§ 23. АКТИВТЕНДІРУ ЭНЕРГИЯСЫ Химиялық реакция жылдамдығын өрнектейтін өлшемдердін, арасындағы маңызды шамалардың бірі — жылдамдық констан-тасы. Ол, әсіресе, реакция жүретін ортаньщ температурасына ті-келей байланысты. Температура реагент концентрациясына, ал реакция реттілігі температура аса көп жоғарыламаған жағдайда өзгеріссіз қалады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, температура жоғарылаған сайын, реакцияның жылдамдығы артып, жылдам-дық константасы өседі. Жалпы реакция температурасын әрбір он градусқа көтергенде гомогенді реакцияның жылдамдығы 2—4 еседей артады. Мұны Вант-Гофф ережесі дейді және оны келесі теңдеумен өрнектейді:
Бұдан температураны 100°С көтергенде, температуралық коэф-фициент ү = 2, реакция жылдамдығы шамамен мың еседей арта-ды, ал ү = 4 болғанда ол бір миллиондай есе артады. Кейбір био-логиялық процестердін, температуралық коэффициенті 6-таблицада келтірілген. Жылдамдық константасының температураға тәуелділігін тә-жірибе кезінде табылып, тұжырымдалған Аррениус теңдеуі дә-лірек өрнектейді:
(145)
Бұл теңдеу түзу сызықты кескіндейтін болрандықтан, ондағы реакция жылдамдығының логарифмдік константасы, осы реакция температурасының кері қатынасына тура пропорционалды неме-се түзу сызықты тәуелділікте болады. А және В тұрақты шама және оның мәнін тәжірибе кезінде әр түрлі температурада өлшеп тапқан жылдамдық константаларының мәні бойынша есептеп табады.Бұл (145) теңдеу бойынша көптеген химиялык реакция-лардың шарты дәл орындалып, есептеуі тура шығады. 34-суретте газды фазада жүретін сутекті иодтың сутек пен иодқа ыдырау реакциясына тиісті есептеулер мен графиктер (145) теңдеу бо-