгі  Ақ  орда, 
Сарайшық тарихтары куә бола алады. осы тұста егемендік алуымыз-
дан  кейін  басталған  қазақ-қытай,  қазақ-ноғай,  қазақ-башқұрт,  қазақ-
қалмақ,  қазақ-түркімен  т.б.  халықтармен  қарым-қатынастарына 
айрықша мән берілгендігін атап өтуге болады. 
Міне, осындай тарихымыздың жаңа беттеріне қатысты жүріп өткен 
жолымызды зерделеуде, меніңше, төмендегідей мәселелерге айрықша 
назар аударып, зерттеулердің басты ұстанымы ретінде пайдаланылғаны 
жөн. Біріншіден, қазақ халқы - әу бастан-ақ ондаған тайпа-рулардан 
құралғанымен, тілі, діні, ділі, рухани тұрмыстық байлықтары жағынан 
біртұтас халық. Неше бір қиын-қыстау кезеңдерде де, атап айтқанда, 
біздің  заманымыздың  басындағы  аумалы-төкпелі  сапырылыстар-
да,  монғол  шапқыншылығы,  екпінді  орыс  отарлауы,  қалмақ-жоңғар 
қысымшылығы  немесе  оңтүстіктегі  өзге  хандықтардың  отарлауы-
на  түскен  кезеңінде  де  Еділ  мен  Алтай  аралығын  мекендеген  ұлт 
пен ұлыстар ешқашан қазақтығын жоғалтқан жоқ. екіншіден, қазақ 
халқы  Ұлы,  орта,  Кіші  жүз  болып  географиялық-территориялық 
жағынан  бөлінгенімен,  көршілес  империялар  осыны  пайдаланып, 
оларды бір-біріне қарама-қарсы қоюды сан мәрте жоспарлағанымен, 
қазақ жүздерінің өзі бірнеше рудан құралғанымен, олар ешқашан өз 
бірлігін ұмытқан емес. Керісінше, қай кезеңде де, қай қиыншылықты 
да бірлікпен жеңіп отырды. Мүмкін бұл арада атадан балаға жеткен 
түрлі аңыз-әңгімелердегі қазақ ханының өзінің 40 ұлына бір-бір садақ 
беріп,  алдымен  бөлек-бөлек,  жеке-жеке  сындыртып,  кейін  қырқын 
бірге қосып, оны сындыра алмауы болашаққа деген қалдырған үндеуі 
болса керек. Бұл арада қазіргі таңдағы қазақстандық ғалымдардың ру-
шежіре тарихына жете мән беруін құптауымыз қажет. Кезінде мұны 
естіген орыс патшайымы ІІ Екатерина да оған үлкен таңданыс білдірген. 
Үшіншіден, тарихымыздағы халқымыздың аяулы ұлдарының тағдыры 
егемендік алуымызбен ғана өз ұлтымен қайта қауыша бастады. Тарих-
ты халық жасайтындығын мойындағанымен, оған жеке тұлғалардың 
әсер  еткенін,  бүгінгі  осыншама  территорияны  иеленген,  ұлтымызды 
сақтаған тұлғалардың құдіреттілігін жоққа шығара алмаймыз. Ендігі 
мәселе – осы тұлғаларды бір-бірімен жарыстырмай, асыра дәріптемей, 
тарихи деректер негізінде ғана саралау басты міндет. Бұл арада, олардың 
бірін  мадақтап,  екіншісін  төмендету  егемен  ел  жағдайында  ешкімге 
пайда  әкелмейді.  ол  турасында  «Егемен  Қазақстан»  газетінің 
2006  жылғы  9  тамыздағы  «Абылай  хан  анықтауды  қажет  ететін 
ақтаңдақтар», 2007 жылдың 31 қаңтарындағы «Басқаның патшасының 
бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған» мақалаларда толық 
жазған  болатынбыз.  Төртіншіден,  ұлттық  тарихымызды  тәуелсіз  ел 
ұрпақтары талабымен жазу үшін кәсіпқой тарихшыларды дайындауда 
қазіргі 3 сатылы білім берудегі мамандықтың өзіндік ерекшелігін қатаң 
ескерген жөн. Болашақ тарихшының ұлтжандылығы, мемлекетшілдігі, 
ұлтына  сүйіспеншілігі  де  басты  талап  болуы  керек.  Өйткені  олар 
жазған тарих елдің ертеңін қалыптастырады. осы арада қазіргі таңдағы 
магистрлік және Phd доктор арқылы тарихшыларды дайындауда оларға 
ел-елді аралап, мұрағат қорларын «қазуына» мемлекеттік қолдау қажет. 
онсыз  тарихымыз  ешқашан  толыққанды  жазылмайды.  Бесіншіден, 
тарих ғылымының басты мақсат-міндеті  оның танымдық, тәрбиелік 
қызметінен  де  туындайды.  Өскелең  ұрпақтың  елінің  жүріп  өткен 
жолынан  лайықты  дәріс  алып,  онымен  рухтанып,  өз  отанын  сүюге 
тәрбиелеуші де – тарих екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет. 
олай  болса,  Қазақстан  тарихын  оқу  орындарында  оқыту 
деңгейін  көтеру  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Бұл  арада  қазіргі  таңда 
бірнеше  оқулықтың  қолданыста  жүргендігін,  олардың  көпшілігін 
бір-ақ ғалымның жазғандығы, олардың да қаншама баспасөз арқылы 
сыналғанымен,  әлі  де  кітапхана  қорларында  молынан  жиналып, 
оқушыларға ұсынылып жүргендігі жасырын емес. Міне, сондықтан да 
тарихымыз, алдымен, тек қана ана тілімізді жетік білетін кәсіпқой 
мамандармен, соның рухымен таза тәрбиеленген ғалымдар тобы-
мен таразыланып, сыннан өтіп барып, жарық көруі тиіс. Көпшілік 
талқысынан өткен соң-ақ, оның орыс тіліне аударылғаны жөн. Ал 
мектеп оқулықтары мұндай авторлар бірлестігі еңбегінің тұжырымдары 
мен ұстанымдарын басшылыққа алғаны орынды. 
Қорыта келгенде, Қазақстан тарихы пәнінің беделін көтеру, оны 
барлық қазақстандықтардың өз тарихы ретінде сүйсіне оқуы - тәуелсіз 
еліміздің болашағы. Ал Қазақстан тарихын білмейтін адамнан ешқашан 
ел патриоты шықпайды.   

12
13
Тұлғалар тарихын зерттеу және оларды 
оқулықтарға енгізу мәселелері
Тарихтағы тұлғалар, олардың қоғамдық-саяси қызметі, өмірі қай 
халықтың да жүріп өткен жолының айнасы іспеттес. Өйткені тарихты 
халық жасағанымен, сол халықты бастайтын да, оның дамуында өз ізін 
қалдыратын да жеке тұлғалар. Халық жеке қайраткерлері арқылы та-
рихта шешуші қадамдар жасайды. Александр Македонский, Күлтегін, 
Шыңғысхан т.б. өзінің нақты істерімен тарихта қалды. Бұл арада Әйтеке 
бидің «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме? Ел тірегі – ер, ер 
тірегі – елі бола білген қауымның басынан бағы кетер ме?!  Есті еріңді 
ез  тұтсаң,  өзіңді-өзің  қорларсың,  Есеріңді  ер  тұтсаң,  іргеңізден  жау 
кетпей, төріңізден дау кетпей, сойқаннан сойқын жолығып, сорларсың 
да, зарлайсың. Ез мұраты – көрешек,
 
ел мұраты – келешек. Көрешегін 
күйттеген  түбі  қоймас  сүрінбей,  келешегін  күйттеген  түбі  қоймас 
сүиінбей, жетелі ер адаспас – бабадан қалған сөз бар ғой, жетелі ел 
адаспас – бағзынан қалған із бар ғой» деген аталы сөзі қазақтың қай 
уақытта да қайраткерлеріне ерекше сенім білдіргенін дәлелдейді.
Бірақ патшалы Ресей заманында біз бұл мәселелерді ауызша ата-
дан – балаға жеткізу арқылы ғана шешсек, Кеңестік заманда халықтың 
қалаулы  ұл-қыздары  тарихына  бойлауға  анық  шектеу  алдық.  оған 
алдымен  коммунистердің,  «ұлы  орыс  халқының»  төңірегіне  өзге 
халықтарды  жинап,  Ресейдің  ерлік  тарихын  және  басқа  халықтарды 
азаттыққа  бағыттаушы  «ерекше»  қабілетін  асыра  бағалауы  әсерін 
тигізді. Сөйтіп, тәуелсіздікке қол жеткенше – 80 жылдан астам уақыт 
бойы өзге ұлттың тарихы мен оның тұлғаларын жаттап өстік.
Екіншіден,  жаңа  социалистік  жүйені  қалыптастыруда  «таптар 
күресінің шешуші рөлі» нақтыланған соң қазақтың бар бетке ұстарлары 
өз  тарихын  зерттеуде  таптық  принциптің  талабымен  туған  халқына 
қарсы  болып  шыға  келді.  Ел  басқарған  қазақ  хандары,  сұлтандары, 
билері,  жауға  қарсы  қол  бастаған  батырлары  тарихын  жазуға  ашық 
кедергілер ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде ұлт зиялыларын қуғын-
сүргінге  ұшыратып,  саяси  аренадан  ығыстырғаннан  кейін  орталық 
ыңғайымен  қазақ  тарихын  жазу  қолға  алынды.  Е.Бекмахановтың 
Кенесары  хан  тағдырына  арналған  монографиясының  талқандалуы 
бұл  бағыттағы  ізденістерге  тоқтау  салды  деуге  әбден  болады. 
М.П.вяткиннің «Батыр Сырым» еңбегі сол тұста жарық көргенімен, 
ол да көп ұзамай айналыстан шығарылды. Тарихшы З.Алдамжар «бұл 
мәселеге  ұзақ  жылдар  бойы  көңіл  бөлінбеген,  әдейілеп  жасырылған 
тақырып  болғаны  мәлім.  оның  тамыры  қоғамдық  даму  үрдісі  тек 
қана  экономикалық  заңдылықтар  негізінде  жүрмек  деген  маркстік-
лениндік  тұжырымда  жатқаны  да  белгілі.  осы  сыңаржақ  қағиданың 
бопсасы мен рухани шындығын есепке алу, оны зерттеу жұмысында 
пайдалану әрекетінің қандайы да коммунистік идеологиядан ауытқу, 
буржуазиялық  идеологиялық  сарынға  бой  алдыру  деп  айыпталады» 
десе, К.Нұрпейіс Кеңестік кезеңде «Қазақ халқының қуанышынан гөрі 
тартқан қасіреті көп болды. Сталиндік, әкімшілдік-әміршілдік жүйенің 
ұйымдастырған зобалаңы қазақ халқын тарих сахнасынан кетіре жаз-
дады», «саяси-тарихи портреттер жасау жанры біздің отандық тари-
хымызда ... зорлап ұмыттырылған тақырып болатын» деп мәселенің 
негізгі түйінін дәл көрсете білді. 
Сонымен,  ұлттық  тұлғалар  тарихын  танудың  бетбұрысты 
кезеңі  тәуелсіздікке  қол  жеткізумен  келді.  Бұл  бағытта  К.Нұрпейіс, 
З.Алдамжар, К.Есмағамбетов, Х.Әбжанов т.б. айтарлықтай тер төгіп, 
оны зерттеудің қажеттілігін анықтап қана қоймай, әдіснамалық жолда-
рын ұсынып, жаңа ізденістерге жол салды.
Әрине,  бүгінге  дейін  тұлғалар  тарихымен  көпшілікті  сусында-
туда біраз шаралар жасалды. Бір ғана тарихшы К.Л.Есмағамбетовтің 
Махамбеті,  Мұстафа  Шоқайы,  Зұлқарнай  Баймырзаевының  өзі  бір 
төбе.
Қорыта  келгенде  тұлғалар  тарихына  қажет  төмендегідей 
мәселелерді сіздердің толғаныстарыңызға ұсынамын.
1.  Тұлғалар  тарихы  –  ел  тарихы!  Сондықтан  оны  зерттеушілер 
болашақ  алдындағы  жауапкершілігін  сезінгені  абзал.  Сайып  келген-
де Керей-Жәнібек те, Тәуке мен Әбілқайыр да, Абылай мен Нұралы 
да, Сырым мен Арынғазы
 
да, Кенесары мен Жоламан да, Махамбет-
Исатай  мен  Жанқожа  да,  яғни  ел  алдына  шыққан  хан,  сұлтан,  би, 
батырлар  қазақ  елінің  ертеңі  үшін  алаңдады.  Әркім  өз  деңгейінде 
ел  алдындағы  күрделі  міндеттерді  шешуге  жұмыстанды.  Ал  қалың 
көпшілік сөз жоқ қиын-қыстау кезеңде олардың артынан ерді, олар-
ды пана тұтты. Сондықтан да әр өлкенің, жүздің, аймақтың тарихын 
жазсақ та ол тұтас қазақ елінің бөлшегі екендігін, ал тұтас ел тарихы  
солардан тұратындығын ескеру міндет.
2.  Асылы  тұлғаларды  өзара  салыстырып,  бірін  қолдан  көтеріп, 
екіншісін төмендетіп, оларды қарама-қарсы лагерьге бөліп, ара-жігін 
аша  түскен  орынды  болмас.  олардың  қарым-қатынасына  әр  тарихи 
кезең өз ықпалын тигізді. Мәселен, Әбілқайыр мен Абылайды, Абы-
лай мен Нұралыны зерттегенде, оларды Батыр, Қайып хандардан бөліп 
қарастыруға бола ма?
Ал  тұлғалармен  замандас,  үзеңгілес  Бөкенбай,  Бөгенбайлар, 

14
15
Жәнібек,  Есет,  Қабанбай  т.б.  батырлардың  ерлігі  де  ел  басқарған 
азаматтардың тағдырымен астасып жатыр. Өз заманында ажырамай, 
бірлесе  ортақ  жауға  талай  рет  соққы  берген,  атамекен  жерінен  бір 
қадам шегінбеген қайраткерлерді өзара бөле-жармай тарихи процеске 
тұтастай қатыстыра отырып зерттеуіміз қажет. 
3. Тұлғалар тарихын мифтендірудің де еш қажеті жоқ. Мәселен, 
Әбілқайырдың  өле-өлгенше  орыспен,  қалмақпен,  башқұртпен,  Хи-
уамен,  жоңғармен  де  соғысып,  өз  билігіндегі  елін,  жұртын  қорғап 
қалғаны,  Жоңғарлардың  екпінді  жорықтарын  тоқтатқаны  өтірік  пе? 
Абылайдың өзі оны «біздің атамыз», «біздің ханымыз» дегенін қайда 
қоямыз?  Ал  Абылайдың  екі  империя  –  Ресей  мен  Қытай  ортасында 
шебер саясат жүргізіп, осы бағытта Әбілқайыр ұлдары Нұралы, Ерәлі, 
Айшуақ,  Батыр  ұлы  Қайыппен  ақылдасып  отырғанын,  мемлекеттік 
мәселелерді бірлесе шешкенін  неге байланыстырып айтпаймыз? Яғни, 
тұлғаларды бір-біріне қарсы қою ендігі жағдайда біртұтас қазаққа пай-
да әкелмейді.
4.  Тұлғалар  тарихына  қатысты  мұрағаттық  деректер  мен  ауыз 
әдебиеті мұраларын жинастырып, оларға тиісінше, ғылыми тұрғыдан 
түсініктеме беруді ұлттық мүддемен ұштастыру қажет. Неге? Кешегі 
XX ғасырда, соңы жаңа ғасырда қолымызға тиіп, барлық кітапханаға 
жетіп үлгерген «Материалдар жинақтарын» сын елігінен өткізелікші. 
Әсіресе орыс мұрағаттарындағы деректер. оны оқыған оқырман ата-
бабамыздың өмір бойы Ресейді арқа тұтқан «мүсәпірлігін», аянышты 
халін,  тығырықтан  шығар  жол  таба  алмай  көршілес  империяларға 
жалтақтап, көмек күткен мәжбүрлігімен танысады. Сонда өткен тари-
хынан, біртұтас елдігінен, біртұтас қазақтығынан, оның ерлік істерінен 
сусындамаған ұрпақ қандай халде болады. Әрине оны тарихи дерек, ол 
өзгертілмей басылып, оқырманға жетуі тиіс деушілер де табылар. Бірақ 
деректі кім жазды, ол қандай мақсат көздеді, кімнің сойылын соқты, өзі 
ас-суын ішіп жүрген қазақты түсіне білді ме, хаттың басындағы «аса 
жалбарынушылық» орыс кеңсесінің талабымен аудармашылар мен хат-
ты жазушылар жазғандығын кім анықтап айтады? Міне, сондықтан да 
мұрағат деректері екен деп бәрін баспаға жібере бермей, оның ішінде 
тарихымызға қатыстысын пайдалансақ орынды болатын секілді.
5.  Тарихи  тұлғалар  тағдырына  арналған  зерттеушілердің  ая-
сын  кеңейтіп,  жарық  көрген  ізденістердің,  монографиялардың  тара-
лу аумағын барлық оқырманға жететіндей деңгейге көтеру. Өйткені, 
қазіргі кезеңде бұрын жарық көрмеген материалдар негізінде жазылған 
еңбектердің тиражы 1000 дананың көлемімен шектеліп, өңірлік зерт-
теу кебін киюде. Міне, осындай жағдайда өскелең ұрпақ барша қазаққа 
ортақ ел игілерінің өмірі мен қызметінен қажетті мәліметтер ала ал-
май, өз тарихымен шектеле береді. оның зардабы біртұтас елдіктің, 
халықтықтың іргесін бекітуге тигізеді. Сондықтанда мұны мемлекет 
болып қолға алған дұрыс. Мәселен, қазақтың Әбілқайыры, Абылайы, 
Сырымы, Арынғазысы, Қаратайы, Тезек төресі, Тойшыбегі, Әлиханы, 
Халелі,  Жаһаншасы,  Ахметі,  Сұлтанбегі,  Тұрары,  Бауыржаны, 
дінмұхамеді, Нұрсұлтаны исі қазаққа ортақ емес пе?! 
6.  Тұлғалардың  қоғамдық-саяси  қызметін  зерттеу  барысында 
ізденуші-ғалым  ол  турасындағы  материалдардың  барлығын  қатаң 
сыни  тұрғыдан  өткізуі  қажет.  Кейде  шала-пұла  ізденістер  автордың 
«мүмкіндігімен»  еш  сыннан  өтпестен  жария  болып  жатады.  Соңғы 
жылдары  олар  көбейіп  те  жатыр.  осындай  еңбектер  санаға  сөзсіз 
әсерін  тигізеді.  Қайткенменде,  ізденушілер  алдына  алған  мақсатты 
орындау барысында зор жауапкершілікті сезінгені орынды.
7.  Ендігі  мәселе  «Қазақстан  тарихы»  оқулықтары  туралы. 
оларға белді тұлғалардың барлығы енгені дұрыс. Мәселен оқулықтан 
Арынғазы  хан,  Қайыпқали  сұлтан,  Жоламан  Тілепшіұлы  туралы 
толыққанды  мәлімет  алу  қиын.  Расында,  Жоламан  1820  жылдан  ба-
стап 1845 жылдар шамасына дейін Ресеймен жауласып өтті. оның осы 
аралықтағы барлық ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқандығының өзі 
неге тұрады. Әлде осындай азаматтар көп пе?
Бір  ғана  Абылай,  Махамбеттер  жөніндегі  ой-пікірлерді  де 
қорытындылаған  орынды.  Мәселен,  Абылайдың  1780  жылы  қайтыс 
болғандығы, Махамбеттің 1803 жылы туылғандығы белгілі болса да, 
оны  бір  жүйеге  келтіре  алмаудамыз.  Біз,  тарихшылар  оған  дәлелді 
сөзімізді  айтып  тиянақтағанымызбен,  мектеп  тестілерінде  «бұрынғы 
жартас» күйінде қалуда. Мұндай пікірлерді ұрпақ қалай қабылдайды? 
Меніңше, мектеп, жоғары оқу орындары үшін қосымша тұлғалар та-
рихы оқытылуы тиіс.
8.  Ең  бастысы,  ендігі  жағдайда  қазақ  тарихында  елдің  бірлігі, 
тұтастығы,  қазақтығы  баса  жырлануы  тиіс.  Өткен  өмірдегі  бабала-
рымыз,  олардан  тарған  тұлғалар  осыны  бүгінгі  ұрпаққа  мұраттады. 
Ұлан-байтақ  жер,  туған  тіліміз,  әдет-ғұрпымыз,  мәдениетіміз,  жер 
астындағы, үстіндегі мол байлық иесі де қазақ. Мұны терең ұғынған 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  1998  жылы  17  наурыздағы  зиялы  қауым 
өкілдерімен  кездесуінде  «Қазақтың  бүкіл  тарихы  –  бірігу  тарихы, 
тұтастану  тарихы»  деп  жариялап,  қатысқан  көпшілікке  «Кеше  кім 
едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген заңды сұрағын қойып, 
«Бұл  - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің 
ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері 
болуға ұмтылсын деген сөз» деп айқындап берді. 
Сөз  соңында  тұлғалар  тарихын  толыққанды  зерттеу,  олардың 

16
17
өмірлік тәлім-тәрбиесін, тәжірибесін алу, жүріп өткен жолдарындағы 
еліне  деген  патриоттық  сүйіспеншілігін  сезіну  бүгінгі  күннің  басты 
мақсаты екендігін баса айтқым келеді. Ал оны ұдайы іс жүзіне асыруда 
тарихшыларға жүктелер салмақ ерекше. 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет