SIN_kaz электрондық кітабындағы тапсырмаларды орындау.
Ауызша сұрақтар
9. Тапсырмалар орындау
31–сабақ. PowerPoint туралы негізгі түсінік.PowerPoint көмегімен презентация көрінісі. Презентация- (лат.praesento тапсырамын немесе ағыл. Present- ұсыну) баяндамалар мен жобаларды, есеп беруді қорғау,жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет түрлерін, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну.
Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде жасалатын материалдар- презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тыңдаушыға тарататын материалдар.
Слайд тақырыптар, мәтін, кестелер,графикалық кескіндемелер,ұйымдатыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелерден құралған күрделібейне объект болып табылады.Әрбір слайдта түсіндірме мәтін енгізілген ескертпе беттері болады. Бұл бетке түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады.
Презентацияны белгілі тақырыптарға слайд- фильм деп те атайды.Слайд фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар – графикалық дестелер де бар. Осы құралдардың бірі –MS Office құрамдасы Windows-тың қосымшасы PowerPoint бағдарламасы.
PowerPoint презентация түрлеріне үлкен таңдау жасайды және екі және үш өлшемді график құрастырады, барлық объектттерді басқарады: өлшемдерді өзгерту,айналдыру,жоғары дәлдікті орын ауыстыру және т.б. Бұдан басқа бұл қосымшаға дыбыс пен бейне енеді.
PowerPoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді:
Компьютер экранында автономды көрсету;
Компьютерлі проектор арқылы көрсету.
Дәл осы шақта ортада көрсету.
Презентацияны алдын ала жоспарлау, оның мақсаты мен мазмұнын нақты түсіну.
PowerPoint-ты мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
Меню арқылы Пуск- Бағдарлама- MS Office- MS PowerPoint.
Қолданушы тінтуірдің оң батырмасын басып, Создать -Презентация - MS PowerPoint.
Қосу барысында диологты терезесі бар PowerPoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады.
Стандартты баптау кезінде MS PowerPoint терезесі келесі элементтерден тұрады:
Терезе тақырыбы
Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.
Инструменттер панелі- үнсіз келісім бойынша Стандартная және Форматирование панельдері көрсетіледі.
Жұмыс аумағы - құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс.
Қалып-күй жолы- көру режімі және презентация жайлы түрлі ақпарат.
Слайд тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелерден құралған күрделі бейне объект болып табылады. Әрбір слайдта түсіндірме мәтін енгізілген ескертпе беттері болады. Бұл бетке түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады.
PowerPoint презентация түрлеріне үлкен таңдау жасайды және екі, үшөлшемді график құрастырады, барлық объектілерді басқарады, өлшемдерді өзгерту, айналдыру, жоғары дәлдікті орын ауыстыру және т.б. Бұдан басқа бұл қосымшаға дыбыс пен бейне енеді.
MS Office- -тің құрамындағы презентациялық материалдар дайындауға арналған программа.Бұл программа слайдтар жасауға, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндіггін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әр түрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.