1.23. Сурет. Жазбаның атауын және мәтінін енгізу Мәтін енгізіліп болғаннан кейін, Блог жазбасы қосымшасындағы Блог тобында Жариялау батырмасын басыңыз (8.24. Сурет). Бағдарлама блог орналасқан сервиспен байланыс жасайды, біраз уақыттан кейін хабарлама жарияланады. Бұл туралы мәліметті жазбаның атауының астынғы жағыннан көре аласыз (8.25. Сурет). Жазбаның пайда болғанына көз жеткізу үшін, браузерді ашыңыз және блогтың мекен- жайын енгізіңіз (8.26. Сурет).
1.26. Сурет. Браузер терезесіне Word бағдарламасының көмегімен жарияланған жазбаның бейнеленуі Егер сіздің әр түрлі сферадағы бірнеше блогыңыз болса, сіз оларды оңай басқара аласыз. Ол үшін Блог жазбалары қосымшасындағы Блогтобында Есепке алу жазбасын басқару батырмасын басыңыз. Барлық сақталған есепке алу жазбалары Блогтың есепке алу жазбасытерезесінде тізімге енгізіледі (8.27. Сурет). Тиісті батырмалардың көмегімен оларды редактілеуге немесе жоюға болады. Бұдан басқа, Құрубатырмасының көмегімен жаңа есепке алу жазбасын қосуға болады.
1.27. Сурет. Блогтың есепке алу жазбасы Блог жазбасын редактілеу Word бағдарламасының құралдарын пайдаланып, сіз жаңа жазба құрып қана қоймай, сонымен қатар бұрыңғы жазбаны редактілей аласыз. Ол үшін Блог жазбалары қосымшасындағы Блог тобында Бұрыннан барды ашу батырмасын басыңыз. Бұрыннан бар жазбаларды ашу терезесі пайда болады (8.29. Сурет). Бұл терезеде блогта бар барлық қол жетімді жазбалардың атаулары енгізіледі. Жарияланымды редактілеу үшін қажеттісін таңдап. ОК батырмасын басыңыз.
8.29. Сурет. Бұрыннан бар жазбаны ашу терезесі Стилдерді, құюды және басқада пішімдеу құралдарын пайдалануды ұмытпаңыз, сонымен қатар хабарламаны жарияламас бұрын орфографиясын тексеріңіз. Бұл құрал- саймандардың барлығы Блог жазбалары қосымшасында орналасқан.