Зертханалық жұмыс №3 Кестені кесте шебері көмегімен құру. Мақсаты: Мәліметтер қорының барлық объектісі: кесте шебер режимімен жұмысын түсіндіру және жұмыс істей білуге үйрету.
Шебер (Мастер) — белгілі мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін шебер жұымысы бірнеше қадамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңді атап кетуге болады. Программа шебер мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.
1. Шебер көмегімен М.Қ. құру үшінІске қосу → Бағдарламалар → Microsoft Access командасын орындаймыз. Ашылған Microsoft Access сұхбат терезесінен жаңа мәліметтер қоры опциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз.
2. Жаңа мәліметтер қорына ат беріп сақтаймыз.
3. Кесте терезесінен Кесте шебері режимін таңдап аламыз да ОК басамыз
4. Кесте үлгілеріненСтудент кестесін таңдаймыз да, Өріс үлгілері бөлігінен керекті өрісті таңдап < қою батырмасын шертіп жаңа өріс кестесіне өткіземіз.
5. Егер кестеге мектепті енгізгін келсе онда Өріс үлгілерінен кез келгенді таңдап аламыз да өріс атын өзгерту батырмасын басамыз.
6.Ары қарай (Далее) батырмасын шерту. Жаңа кестеге ат беріпДайын (Готово) батырмасын шерту.
7. Кестені толтыру. Зертханалық жұмыс №4 Сұраныс. Мақсаты: Сұраныс жасау түрлерімен жұмыс істеуді үйрету.
Сұраныс — жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден берілген шарттарвға байланысты таңдап алу тәсілі.
Таңдау бойынша сұраныс. Сұраулар (запросы) қосымшасында құру батрымасын басамыз. Сонда жаңа сұрау сұхбат терезесі шығады.
Кестелерді қосу сұхбат терезесінен сұраныс жасалтын МҚ таңдап аламыз да Қою және Жабу батырмасын басамыз.
Кестенін өрістерінің атын екі рет шертеміз. Өріс сұрау бланкісіне қосылады…
Сұраныстың шарты деген жерге барып керекті өріс бағаны бойынша сұраныс жасаймыз.
Елі өрісіне «Россия» деп жазамыз да Сұранысты сақтаймыз.
Сұраныс терезесінде Елі атты кестені ашу арқылы тек қана Россия елінің спортсмендерін алып шыққанның көруге болады.
ПАРАМЕТРЛІК СҰРАНЫС
Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелінетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуальды кестелер құруға болады.
Өздік жұмыс.
1. Оқушы МҚ құр. Мынандай өрістерден тұрады: Фамилиясы, Аты, Бойы, Салмағы.
Бойы 180 кіші оқушыларына сұраныс құр.
Салмағы өрісі бойынша сұраныс құр.
2. Автосалон МҚ құр. Өз таңдауын бойынша сұраныс жаса.
Зертханалық жұмыс №5 Мәліметтерді електен өткізу. Сұрыптау. Іздеу. Мақсаты: Мәліметтер қорын қандай да бір шартты қанағаттандыратын жазбаларды көруді үйрету.
Қандай да бір шартты қанағаттандыратын жазбаларды көру фильтрация немесе електен өткізу деп аталады.
1.Іске қосу→ Программалар→ MS Access командасын орындаймыз. Ашылған сұхбат терезесінен мәліметтер қорын ашу опциясын таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз.
2. Әр түрлі файлдар (Другие файлы) опциясын таңдап ОК батырмасын шерту, ашылған Мәліметтер қорынан өз файлынды ерекшелеп терезенің оң жағындағы Ашу батырмасын шерту.
3. Кестелер қосымшасынан Спорт кестесін ашу.
4. Жазбалар → Фильт → Кеңейтілген фильтр командасын таңдаймыз.
5. Тізімнен қажетті өріс атына екіі шертіп және таңдау шартын енгіземіз.
6. Фильт → Фильтрді қолдану командаларын орындаймыз.
7. Көрсетліген шартты қанағаттандыратын мәліметтерден тұратын кестені экраннан көреміз.
Шарт А деп жазылса мысалы: Фамилияға Шарт (условие отбора) А*, онда А әрпінен басталатын фамилияларды көруге болады.