Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі оқу құралы ретінде ұсынған АЛМАТЫ РАУАН” 1992
Пікір жазған химия ғылымының кандидаты Ә. Қоқанбаев Жайлауов С.
Ж 19 Физикалық химия — Алматы, Рауан,— 1992 — 255 бет.
5-625 00494 3
Оқу құралы арнайы химия мамандарын даярламайтын жоғары оқу орындарының физикалық және коллоидтық химия программасы негізіңде жазылды Еңбекке физикалық және коллоидтық химияның зат құрылысы туралы түсінік, химиялық термодинамиканың негізі, фазалық тепе-теңдік және ерітінді, электрохимия химиялық кинетика және катализ, коллоидты системалар сияқты негізғі бөлімдері енгізілді Сондай-ақ, онда физикалық және коллоидтық химияны қолданбалы ғылымдармен байланысы, олардың өндіріс салаларында қолданылу мысалдармен түсіндірілді.
Кітап технологиялық, ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарынын студенттеріне арналған
Жайлауов С , 1992 ББК 245 я 73 АЛҒЫ СӨЗ
Жоғары дәрежелі дамыған, ең жаңа қондырғылармен жабдықталған халық шаруашылығының түрлі салаларын қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін игерген, білікті мамандармен қамтамасыз ету — бүгінгі күннің өзекті істерінің бірі. Бұл сияқты өте маңызды шараның жүзеге асуы үшін осы заманғы ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген, жоғары сапалы оқулықтар мен оқу құралдары өте қажет.
Орыс тілінде химия ғылымы, оның түрлі жаңа салалары бойынша көптеген зерттеу еңбектер, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жарык көрген. Университеттер мен арнаулы химия-технологиялық институттардың студенттеріне арналған Я. И. Герасимов, В. А. Киреев, С. С. Воюцкий, К. С. Краснов т. б. ғалымдардың физикалық және коллоидтық химия жөнінде оқулықтары бар. Сол сияқты Р. А. Хмелыницкий, А. Г. Стромберг, В. Н. Кондратьев, А. Б. Болдырев, X. Уильямс, А. Б. Лукьянов т. б. ғалым-ұстаздардың түрлі салалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдарын да айта кеткен орынды.
Алайда қазақ тілінде жазылған жаратылыстану-техникалық ғылымдарға қатысты оқулықтар мен оқу құралдарының әлі де тым тапшы екені, республикамызда білім алып жүрген студенттердің сұранымын толық қанағаттандыра алмай отырғаны құпия емес. Өздеріңізге усынылып отырған бұл оқу құралы осынау олқылықтың орнын аз да болса толтыру мақсатында жазылды.
Бұл оку қуралы — физикалық химия жөнінде қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбек. Ол техникалық, педагогикалық, ауыл шаруашылық, зоотехникалық-мал дәрігерлік, медициналык жоғары оку орындарының ықшамдалған арнаулы программаларына сәйкес жазылған.
Жоғары және арнаулы оқу орындарында физикалық және коллоидтық химия курсы мәтематика, физика, жалпы химия, органикалық химия, аналитикалық химия пәндері өтілгеннен кейін оқытылады. Сондықтан олардағы кейбір мате-риалдарды кайта баяндап жатпау мақсатымен қолдарыңыздағы оқу құралында көптеген тараулар еске тұсіру мақсатымен қысқаша баяндалды. Ал кейбір тақырыптар мүлде сөз етілмеді. Атап айтсақ, “Агрегаттық күй”, “Химиялық термодинамика негізі”, “Молекула құрылысы” тәрізді тараулар қысқа жазылса, “физикалық және химиялық анализдеу әдістері”, “Полимер ерітінділері” сияқты тараулар кітапқа енгізілген жок. Оның есесіне химиялық кинетика, адсорбция және беттік активті зат жөніндегі материалдар мүмкіндігінше толығырақ қамтылыл, егжей-тегжейлі баяндалды.
Оқу қуралы физикалық және коллоидтық химия деген екі бөлімнен турады. Кітапта аталған тараулардың өзара сабақтастықта баяндалуына баса назар аударылды. Көптеген химиялық құбылыстарды түсіндіруде графиктер мен суреттер
берілді. Негізгі анықтамалар мен заңдардың, ережелер мен қағидалардың түпкі мәнін ашып керсету, талданатын құбылыстардың ғылыми мазмұнын түсініп, игеруді жеңілдету мақсатымен курделі математикалық өрнектен бас тартып, оны мүмкіндігінше карапайым тілмен үтымды баяндауға талпыныс жасалды.
Кітаптың жазылу барысында Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Е. Ә. Бектұров, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ. А. Жубанов, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор К. Үшбаев, доценттер Я- Рахматуллин мен К. Жумәділов және Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Алматы филиалындағы орга-никалык және физикалық коллоидтық химия кафедрасындағы окытушылар орынды ақыл-кеңестер берді.
Автор. Кіріспе
Физикалық химия зат құрылысының заңдылығын, химиялық системадагы тепе-теңдікті, тепе-теңдіктегі бір күйден екіншіге ауысу мүмкіндігін көрсететін заңдылықты және химиялық түрлену процесін зерттейді. Мұндағы екі мәселе, атап айтқанда тепе-теңдікте тұрған күй мен осы күйден екіншіге ауысу кезіндегі жалпы заңдылықты зерттеу, физикалық химияның негізгі тарауы болып саналады.