Мұрынға арналған дәрі -дәрмектер


Мұрынға арналған дәрі-дәрмектер



бет2/4
Дата06.12.2022
өлшемі4,74 Mb.
#55092
1   2   3   4
Байланысты:
2 топ Мұрынға арналған тамшылар

МФ сәйкес сұйық дәрілік нысандарға мыналар жатады:

Мұрынға арналған дәрі-дәрмектер

Мұрынға арналған дәрі-дәрмектер –жүйелі немесе жергілікті әсер алу үшін мұрын қуысына енгізуге арналған сұйық, жұмсақ немесе қатты дәрі-дәрмектер болып табылады.Олар мұрынның шырышты қабығы мен түктеріне тітіркендіргіш әсерлер тигізбеуі тиіс.

Сулы мұрынға арналған дәрі-дәрмектер, әдетте, изотондық және оларда мысалы, препараттың тұтқырлығын қамтамасыз ету үшін, рН мәнін келтіру немесе тұрақтандыру үшін, белсенді субстанцияның ерігіштігін арттыру үшін немесе препаратты тұрақтандыру үшін эксципиенттер болады.

Мұрынға арналған дәрі-дәрмектерді қолдануға ыңғайлы және ластанудан сақтайтын, қажет болса, арнайы қондырғылармен жабдықталған көп дозалық және бір дозалык контейнерлерде шығарады. Басқа нұсқаулар болмаса, сулы мұрынға арналған дәрі-дәрмектерді, микробқа қарсы жеткілікті әсері бар дәрі-дәрмектерден басқаларын, микробқа қарсы сәйкес консерванттың тиiстi концентрациясы бар кеп дозалық контейнерлерде шығарады.

Жіктелуі

-Мұрынға арналған тамшылар және сұйық аэрозольдар

-Мұрынға арналған ұнтақтар

-Мұрынға арналған жұмсақ дәрі-дәрмектер

-Мұрынға арналған шаюшы заттар

-Мұрынға арналған таяқшалар

Өндіру

Құрамына микробқа қарсы консерванттар кіретін мұрынға арналған дәрі –дәрмектерді өндіргенде өкілетті органға таңдалып алынған кончерванттардың тиімділігі жөнінде мәлімет берілуі тиіс.


Стерильділік
Егер этикеткеткада дәрілік заттың стерильді екені көрсетілсе,ол стерильділікке сынаудан өтуі тиіс.
Сақтау
Егер дәрі-дәрмек стерильді болса, онда алғашқы ашылуы бақыланатын стерильді ауа өткізбейтін кконтейнерде сақтайды.
Таңбалау
Этикеткасында көрсетіледі.
-әрбір микробқа қарсы консерванттың аты
-қажет болса стерильді екені

Мұрынға арналған тамшылар мен аэрозольдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет