Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет24/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

Болжам және интуиция 
Мен тек бір қадам алға жүруді көремін, бірақ бұл әр кез дұрыс қадам. 
Хосе Рауль Капабланка 
Бізге мақсаттарды алыстан көретін қабілет керек, ол интуиция деп аталады. 
Анри Пуанкаре 
Ауа райын болжау сияқты сіз қаншалықты алдыға болжағыңыз келсе, сіздің 
болжамыңыз соншалықты нақты емес болады. Болуы мүмкін нәрселердің саны өсе берген 
сайын есептеу үшін күш те, уақыт та көп кетеді. Үдеріске кездейсоқтылық факторлары 
және белгісіздіктер араласып, нәтижесі сенімсіз болады. Сараптама сіздің тәжірибеңізге 
және интуиция сезіміңізге тәуелсіз маңызды мағынаға ие. Сен де тексер!!! Өйткені сіздің 
интуицияңызға қайшы келетін сценарийлер табылып қалуы мүмкін. 
Түйсік сезім мен интуиция көптеген шешімдерді қабылдаудың негізінде жатыр, 
әсіресе, біздің өмірімізді толтыратын мезетті шешімдерді қабылдауда. Біз жұмысқа бара 
жатқанда ана жаққа, мына жаққа басымызды неліктен бұратынымызды түсінбейміз, бұл 
жай ғана әдет. Ал шахматшы үш жүріс жасап-ақ қарапайым матты лезде байқай алады, 
тіпті бұндай позицияда ешқашан болып көрмесе де. Бұл кезде ол өзінің кәсіби дағдысын 
пайдаланады. Біз жиі шартты сызылған сызбаға немесе біздің дем алу үдерісімізді 
басқаратын ағзаның автономды жүйке жүйесіне сүйенеміз. Ал мұнда шартты және 
шартсыз рефлекстер жұмыс істейді. Бірақ рефлекс, әдеттер, дағдылар — бұл әлі интуиция 
емес. Жүріп-тұрудың шартты сызбалары уақыт үнемдеп, стандартты жағдайларда 
кемшіліктері болады. Қиын мәселелерді шешу барысында осы сызбаларға сүйенген кезде 
мәселе сонда ғана туындай бастайды. Бұл шығармашылық қабілетті тұншықтырып, 
“әмбебап” амалдарды қолдануға апарады, яғни кез-келген проблеманы бірдей сызбамен 
және рәсіммен шешуге тырысу.
Өмірде ережелер шахматтағыдай оңай емес. Біздің шешіміміз салдары қандай 
болатынын біле бермейміз. Кейде жағдай анық, кейде тек интуицияға сену қалады. 
Шешіміміз бұрыс болса, жағдайды түзете аламыз ба деп өзіңізден әр кез сұрау керексіз. Іс 
насырға шапса, бізде таңдау қалады ма? Басқа жолдары бар ма? Бұндай тәсіл бізден 
байсалдылықты 
талап 
етеді. 
Көптеген 
сәтсіз 
шешімдер, 
оларға 
артылған 
жауапкершіліктен тезірек құтылу нәтижесінде пайда болған. Асығыстың салдары болып 
табылады. Егер дәл қазір қабылданған шешімдеріңіз пайда әкелмесе, оны шетке 
ығыстырудан ұтылмайсыз. Уақытты сапаның жақсаруына, жаңа ақпаратты жинауға және 
басқа нұсқаларды ойлауға жұмсаңыз. Маргарет Тетчер айтқандай: “Саясатта мен бір 
нәрсені ұқтым: сіздер оны істеуге мәжбүр болмағанша, шешім қабылдамайсыздар”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет