Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет27/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

Материал, уақыт, сапа 
Балаға қарағанда, үлкен кісіге шет тілін үйрену қиынға соғады. Жаңа тіл ортасына 
түссекте, бала кезімізде ана тілімізді жаттағандай, жаттай алмаймыз. Шешім қабылдау 
үдерісінің кемелденуі біздің ана тілімізбен тумалас. Бұрындары ойланбай жүзеге асқан, 
маңызды әрекеттердің себептерін түсіну керекпіз. Аяқ басуды енді үйренген сәттен 
бастап-ақ, біз таңдау жасап, шешім қабылдауымыз қажет. Жылдар өте келе бізде 
стандартты реакцялар мен әдістер жиынтығы қалыптасып, оларды ойланбастан 
қабылдаймыз. 
Материал — басты элемент 
Біздің арамызда кейбіріміз халықаралық корпорация немесе жалпы ұлттық 
институттарды басқаратын шығар. Соған қоса, тіпті күнделікті, қарапайым шешімдердің 
сапасын арттыру керек. Мен үшін шахмат — бұл тіл, ана тілім болмаса да, бала кезден 
тұңғиыққа бату әдісін меңгерген тіл. Шахматтық позицияны бағалау жақсы жүріспен 
есептелмейді. Бұл екеуі екі бөлек нәрсе. Жасалған жүріс — алдымен құру және түсінуді 
талап ететін, теңдеуді шешу нәтижесі. Біз әрекеттегі факторларды белгілейміз, олардың әр 
қайсысының салымағын бағалаймыз, олардың арасындағы теңгерімсіздікті анықтаймыз, 
содан кейін ғана позицияның жалпы бағасын береміз. Позицияны бағалаудағы негізгі 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
элемент материал болып табылады. Тақтайшаға қарап, біз бірінші кезекте фигураларды 
санаймыз: пешкалар қаншау, ат, піл, ладья нешеу? Кімде материал көп — менде ме, әлде 
қарсыласымда ма? Әр фигураның құндылығы бар, бұл кімнің көшбасшылық еткенін 
анықтап береді. Құндылық эквивалентіне сәйкес, ат пен піл үш пешкаға татиды, ладья — 
бес, ферзь — тоғыз, ал корольдың құны баға жетпес! Өмір материалды құндылықтармен 
өлшенбейтінін түсіну үшін үлкен тәжірибенің қажеті жоқ. Шахматта бұл баға жетпес 
сабақты материалды басымдыққа қарамастан мат алғанда түсінесіздер. Корольдің 
абсолютті құндылығы барлық фигураның жалпы салмағынан басым түсіп, сіздер бір 
шынайылықты түсінесіздер: материал — бұл барлығы емес! 
Достарымыз, әріптестеріміз, отбасы мүшелері жаман әдеттерімізді бізге қарағанда, 
жақсы біледі. Кейде бұл психикалық бұлтарыстарды білу — таңғаларлық жағдай. 
Сіздердің шешім қабылдау барысындағы жалған сенім және жеке қалауларыңыз, сіздер 
оларды түсініп, құтылуға әрекет еткеннен соң, тигізетін зардабы азаяды. Зардапсыз 
әдеттерді жалған сенімнен ажырата білу ғана болып жатқан жағдайдарды бағалау кезінде 
объективтілікті сақтауға көмектеседі. 
Уақыт — ақша 
Сағат бойынша төленетін жұмыста істейтін адамдар уақыт бағаға ие екендігін 
түсінеді. Материал, яғни ақша сағат және минутпен есептелетін еңбекке айырбасталады. 
Бұл сағат бойынша өлшенетін қарапайым уақыт, бұдан бөлек шахмат "тақтасындағы 
уақыт" бар, ол жүріс санымен өлшенеді. Шахматшылар сағат тықылдауымен шектелген 
уақыт ішінде белгілі жүріс санымен ойнайды. Шахмат ойыны шынайы уақытта емес, 
қадамдық режимде жүзеге асырылады. Қолбасшы уақыт жайлы шахматшы сияқты 
ойлайды, алайда шынайы өмірде жағдай серпіндірек. Сіздің және қарсыласыңыздың жүріс 
сандары шексіз. Уақытқа байланысты басымдылық шапшаң бұлтарыс немесе қысқа 
жолды таңдаумен іске асырылмайды. Уақытты материалды нәрселерге айырбастауға 
немесе сатып алуға болады. Бағалау позиция элементін, яғни материал мен "тақтадағы 
уақытты" дұрыс пайдалану және түсіну үшін тағы бір қосымша элемент енгізу керек, ол 
— сапа. Шахматта біз "жаман" ат немесе мықты пешка деп айтамыз — бұл шын мәнісінде 
дұрыс, өйткені фигураның нақты құндылығы оның сапасын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет