Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel



бет18/65
Дата06.01.2022
өлшемі3,6 Mb.
#14392
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
информатика

Бақылау сұрақтары:

1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?

2. Excel-дегі мәліметтер базасында реттеу қалай орындалады?

3. Мәліметтерді сүзу не үшін керек?

4. Данные - форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?

26-сабақ. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік. Мәліметтер үлгілерінің түрлері. Реляциалық, иерархиалық, желілік мәліметтер базасы.

Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге де болады. Ал, компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі- жұмыс жасауға қажетті берілгендер қорын құру. Адамның қызметі немесе жеке басы жұмыстарында әр түрлі дерек көздерденалынған және олардың әрқайсысы қандай да бір қызмет түрімен байланыста болатын берілгендермен жұмыс істеуіне тура келеді. Осы берілгендерді жинақтап, бір жүйеге келтіру үшін арнайы білім мен ұйымдастыру дағдысы қажет. Информацияны сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы берілгендер қоры болып табылады. Берілгендер қоры- берілген құрылымдағы информациялардан тұратын арнайы форматтағы файл. Берілгендер қорын басқару жүйесі- берілгендер қорымен жұмыс жасауға арналған программа. Олардың қатарында DBASE,FOXPRO,MS Access бағдарламалары бар.Көптеген берілгендер қоры кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағанның қиылысуымен анықталады. Берілгендер қорында бағандарды өрістер деп, ал жолдарды жазбалар деп атайды.Өрістер берілгендер қорының құрылымын, ал жазбалар ондағы информацияларды құрайды.

Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиім-ді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер.

Кесте- жазбалар мен өрістерден тұратын берілгендер қорының негізгі объектісі.Кестелерде берілгендер сақталады.

Сұраныс- берілгендерді бір немесе бірнеше кестеден қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал.Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді,іріктейді,өзгертеді, яғни өңдейді.

Форма- кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.

Есеп - кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы.

Макрос- макрокомандалар жиынтығы.Егер БҚ- да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады.

Модуль –Visual Basic тілінде жазылған прграммалық процедура.

Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, сондықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоры – қазіргі уақытта едәуір кең таралған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қорында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қорымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі. MS Access-те деректер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұраныстар жатады.

MS Access-те деректер қорын құрудың екі тәсілі бар. Бос деректер қорын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа объектілерді қосуыңызға болады. Мұндай тәсіл едәуір қолайлы, бірақ деректер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты талап етеді. Бұдан басқа, барлық қажетті кестелермен, пішіндерді және есептермен айқын түрдегі деректер қорын шебердің көмегімен құруға болады. MS Access сізге арналған түрлі деректер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл көп жағдайда қолдануға ыңғайлы. Екі жағдайда да кез-келген уақытта өзіңіз құрған деректер қорын өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар



MS Access бағдарламасына кіру жолы: Пуск – Все программы – MS Office – MS Access, яғни

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Реляциялық ДБ деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. Реляциялық деректер базасында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрістер деп аталады. Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет