Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге әлеуметтік ортаның талаптары, соған лайық адамның күтулері мен мүмкіндіктері жатады.
Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен формаларын ұсынады. Мәселен, әке-шешесі баладан тамақты қасықпен ішуді, орындыққа отыруды, «рақмет» айтуды талап етеді. Мектеп оқушыдан сабаққа уақытында келуді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды, оның тапсырмаларын орындауды талап етеді. Қоғам жеке адамнан мінез-кұлықта белгілі бір моральдық нормаларды, адамдардың қарым-қатынасы формаларын сақтауды, белгілі бір жұмысты атқаруды талап етеді.
Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын объективті шарттар: үйде жақсы кітапхана болса, оқуға ынталандырады, себебі сондай мүмкіндік береді. Психологиялық талдау адамның мінез-қүлқы көбіне объективті мүмкіндіктерге тәуелді болатынын көрсетеді (әсіресе оның жеке басы мен жетекші әмірлік мақсаттары әлі қалыптаспаған болса).
Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделерімен, ұмтылыстарымен, бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігімен, қоғамға көзқарасымен анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады. Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, мотивация барлық іс-әрекетке негіз болатын, табысты болуды қамтамасыз ететін түрткі себептер жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |