Мотивация


Гигиеналық нормативтерді орнатудың негізгі қағидалары



бет3/5
Дата24.03.2023
өлшемі158,99 Kb.
#75831
1   2   3   4   5
Байланысты:
535624.pptx

Гигиеналық нормативтерді орнатудың негізгі қағидалары:
1.Токсикологиялық зерттеулер, гигиеналық нормативтерді ғылыми тұрғыда негіздеу өндірісте қолданылуынан бұрын жүргізілуі және алдын-алу шараларын жаңа технологиялық үрдістерді, жабдықтарды, химиялық заттарды және т.б.өндіріске енгізгенге және қолданғанға дейін және одан кейін де жүргізу.
2.Гигиеналық нормативтерді негіздеу кезінде қазіргі таңдағы техникалық тұрғыдан табысқа жету керектігімен және экономикалық талаптармен салыстырғанда, медициналық және биологиялық көрсетілімдері бірінші орында тұруы керек.
3.Химиялық заттардың әсер етуінің табалдырықты болуы.
Өндірістік улардың ағзаға тусу жолдары.

  • У–ағзаға туа біткен немесе жүре пайда болған қасиеттеріне сәйкес келмейтін мөлшерде (сирек –сапада) түсетін тіршілік ортасының химиялық компоненті, сондықтан да өмір сүру үшін үйлеспейді.
  • Өндіріс жағдайларында улы әсер ететін заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, асқорыту жолы арқылы түседі. Заттардың ағзаға түсу жолдары заттың агрегаттық күйіне (аэрозольдер, булар, газдар, сұйықтар) және технологиялық үрдістің сипатына байланысты.
  • Химиялық заттардың улылық дәрежесі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Улылық дәрежесі (токсичность) – заттың өмір сүрумен үйлесімсіздігінің өлшемі, орташа өлімге келтіретін дозаның (ЛД50) немесе концентрацияның (ЛД50) мәніне кері шама.
  • Удың орташа өлімге келтіретін дозасы (немесе концентрациясы) –әсер еткеннен кейін белгілі бір мерзім ішінде бақылауда болғанда, тәжірибе жүргізілген жануарлардың стандартты тобының 50%-ын өлімге әкелетін удың мөлшері.
  • Улылық дәрежесінің эффектісі, ағза түрінің биологиялық ерекшеліктеріне, жынысына, жасына және жеке сезімталдығына; удың құрылымына және физико-химиялық қасиеттеріне; ағзаға түскен заттың мөлшеріне; сыртқы ортаның факторларына (температура, атмосфералық қысым және басқалары) байланысты.
  • Нақты өндірістік жағдайларда интоксикацияның даму ықтималдығы заттың улылығына ғана емес сонымен қатар, ағзаға өмір сүру үшін қауіпті мөлшерде удың түсуіне де байланысты. Сондықтан «қауіптілігі» түсінігі қабылданған. Қауіптілігі – шынайы өндіріс жағдайында және химиялық заттарды қолдану жағдайында денсаулық үшін зияндыәсерлерінің пайда болу ықтималдылығы.

Ағзаға әсер ету дәрежесі бой-ынша зиянды заттар 4 қауіптілік классына бөлінеді:
1 – аса қауіпті заттар;
3 –қауіптілігі орташа заттар;
4 –қауіптілігі аз заттар.
2 – қауіптілігі жоғары заттар;
  • Химиялық заттың улылық және қауіптілік дәрежесінің параметрін зерттейтін өнеркәсіптік токсикологияның тарауы – токсикометрия деп аталады.
  • Өндіріс жағдайында адам бір фактордың ғана емес, сондай-ақ әр түрлі факторлардың күрделі кешенінің әсеріне ұшырайды. Өнеркәсіп уларының аралас (біріккен),кешенді, бірлесе жүретін (сочетанное) әсерлерін ажыратады. Бірнеше улардың бір мезгілде немесе бірінен соң бірі ағзаға бір жолмен түсіп, әсер етуін әсері араласәсері деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет