Алалия сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі ең ауыр түрі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мылқау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемісіз өздгінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз – гректің а – жоқ деген мағынада қолданылатынның латынның Logos сөйлеу деген ұғымдарын білдіреді. Ол бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамымауынан болатын кемістік.
Алалия кемістігі бар баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады. Баланың мүлдем сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналасындағылармен қарым – қатынасына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдетуге әкеп соғады.
Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылудың шығу себебі орталық нерв жүйелерінің органикалық зақымдануына байланысты. Оған менингиттен, қызылшаның асқынуынан, бас миының жарақаттан зақымдануы, ісіп қызаруы, ауыр және мезгілінен бұрын босанудың салдарынан миға қан құйылуы, ұрықтың
құрсақтағы даму кезеңіндегі, сондай-ақ баланың бір айлығынан бір жасына дейінгі кездегі зат алмасуының бұзылуы жатады.
Үлкен жарты мидағы сөйлеу тілі аймағының зақымдануына байланысты алалия сенсорлы және моторлы болып екіге бөлінеді.
Моторлы алалия орталық бөліктің органикалық бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұндай неврологиялық теріс көрініс сөйлеу тілі жетілуінің қатты кешігуімен байланысты.
Сонымен қатар, сөйлеу тілінің белсенділігінің төмендеуіне, сөйлеуге зауқының жойылуына және ой өрісі мен психикасының дамуының біртіндеп артта қалуына әкеліп соғады.
Невралогиялық кемістіктің көрінісі ата – аналардың өзі ауру және әлсіз баланың асты – үстіне түсіп, шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік көрсетіп, дұрыс тәрбиелей алмаулары да жиі қосылады. Бұндай балаларға – тапсырма берілмейді, талап қойылмайды, жанашыр жақындары оны тіпті қолынан келетін қажетті жеңіл жұмыстарға да жұмсамай қорғаштайды.
Бұндай еркелік көрген балаға қасарысқан, қырсық, ерке, ашуланғыш қылықтарды жиі көрсетіп, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына зиянын тигізеді.
Бұндай балалар күнделікті тұрмыс тіршілікте өздігінен киімін дұрыс кие алмайды, түймелерін салуды, аяқ киімдерінің бауын байдауды білмейді. Сол сияқты өзін күтудің ең қарапайым жеңіл түрлерін орындай алмайды. Бұндай балалардың кимыл – қозғалысы да бұзылады.
Олардың жүрістері қорбаңдап, ебегейсіз болады. Өз аяғына өзі шалынып құлай береді және бір аяғымен секіре алмайды. Бөрененің үстінен тепе-тендікті сақтап жүре алмайды, музыканың ырғағымен билемейді. Сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл – козғалыстары – да жетілмеген. Бала тілін жоғары көтеріп ұстап тұру, үстінгі ернін жалау, таңдайын қағу сияқты қимылдарды істемейді. Сөйлеу тіліне қатысты мүшелердің қимылдарын кайталай алмайды және бір қимылдан екінші қимылға ауыса білмейді. Алалияға шалдыққан балалардың тағы бір ерекшелігі ықыласпен тыңдау, есінде сақтау сияқты психикалық қызметтері жеткілікті дамымаған.
Моторлы алалияға шалдыққан бала шаршағыш келеді және жұмыс істеу қабілеті төмендеп, психофизикалық жағдайы нашарлайды. Сөйлеу тілін түсінбеуі ұзақ уақытқа созылады, оны жою үшін арнайы оқытуды ұйымдастыру керек. Баланың өзіне айтылған сөйлеу тілін түсіну ата – аналар үшін қуаныш болғанымен, ол күнделікті тұрмыс — тіршілікте қолданып жүрген жаттанды сөйлеу тілі екендігі белгілі. Бұндай бала балабақшадағы тәрбиешенің қоятын талаптарына жауап бере алмай қыңырлық танытып, өз қатарластарымен ренжісіп, жанжалдасуға дейін барады. Мұндай қатынастың қиындығының себебін білетін тәрбиеші шыдамдылық таныту қажет. Балалардың сөйлеу тілінің дұрыс айтылуына өнегелікпен жәрдем беру керек, оларды сау балалардың жағымсыз қылықтарынан қорғау керек. Бұндай ақаулық арнайы оқытусыз түзетілмейді. Сондықтан тәрбиеші алалик балаларды арнайы балабақшаға орналастыру үшін алдымен логопедтің тексеруіне жіберуі керек.