Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет46/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

Бағалаңыз, бағалаңыз 
Көпшілік алдында сөз сөйлеу барысында сіздің көрсететін күшіңіздің табысты не 
сәтсіз бағалануының әдістерін анықтау керек. Қарапайым бақылау тізімін жасап шығарып, 
сол арқылы өзіңізді бағалаңыз. Мысалы, былай: 

Овацияның саны мен ұзақтығы 

Ұсыныс пен қайта шақырулар 

Келген алғыс хаттар 

Ақы 

Кітаптар мен материалдарт және т.б 
Бағаны сөз сөйлей бастаған кезде халықтың сізді қабылдап отырған әсеріне қарап, 
берсеңіз болады. Бағалаудың ең тиімді жолы – сөз сөйлеп болған соң, адамдардан мінеп-
сынауын, яғни ойын сұрастыру. Егер біреу сіздің шыққаныңызды мақтап, «барлығы 
керемет» болды десе, ұялмай нақты не нәрсе ұнады деп сұрап алыңыз. Ал сізге 
арнап жазылған хаттардың жөні бөлек. Өз ойын айта салғанға қарағанда отырып, уақытын 
бөліп, жазған хат ерекше бағалауды негіздейді. Егер сізді қайта-қайта шақырып, төлейтін 
ақшасы да, жоғары болса, онда сіз «көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберінің иесі 
атанғаныңыз»! Қағидаттар: 

Бағалау әдістерін дамытыңыз 

Реакцияны бағалап, керекті түзетулер енгізіңіз 

Ең жақсы реакция, сізді қайта шақыру болып табылады. 
Өмір сүруіңізді қадағалау 
Өздерінің айтқанын істемейтін ораторлар мені қынжылтады. Бұл жалған нәрсе ерте 
ме, кеш пе адамдар олардың сөздерінің бос екенін түсінеді. Бұл әлемдегі ұлы ораторлар, 
белгілі – бір салада жетістікке жеткендер. Сол арқылы да олар халық алдында сөз 
сөйлеуге және естілуге құқылы.
Жасанды болмаңыз. Шынайы болып, өзіңіз ұсынған жолмен өзіңіз бастап жүріңіз.
Ешкімге және еш нәрсеге қарамастан жетістікке жетуге ұмтылыңыз. 
Адамдардан алған көмекті бағалай білу керек. Ораторлар сезіну керек қиын 
қағидаттардың бірі – адамдарға қарыздарын қайтарып, олармен жетістікті бөлісу. 
Сөйлеген сөзіңіздің дұрыстылығын әр кез дәлелдеумен болу керек. Қағидаттар: 

Шынайы болып, өзіңіз ұсынған жолмен өзіңіз бастап жүріңіз

Жағдайға байланысты дұрыс көрініңіз 

Өзіңіздің өміріңізден алынған мысалдармен бөлісіңіз, тыңдаушыларыңызбен 
өміріңізді бөлісіңіз 

Қарызды қайтарыңыз 

Өзіңіз айтып жатқан нәрсеге өзіңіз қызығушылық танытыңыз 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет