Ұлы тұлға болып туылу керек пе, әлде ондай болуға болады ма? Юдит Полгардың әлемдік шахмат элитасына кіруі – ғажап тарихтың бір ғана
көрінісі. Оның екі әпкесі Жужа мен София да шахматты керемет ойнайды. Ең үлкені
Жужа «әйел» әлем чемпионы ғана емес, үнемі мықты «ерлер» жарысында ойнап,
гроссмейстердің «ерлер» атағын алған алғашқы әйел. Ортаншы әпкесі де София «ерлер»
жарысында жақсы ойнайтын. 14 жасында 9-дан 8,5 ұпай жинап, Римдегі жарыс кезінде
тарихтағы ең ғажап нәтижеге жетіп, ең атақты гроссмейсерлерді күйретті.
Шахматшылардың әкесі Ласло Полгар «дарындыларды жасауға болады» деген теорияны
дәлелдеу үшін қыздарына үйде білім берді. Тәжірибе шахмат саласында қойылды, оның
нәтижесімен келіспеуге болмайды. Айбындылық табиғатына қатысты сұрақ – ол
болмыстан ба, жүре болған ба – әр кез қызықты пікірталас тақырыбы болатын. Өмір бойы
шахматқа қабілеттілік көрсеткен әйелдерді табиғаттың күлкісіне балады. Алайда дәстүрлі
әйелдер шахматы бар болған кеңестік Грузия шахматшы қыздардың саңлақтарын берді.
70-80-ші жылдардағы ерлер халықаралық жарыстарына жол салған әлем чемпиондары
Нона Гаприндашвила және Майя Чибурданидзе болды. Шынымды айтсам, журналистер
менен мықты шахматшылар арасында неге әйелдер аз деп сұрағанда әдіптілік
танытпайтынмын. Әрине, маған кейбір жауаптарымды биязы етіп құрастыру керек еді,
дегенмен, бұл сұраққа қатысты менің ойым әлі де өзгермеген. Физиология, психология,
білім беру болсын, шындық әйелдердің кейбірінде ғана жоғарғы деңгейдегі шахматшыға
қажет қажымас мақсаттылық пен ержүрек рух бар. Бұл қасиеттер басынан-ақ шахматқа
қызығушылық тануту үшін керек. Басқа жағынан әйелдер өз қайраттылығын қолданудың
тиімді әдісін табатынына ешкім күмән келтірмейді!
Барлық тақтайшаны көру керек Шахмат тақтайшасының үзіндісіне қарап, ойынның жағдайын жалпы түрде
бағалауға тырысып көріңіз. Табысқа жету үшін – тіпті, жай ғана мақсаттарды анықтау
үшін – сіз барлық тақтайшаны көре алу керексіз. Біз біртұтас стратегиялық көріну туралы
айтқанда, біз көріністі толығымен жаулап алу, дәл қазір біз үшін проблемалық аймақта
орын алған жағдайды көре алу қабілеті, жалпы көріністі көре алуды меңзейміз.