Очерктер, ой-толғамдар қилы кезеңдер



жүктеу 348.06 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата02.01.2017
өлшемі348.06 Kb.
  1   2   3   4   5

ОЧЕРКТЕР, ОЙ-ТОЛҒАМДАР

ҚИЛЫ КЕЗЕҢДЕР

Астыртын  үйірмеде  ауылда  бір  ай  жарымдай  болғаннан  кейін  мен  Петропавл  уезі

Полуден  болысындағы  Нілді  болыстық  мектебіне  оқытушы  болып  тағайындалып,  сол

мектепке жүріп кеттім.

Боровойдағы  сияқты,  Нілді  мектебі  де  əжептəуір  мектеп  екен.  Мектептің  ішкі

жабдықтары  да  жаман  емес:  парталары  да,  класс  сайын  тақталары  да  бар,  оқытушы

отыратын орындық, столы да бар, былайша айтқанда, кəдімгі мектеп сияқты еді.

Мұнда  да  қазақ  балаларына  арналған  жиырма  бес  балалық  интернат  бар  екен.  Елінің

ерекшелігі — оқуға кірем деушілер көбірек екен. Жыл сайын би-болыс, байлар осы мектепке

өз  балаларын  алғызбақшы  болып  таласқа  түседі  екен.  Мектеп  бастығына,  жеке

оқытушыларға  балалардың  əкелері,  туған-туысқандары  бірі  уезден  бірі  болыстан  əралуан

қағаздар  əкелсе,  кейбіреулері  мектеп  меңгерушісіне  пара  беруге  дейін  барып,  оқу  жылы

басталар  алдында  үлкен  тартыс  болып  өтеді  екен.  Соның  салдарынан  мектептегі

оқушылардың көбі əлді адамдардың балалары болатын.

Мен Нілді мектебінде 1905 жылдың күзіне дейін оқытушы болып істедім.

Осы  мектепте  екі  жыл  оқытушы  болған  кезімде,  педагогикалық  мамандығымды

арттырып,  өз  тұсымнан  оқып,  білімімді  толықтыра  бердім.  Мектепте  толық  орта  дəрежелі

білімі  бар  бірсыпыра  жақсы  орыс  оқытушылары  болды,  олардың  жақсы  кітапханалары  бар

еді.

1905 жылы август айында Омбыда бастауыш мектептердің оқытушыларына арналған бір



айлық  ауыл  шаруашылығы  курсы  ашылды.  Əуелден  оқуға  ынталы  мең  сұранып  сол  курсқа

бардым. Бізге жалпы жатақ үй берілді. Осы үйде жиырма шақты оқытушы жаттық. Қазақтан

жалғыз ғана мен едім.

Кеп  кешікпей  маған  бір  Иванов  деген  оқытушы  үйір  болды.  Ол  менің  қай  облыстан

келгенімді сұрастыра келіп:

—  Қостанайда  менің  де  болғаным  бар.  Педагогикалық  курстың  соңғы  класында  оқып

жүрген бір қазақ баласымен жақсы дос болып едім,— деді алғашқы танысқанымызда.

Менің  есіме  Əбубəкірдің  айтқан  Иванов  деген  танысы  сап  ете  түсті.  «Иə,  Əбубəкірдің

айтқан Ивановы екен ғой» деп ойладым да:

— Ол Əбубəкір Бəйтішев деген жігіт, қазір Қостанайда оқытушы болып істейді,— дедім

мен.

— Өте жақсы,— деді Иванов.



— Мен одан сіз туралы өзіме мүлдем таң-тамаша əңгімелер естідім,— дедім тағы да.

—  Ғажап,—  деді  таңданған  пішінмен  Иванов.  —  Мен  туралы  қандай  тамаша  əңгіме

болуы мүмкін? Бəлкім, сіз оның қандай əңгіме екенін маған айтарсыз.

Мен мүдіріңкіреп қалып, біраздан кейін:

— Əңгіме сіз туралы емес еді, сіздің, оған айтқан əңгімелеріңіз туралы еді,— дедім.

— Aha, — деді Иванов.

Бірақ осы «аһа» - дан кейін ол менің бір жерге барып келетін жұмысым бар еді деп, кетіп

қалды. Мен жатақ үйге қайттым. Иванов сол кеткенінен түн ортасы ауа келді.

— Қайда болдыңыз?—дедім.

— Бір үйде болдым, кейін оңашада өзіңе айтармын — дей салды.

Иванов  мені  бір  аптадай  сынап,  байқап  жүрді.  Мен  мұны  оның  қойған  сұрауларынан

кейбір сөздерінен байқап жүрдім. Ақырында, бір күні ол маған:

— Спандияр, бүгін кешке бір жерге барамыз. Бірақ есіңізде болсың мұны ешкім білмеуі

керек жəне ол үйге барып қайтқанымызда да тек екеуіміз ғана білуіміз керек— деді.

— Қайда? — дедім.

—  Қайда  баратынымызды  қайтарда  айтайын.  Аса  құпия  емес,  дегенмен  бір  үйге  барып

отырып қайтамыз...— деді.

— Мақұл.

—  Егерде  біреу-міреу  естіп  сұрай  қалса,  бір  достың  үйіне  барып  қайтқан  едік  дей

саларсың, мақұл ма? — деді тағы Иванов.

— Мақұл.


Кеш  болды.  Екеуміз  бір  үйге  бардық.  Иванов  есікті  қақты.  Ешкім  іштен  дыбыс  бере

қоймады. Иванов тағы да есікті қақты.

— Бұл кім? — деді біреу.

— Қожайын үйінде ме?

— Қазір,— деп əлгі адам есік ашты.

— Рақым етіңіз! — деп қарсы алды.

Иванов сəлемдескеннен кейін мені таныстырды.

— Беляев,— деп қолын ұсынды. Шашына да, сақалына да ақ кірген орта бойлы кексе кісі



екен.

— Көбеев,— деп мен де оның қолын алдым.

Біз төргі бөлмеге барып отырғаннан кейін Беляев менен қазақ елінің хал-жайың кəсібің

əдет-ғұрпын  сұрастыра  бастады.  Мен  оның  əрбір  сұрауына  қысқа-қысқа  жауап  қайырып

отырдым.  Осы  арада  тағы  да  екі-үш  адам  келді.  Олар  сəлемдесіп  отырысқаннан  кейін  тағы

да  бір-екі  адам  келді,  сонымен  сегіз-тоғыз  адам  болдық.  Бір  кемпірлеу  əйел  столға  бір-екі

тарелка  нан,  қант  қойып,  шыныаяқтарын  жайып,  самауыр  кіргізді.  Содан  кейін  бізге  шай

құйып берді де, езі шығып кетті. Бірақ ешкім шайды іше қойған жоқ.

Беляев орнынан тұрып, терезенің алдынан бір газетті алды. Сол газетті ұстаған күйінде

орнына қайта отырып:

—  Мынау  «Русское  слово».  Бұл  революцияшыл  газет  емес,  оны  өздеріңіз  де  жақсы

білетін шығарсыздар. Бұрын бұл газет революциялық толқынды əсірелеп жазып көрген емес-

ті. Əйтсе де мына нөмерінде «қазіргі қозғалысты кездейсоқ бунт деп қарауға болмайды» деп

жазыпты. Демек бұл қозғалыс бунт болмаса, онда ол революция ғой. Бірақ шындықты тура

айтуға  газеттің  тілі  жетпепті,—  деп  Беляев  бір  күліп  қойды.—  Солай  жолдастар,  Россия

қазіргі  күндерде  революцияның  қарсаңында  тұр.  Романовтардың,  жауыз  Николайдың,

самодержавиенің күлі кекке ұшатын күні енді алыс емес. Бостандық таңы жарқырап ататын

күн таяу


.

Осы  сөздерден  кейін  Беляев  таяудағы  кезекті  міндеттерді  айтты.  Бұл  жөнінде  айтылған

сөздердің  көбі  дерлік  маған  түсініксіз  болды.  Сондықтан  олар  менің  есімде  қалмапты.

Беляевтің таяудағы міндеттер жөніндегі айтқан сөздерінен есімде қалғаны революция жеңіп

шыққан соң, Россияда демократиялық республика құрылады деген сөзі еді.

Беляев сөйлеп болғаннан кейін оған сұраулар берілді.

Беляев  əрбір  сұрауға  жауап  қайтарып  отырды.  Кейін  əркім  өз  пікірін  айтты.  Беляевтің,

үйінен түнгі сағат он екі шамасында тарадық. Қайтып келе жатқанда Ивановтан:

— Беляев кім?—деп сұрадым.

—  Бұл  кісі,—  деді  Иванов,—  үлкен  революционер  адам.  Петропавловск  қамалында

жиырмадан аса жыл отырып, биыл шыққан. Орталық қалаларда  тұруға  рұқсат  етілмей,  осы

қалаға жіберілген — деді.

Осыдан  кейін  біз  Беляевпен  екі-үш  рет  кездестік.  Бірінде  қаланың  шетінде  бір

жұмысшының үйінде, тағы да бір ретте бір учительдің үйінде кездестік.

Төртінші рет біз Беляевтің өз үйінде кездесетін болдық. Қай күні, кім қай уақытта келуі

керек  оны  тиісті  адамдар  арқылы  кейін  хабарлайтын  болды.  Арада  бір  аптадай  уақыт  өтті.

Бір күні кешке қарай Иванов маған:


— Баққа барып, қыдырып қайталық,— деді.

Екеуміз баққа бардық. Қыдырып əңгімелесіп жүрдік.

Күн батты. Иванов маған сыбырлап:

— Қазір шалдың үйіне барамыз. Сен менің соңымнан еріп отыр,— деді.

Бақшадан  шықтық.  Жүріп  келеміз.  Бір  көшеден  өтіп,  Беляевтің  үйіне  қарай  бұрыла

бергенімізде, алдымыздан атты жандармдар шықты. Олар бір топ адамды айдап келеді екен.

Тұтқындар жанымыздан өтіп бара жатқанда байқасам, олардың ішінде Беляев та келе жатыр.

Біз  іркілмей  біраз  жер  жүріп  барып,  тоқтап,  бірімізге-біріміз  аң-таң  боп  қарап,  қатып

қалыппыз.

— Бұл не?—дедім мен таңданған күйімде.

—  Провал,—  деді  Иванов,—  енді  бəрімізді  де  ұстауы  мүмкін.  Біздің  арамызда

Охраниканың тыңшы адамы болғаны ғой. Əйтпесе, бұлай болуы мүмкін емес еді.

— Енді қайттік?

—  Енді  тəуекелге  бел  байлап,  жатақ  үйімізге  барамыз.  Таң  атқанша  аман  қойса,  ертең

Омскімен қош айтысуға тура келеді,— деді Иванов.

Жатақ үйге келдік. Қатерлі ешнəрсе сезілмеді. Біз тезірек шешініп жатып қалдық. Бірақ

ұйқымыз  келер  емес.  Ұзақ  таңды  көзімізбен  атқыздық.  Таңертеңгі  сағат  жетіде  тұрып,

жуынып, Иванов екеуміз далаға шықтық.

— Енді қайтеміз? — дедім мен.

— Менің жатақ үйде түгім де жоқ,— деді Иванов.— Заттарым басқа бір үйде. Мен кете

берейін. Сен де есебін тауып бүгін тайып бер. Ал қош, Спандияр!

— Қош, қымбатты Иванов! — деп Ивановпен қол алысып, қоштасып мен қалдым. Артына

жалт-жалт бұрылып қарап, қараған сайын бөркін көтеріп қош айтып, ол кетті.


ТҰТАНБАЙ ҚАЛҒАН ӨРТ

Омбыдан  қайтып  баяғы  елге  келсем,  мұнда  да  азан-қазан.  Бұл  елде  екі  үлкен  ру  бар

болатын. Бірі Керей, бірі Матақай рулары. Осы екі рудың басшылары ру таласын қоздырып,

елді бір-біріне қарсы атыстырып-шабыстырып қойыпты.

Елдің  болысы  Торсан  Тілемісов  деген  болатын.  Ол  Керей  руының  басшысы  еді.  Ал,

Матақай руының бір жуаны Наурыз деген бай болатын. Сол Торсан мен Наурыз болыстыққа

таласып,  бұрыннан  елді  арандатып  келе  жатқан  шонжарлар  екен.  Биылғы  жылы  Торсанға

өшіккен  Наурыз,  бүкіл  Матақайды  Керейге  қарсы  айдап  салып,  екі  елдің  арасында  үлкен

жанжал  басталыпты.  Тартыстың  басталуына  мынадай  бір  уақиға  түрткі  болады.  Ертеректе

Торсан болыс өзінің Бекен деген бесіктегі баласына Матақай руынан шыққан Жадыра деген

əлді  шаруаның  қызына  құда  түседі.  Балалар  ер  жеткен  соң,  Торсан  келінін  сұраған  кезде,

Матақай руының басшысы Наурыз: «Керей атаулыға, одан қалды Торсанның баласына жесір

бергізбеймін» деп қарсы шығады. Қыз болса, осы елдің Сүлеймен деген жігітін сүйеді екен

—  болыс  баласына  бармаймын  деп  шығады.  Əкесі  мен  туған-туысқандары  Наурыздың

айтқанынан шығып кете алмайды. Бір кезде Торсан ел аралаймын депті. Жолшыбай Матақай

еліне де соғамын депті деген лақап тарайды.

Осы  хабарды  естіген  Сүлеймен  Матақайдан  жігіт  жинайды.  Сөйтіп,  жігіттермен  тегіс

атқа қонып, ел аралап, болысты торып жүреді. Мұны естіген Торсан болыс та қасына бір топ

жігіт ертіп, бір күні осы елге келеді. Аңдып жүрген жігіттер болыс түскен бай үйді қоршап

алады.  Жігіттер  болысты  не  өлтіріп,  не  өлімші  етіп  сабап  қуып  жібермекші  болады.  Бұл

уақиғаға  тағы  да  бір  жағдай  ұштасады.  Көршілес  орыс  поселкелерінің  жігіттері

Сүлеймендерге:  «Орыстар  қазір  патшаға  қарсы  көтеріліп,  оны  тағынан  тайдырмақ  болып

жатыр.  Қазақтар,  тым  болмаса,  өздерінің  жергілікті  болыстарын  қууы  керек  емес  пе?»

деседі.


Сүлеймен бастаған жігіттер: «Орыстар мынадай себептермен көтеріліс жасап жатқанда,

біздің  тым  құрымаса  болысқа  əліміз  келмей  ме?  Көзін  жойып,  мүлдем  құртып  жіберелік!»

деп сөз байласады.

Əрине,  болысқа  мұндай  өшігу  тек  қана  бір  қыздың  мəселесіне,  ел  арасындағы  «жесір

дауына»  байланысты  емес  екені  өзінен  езі  анық.  Бұл  би-болыстардың  қорлық-зорлығы

шығырларын  қайнатқан  халық  бұқарасының  əбден  ашынғандығының  нəтижесі  еді.  Бұл

уақиға  1905  жылғы  революцияның  қазақ  даласындағы  дүмпуінің  нəтижесінде  туған

шаруалардың стихиялық ереуілі екені анық.

Сонымен  Торсан  болысты  торып  жүрген  үйді  қоршап  алады.  Бірақ  болыстың  қасына

ерген жігіттердің бірен-саран мылтықтары бар екен. Олар мылтық атып, үйді қоршап алған

жігіттерді  жасқантып  жуытпайды.  Ыза  болған  жігіттер  үйге  өрт  қояды.  Өрт  қаулап,  жалын

үйді құша бастаған кезде, болыс есебін тауып, жігіттерімен қолға түспей қашып кетеді.

Торсан  осы  уақиғалардан  кейін  Матақай  еліне  қарай  аяқ  баспайтын  болыпты.  Ол


Жадырамен құдалықтан да айрылысады. Қызды Сүлеймен алып қашып кетеді.

Осы  тартыс  1907  жылға  дейін  созылып  келіп,  Керей  руы  бір  болыс,  Матақай  руы  бір

болыс  болып  екіге  бөлінді.  Бірақ  Торсан  осыдан  кейін  өз  елінде  де  болыс  бола  алмай

орнынан түсіп, баласын болыс қойғызды.

Мен Омбыдан қайтып келген кездегі ел ішіндегі бір үлкен тартыс осы Сүлеймен бастаған

ереуіл  болды.  Мен  мұны  қазақ  шаруаларының  өкіметке  қарсы  ереуілдерінің  жалғасы  деп

білдім.  Өйткені  жергілікті  əкім  болысқа  қарсы  ел  жігіттерінің  тегіс  атқа  мінуі  тек  «жесір»

мəселесіне ғана байланысты деу дұрыс болмас еді.



ҚОСТАНАЙДАН ХАТ

Мен  Нілді  мектебінен  Петропавловскідегі  екі  класты  орысша-қазақша  мектепке  баруға

тиісті  болдым.  Мұнда  келгеннен  кейін  оқу  да  басталып  қалды.  Менің  бұл  қалада

таныстарым жоқ еді. Келген кезде Омбыдағы уақиға есіме түсіп, сақтаныңқырап, ешкіммен

сырлас  болғым  келмеді.  Бір-екі  ай  тек  балаларды  оқытуды  ғана  біліп,  өзіммен  өзім  болып

жүрдім де қойдым.

Октябрьдің аяқ кезінде ауылдан Кəмел ағам келді. Ел ішінде əралуан хабар бар, Спандияр

қалай екен біліп қайт деп туған-туысқандарым жіберген екен. Ел-жұрттың амандығын естіп

қуанып қалдым.

Кəмел ағам менімен сөйлесіп отырып:

— Патшаны тақтан түсіреді екен деген сөз не? Ел ішінде осындай бір лақап тарап кетті...

— деп сұрады.

— Оны кім айтып жүр?—дедім, «ел құлағы елу» деген мақал есіме түсіп таңырқанып.

— Кім дерің бар ма? Жұрттың бəрі осылай деп айтып жүр. Қостанайда болған кезімде де

осындай хабарды əркімнен естідім.

Кəмел  Қостанайда  Бекет  Өтетілеуовке  кездескен  екен  ол  маған  хат  жазып  жіберіпті.

Бекет  хатында  амандықты  айта  келіп,  астарлы  сөздермен  Қостанайдың  хабарын  айтыпты.

«Мұнда  не  көп  —  думан  көп.  Алқақотан  отырыс  та  кеп,  шешендер  де  кеп.  Ел  аяғын  батыл

басатын  болыпты.  Адамдардың  тілі  құлаш-құлаш  шығады.  Жер  құдайы  қаусап,  хəлі  бітіп,

өлуге қалыпты деген сөз бар. Оның орнына енді адам отырады екен деседі. Біздің Əбубəкір

де жақсы шешен болып алған. Бірер жиылыста оның сөзін де естідім. Əбекең білегін білей

сөйледі.  Өзінің  қойын-қонышы  тасқа  басқан  қағазға  толған.  Ол  отырып  кеткен  жерде  сол

қағаздар  шашылып  қалады.  Сол  қағаздардың  бірнеше  данасы  менің  де  қолыма  түсті.  Оқып

көрсем, «жер құдайы кəп кешікпей жан тапсырады» делінген сездер жазылған екен...

Бекеттің жазған хатының ұзын-ырғасы осындай еді. Əрине, мен мұның бəрін де түсіндім.

Қостанайда  жиындар  жиі  болып  тұрады.  Патша  үкіметіне  қарсы  сөз  сөйлеушілер  көп,

листовкалар  таратылып  жүр  дегенді  мен  бұрын  да  естіген  едім.  Бірақ  Бекеттің  хатынан

менің  білген  бір  жаңалығым  Əбубəкір  Бəйтішев  революциялық  қозғалысқа  белсене

қатысатын  болыпты.  «Өзінің  қойын-қонышы  тасқа  басқан  қағазға  толған»  деген  сөздерді

мен  листовкалар  ғой  деп  түсіндім.  Шынында  да  солай  болып  шықты.  Ивановтың  «ауруы»

Əбубəкірге майдай жұққан екен дедім ішімнен.

Кейін  білдім,  Қостанайда  жалғыз  Əбубəкір  емес,  бірнеше  қазақ  оқытушылары  мен

педагогикалық  курстың  бірқатар  оқушылары  да  листовкалар  таратып,  кейбіреулері

жиындарда  сөз  де  сөйлеп,  революциялық  қозғалысқа  белсене  қатысты.  Революция  күшпен

басылғаннан  кейін  бірқатар  оқытушылар  мен  оқушылар  оқудан  қуылыпты,  оларды


педагогикалық курстың бастығы, баяғы Греховодов қудалапты.

Петропавловскідегі  мектепте,  Қостанайдағыдай  ашықтан-ашық  көшеге  шығып,  бой

көрсетіп,  сөз  сөйлеген  қазақ  оқытушылары  бола  қойған  жоқ.  Бірақ  мектептің  өз  ішінде

патшаның суретін алып тастаған патша үшін дұға оқып тілек тілеуден бас тартқан уақиғалар

болды. Бұған бұқарашыл бағыттағы оқушылардың бəрі де тегіс қатысты деуге болады.

Қазақстанның  солтүстік  аймағында  1905  жылғы  тұңғыш  орыс  революциясының  дүмпуі

мен жаңғырығы осындай болды.

Солтүстік  аймақтың  қалың  халық  бұқарасы,  сол  бұқараның  арасынан  шыққан  азғана

оқытушылар  жұртшылығы,  революцияға  іштей  тілектес  болып  қана  қоймай,  сонымен  бірге

үн де қосқан еді.



АУЫР ЖЫЛДАР

Мен Петропавловскіде екі класты орысша-қазақша мектепте 1910 жылдың жаз айларына

дейін  болдым.  Бұл  менің  өмірімдегі  ең  бір  ауыр  жылдар  болды.  Революция  жеңіліске

ұшырағаннан  кейін  жергілікті  өкімет  орындары  ең  алдымен  мектептерді  қолға  алды.

Революцияға  ниеттес  екенін  білдірген  патша  үкіметіне  қарсы  сөз  айтқан  оқытушылардың

бір-екеуі айдалып та кетті. Айдалудан аман қалған оқытушылар да қатаң бақылауға алынды.

Не керек реакция қара түнек болып төнді.

«Аттың  сыры  шапқанда  білінеді,  ердің  сыры  сасқанда  білінеді»  деген  ете  дұрыс  мақал

екен. Революцияның өрті лаулап, патша өкіметінің басына күн туған заманда аузымен орақ

орып жүрген Иван Тенанякин деген оқытушы реакция жылдарында өзінің нағыз оңбаған екі

жүзділік бейнесін айқын көрсетті. Ол менің үстімнен де шағым берді. Ол маған біріншіден

айдалып  кеткен  оқытушылармен  дос  болған  адам,  екіншіден  патша  өкіметінің  жеңісіне  үн

қоспады, үндемей қалды, үшіншіден Крыловтың сықақ мысал өлеңдерін аударып, оны қазақ

оқушыларының арасына таратып жүр деген кінəлар такты.

Полиция  (жаңылмасам,  Петропавловскідегі  пристав  болуы  керек)  менен  бірнеше  рет

жауап та алды, бірақ айыптауға ешбір дəлел таба алмағандықтан болу керек көп кешікпей-ақ

менен жауап алуын тоқтатты.

Алайда басқан аяқ аңдулы болды. Енді тек балаларды оқыту, өз тұсыңнан оқып, біліміңді

көтере  беруден  басқа  ештеме  қалмады.  Сен  қайда  бардың,  кіммен  сөйлестің,  не  айттың  —

осының  бəрі  де  аңдулы  еді.  Əрине,  мұндай  жағдайда  маған  мұнда  оқытушы  болып  қалуға

мүмкін емес еді. Мен басқа бір жерге жіберуді сұрап арыз жаза бастадым.

Осы  жылдарда  (1908-1909)  мен  баяғыдан  бері  өзім  аударын  келген  Крыловтың

мысалдарын  қайта  өңдеп,  олардың  үстіне  тағы  да  керекті  деп  тапқан  бірнеше  мысалдарын

аударып,  қырық  төрт  мысал  өлеңді  «Үлгілі  тəржімə»  деген  атпен  Қазан  қаласына

Каримовтардың баспасына жібердім. Төрт-бес айдан кейін «сіздің жинағыңызды кітап етіп

бастырып шығаратын болдық, келесі жылы баспадан шығады» деген хабар келді.

Арада  бір  жыл  етті.  Кеп  арыздар  маза  бермеген  болу  керек  мені  қазіргі  Қостанай

облысының  Ұзынкөл  ауданындағы  Федоровқа  селосында  ашылған  екі  класты  орысша-

қазақша  мектепке  (ол  кезде  Пресногорковскінің  екі  класты  орысша-қазақша  мектебі  деп

аталынатын)  оқытушы  етіп  жіберді.  Ол  менің  өз  ауылымнан  60  шақырымдай  жердегі  село.

Мең əрине, қатты қуандым. Оған 1910 жыл июль айында келіп, 1919 жылдың күз айларына

дейін оқытушы болып тұрдым.



САҒИЛА

Жазғы  демалысты  ауылда  еткізейін  деп  келгенмін.  Ел  қыстан  күйлі  шыққан  екен.

Жатақтардың егіндері де жақсы шығыпты. Жауын көп, шөп əлі жап-жасыл, мал семіз, ауыл

да көңілді екен. Демалыс жақсы етіп жатты. Күнде бір үй шақырады. Ауыл жігіттері менің

қасымнан  кетпейді.  Бала  күнімнен  бірге  өскен  Дүйсен  Дүйсенбек  (қазір  «Ақсуат»

колхозының мүшелері) сияқты құрбыларым:

—  Біз  үйелмелі-сүйелмелі  балалы  да  болдық.  Сен  болсаң,  əлі  үйленбепсің  де.  Оқыған

болғандағы озғаның сол ма? Жасың отыздан асып барады үйлену ойыңда бар ма, сірə? Тым

құрмаса, кездегенің бар ма? — деп əзілдей береді. Мен де оларға:

— Заманымыз бірге құрбы едік. Мен болсам, оқытушымын қолым тимей, басқа елдерде

жүрмін. Сіздер болсаңыз, ауылда жүрсіз. Бəлкім, маған деп өздеріңіздің кездеп қойғаныңыз

бар шығар? —деймін əзілдеп.

—  Ұнаса,  біз  кездеп  қойдық,—  десті  олар.—  Мына  Шектібай  аулындағы  Баймағамбет

дегеннің бойжетіп отырған бір қыз бар, — аты Сағила. Он сегіз, он тоғыз жастар шамасында.

Өзі  мұсылманша  хат  таниды.  Ай  десе  аузы,  күні  десе  көзі  бар—сұлу  қыз.  Сол  қызды

айттырып көрші. Сəдуа деген оқыған ағасы да бар. Сəдудің өзі кішіпейіл, ұстамды, ақылды

жігіт.  Əкесі  қиқаңдайтын  болса,  сол  Сəду  арқылы  қимылдаймыз.  Ол,  сөз  жоқ,  қарындасын

саған бергізеді. Талай адам айттыра келген екен Сəду Сағиланы малға сатпаймыз, өзі қалап,

сүйген  жігітіне  барсын  деп  қашырыпты.  Сағиланы  айттырып,  соңынан  қалмай  жүрген  өзің

білетін  Нұржақып,  бірақ  оны  қыз  ұнатпайтын  көрінеді.  Қыздың  əкесі  Нұржақыпқа  бергісі

келетін сияқты. Бірақ əp жағынан қызы көнбей, екінші жағынан баласы көнбей, əкесі қызын

Нұржақыпқа  беремін-бермеймін  деп  ешнəрсе  ашып  айта  алмай  сөзбидаға  салып  жүрген

көрінеді. Сен сол қызды көрші.

— Көрсек көрелік.

— Онда бүгін-ақ барсақ қайтеді? — деді Дүйсенбек.

— Қанша жер?

— Он-ақ шақырым.

— Осы жерде, иектің астында,— десті басқалары.

Жігіттердің  маған  қамқорлық  етуінің  себебін  мен  кейін  білдім.  Əжем  мен  ағаларым:

«Осы  демалыс  кезінде  Спандиярға  кімнің  де  болса  біреудің  қызын  айттырып,  құда  түсейік

деп  едік.  Сендер,  құрбыларысыңдар  ғой,  құлақ  қағыс  етіп  көріңдерші.  Біздің  ойымызша,

Баймағамбеттің, қызы лайықты, соңы айттырайық деп едік»,—деген екен.

Келесі  күні  кешке  қарай  үш  жігіт  боп  Шектібай  аулына,  Баймағамбеттің  үйіне  бардық.


Біз  үй  сыртына  жақындап  келгенде  өзім  шамалас,  сыпайы  киінген  бір  жігіт  үйден  шықты

бізге қарай жүрді.

— Сəду,— деді Дүйсек.

— Жолымыз болды, иə сəт! — деді екінші жолдасым.

Біз ат үстінде тұрып-ақ сəлемдесіп таныстық. Сəду жылы шыраймен қарсы алып:

— Қош келдіңіздер, түсіңіздер,— деді.

— Қош уақытта болыңыз,— деп Дүйсек түсе бастады. Бəріміз де түстік.

Аттарыңызды  байлап  тастап  үйге  қарай  келе  жатқанымызда,  сұңғақ  бойлы  бір  жас  қыз

біз келе жатқан үлкен үйден шығып, отауға қарай жүрді.

— Əне! — деп қалды Дүйсек маған күбір етіп.

— О не? — деппін мен аңқау басым.

Дүйсек маған кезін алартып бір қарап, тағы да күбірлеп:

— Тегі сен Қожанасырдың əңгімелерін көп естіген шығарсың,— деп күлді.

— Естісем ше,— дедім тағы да.

— Бəсе,— деп күлді Дүйсек.

Сол  арада  үйге  де  кірдік.  Үйдегілер  іргеден  қарап  көріп  отырса  керек  төрге  төсеніш

төселіп, көрпе де жайылып қалған екен.

Біз отырғаннан кейін Сəду, əке-шешесіне біздің кім екенімізді айтты.

—  Бəрекелді,  келгендерің  жақсы,  шырақтарым,—  деді  Баймағамбет  қарт,—  Сəду

қарағым, Сағила қайда, самауыр қойсын. Малға кісі жібер.

Сəду  сыртқа  шығып  кетіп,  біраздан  кейін  қайтып  келді,  Сəду  екеуміздің  əңгімеміз

бірден-ақ жараса қалды.

— Мына екеуі бірінің тілін бірі тапты. Бізді қойды,— деді Дүйсек күліп.

— Бəрекелді, тапқаны жақсы,— деп Баймағамбет ақсақал сақалын бір сипап қойды.

Сағила  шай  жасап,  кіріп-шығып  жүр.  Ойшыл  үлкен  көздері  қап-қара,  қыр  мұрынды,  екі

бұрымы оқтаудай, шашып маңдайына жара бөлген үстіне қос етекті бүрмелі ақ көйлек киген

қара торы қыз.

Сəду  өзі  Боровойдағы  болыстық  мектепті  бітіріпті  де,  əрі  қарай  оқи  алмапты.  Ол  сөз



арасында қарындасының да əрі оқи алмағанына қынжылып:

—  Мұсылманша  оқып,  сауатын  ашты  да,  одан  əрі  оқи  алмады.  Зерек  оқитын  еді,  босқа

бағы байланды,— деп отырды.

Сол күні кешке осы үйде болдық. Ертеңіне Сəдудің бір құрбысыныкінде түстеніп, кешке

қарай  ауылға  қайттық.  Қыз.  маған  ұнады.  Маған  қыздың  ата-анасы  да,  ағасы  да,  сəн-

салтанаты да ұнады.

Ақырында,  ағаларым  құда  түсіп,  Сағиланы  маған  айттырды.  Неге  екенін  кім  білсін

Баймағамбет  ақсақал  қызын  бергісі  келмепті,  əлде  дəулетті  Нұржақыпқа  бергісі  келді  ме.

Алайда Сəдудің күштеуімен əкесі көніп, кеп кешікпей-ақ екі ауыл құда болысты.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет