Тақырып 8 Кафедра: Еңбек гигиенасы М. ғ. к., доцент Ниязбекова Л. С. Еңбек гигенасы кафедрасы КазНМУ Өндірістік токсикология негіздері. Негізгі өндірістік улардың токсикологиясы. Химиялық заттектердің уытты әсеріне әсер ететін факторлар. Химиялық заттектердің организмге зиянды әсерінің алдын алу шаралары Жоспар
Өндірістік улар.
Өндірістік улардың жіктелуі.
Негізгі өндірістік улардың токсикологиясы
Өндірістік ортаның химиялық және физикалық факторларының өзара әсері.
Өндірістік улар
Адамның өнеркәсіптегі еңбек іс әрекеті үрдісінде кездесетін, қауіпсіздік техникасының ережелерін және еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшыларға зиянды әсер ететін барлық немесе барлығына жуық химиялық заттар өнеркәсіптік улар болып табылады. Олар газ, бу немесе сұйық, сондай-ақ шаң, түтін немесе тұман түріндегі бастапқы, аралық, жанама немесе соңғы өнімдер болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта 5 млн-дай химиялық заттар белгілі, оның ішінде 60 мың-дайы кең көлемдегі қолданыста. Жаңа химиялық қосылыстар мен қоспалар-дың 500 – 1000-ға дейінгілері жыл сайын халықаралық саудаға шығарылады.
Бірқатар қосылыстар жоғарғы токсикалық әсерге ие. Басқа да токсикалық қосылыстар өзінің тұрақтылығына, жинақталу қасиетіне және қоршаған ортада кең таралуына байланысты адам денсаулығына қауіп төндіреді. Кейбір заттар химиялық және физикалық үрдістер әсерінен одан көп улы қосылыстарға айналуға қабілетті, ал қоршаған ортаның (жұмыс істеу аймағының ауасы ) химиялық заттармен ластану мүмкіндігі өршиді.
Жұмысшыларға химиялық заттардың зиянды әсерін алдын алуға бағытталған шараларды ғылыми-техникалық үрдіс жеңілдетеді. Мұнда өндірістік токсикология маңызды рөл атқарады.
Өндірістік токсикология - өндірісте зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мақсатымен адам организміне химиялық факторлардың әсерін қарастыратын еңбек гигиенасының бөлімі болып табылады.
Зиянды заттар дегеніміз - қауіпсіздік ережелері бұзылып адам ағзасымен жанасқан жағдайда, жаңа әдістермен анықталғандай жанасу уақытында да, кейінгі өмірі және болашақ ұрпағы үшін де ауру туындататын немесе денсаулық жағдайының өзгерісіне алып келетін заттар.
Берілген анықтамадан барлық химиялық қосылыстар зиянды заттар екенінін айтуға болады.
Өндірістік токсикологияның негізгі мәселесін 20 жылдардың аяғында Н.С Правдин қалады. Олардың қатарына кіретіндер:
2) улы заттардың гигиеналық экспертизасы;
3) азық-түлік және шикізаттардың гигиеналық стандарты.
1) биосфера және өндірістік орта объектісін дегі зиянды заттар құрамының гигиеналық нормасы;
Жұмыс аймағы ауасына және теріде кездесетін зиянды заттарға шекті руқсат етілген концентрация орнату арқылы гигиеналық нормалау еңбек жағдайын жақсартуда үлкен рөл атқарады.
Өндірістік шикізат және дайын азық-түліктегі улы заттардың болмауын және оның қауіптілігі мен зияндылығының шекті болуын шикізат және азық-түліктің гигиеналық стандарты қарастырады.