МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


Структуралық-механикалық тұрақтылық



бет129/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   147
Структуралық-механикалық тұрақтылық. Дисперсті системаның тек полюсті системадағы ғана емес, сондайақ оның көмірсу-текті ортадағы тұрақтылық проблемасын П. Ребиндер мен оның ғылыми мектебі қарастырып келеді. Лиофобты системаның тұрақ-тылығын арттырудағы барынша жалпы жай, ол бөлшектің беткі қабатында мейлінше берік адсорбциялық қабаттың пайда болуын немесе дисперстік ортаның едәуір берік структурасын құрайды. Мұндағы бірінші жағдайға орай, пайда болатын адсорбциялық қабат бөлшектерді бір-біріне жақындатпайтын механикалық ке-дергі болатындықтан да, онда коллоидты ерітіндінің ұю құбылысы жүзеге аспайды. Сонда, бұл системадағы бөлшектердін, кездесуі жылулық қозғалыс әсерінен адсорбциялық қабаттардың тек сер-пімді гана қақтығысуына саяды. Ал, екінші жағдайда, системада пайда болған структуралық тор бөлшек қозғалысын шектейді екен.

Өзінің құрамына әрі мықты адсорбциялық қабаттардың пайда болуын, әрі көлемдік структураның туындауын қосатын структура-лық-механикалық тұрақтылықтьщ көмегімен зольдерге электро-литтердің енуіне сезімтал қабілет беруге болады. Су системасын-дағы жақсы әсер етуші тұрақтандырушылар, ол белоктар мен олардың жартылай гидролиз кезіндегі өнімдері. Зольдерге поли-сахаридтерді, синтетикалық полимерлерді қосу арқылы олардың тұрақтылығын арттыруға болады.

Су ерітіндісіндегі түрлі заттардың тұрақтандырушы әсерін са-лыстыру үшін көптеген тәжірибелер жүргізілді. Үлгі ретінде алтын және конго-рубин зольдері алынды. Ұюдан қорғайтын әсердің өлшемі ретінде зольдің белгілі көлемдегі мөлшері, ұйымайтын қор-ғаушы заттың саны қабылданды. Мысалы, 10 см3 коллоидты ері-

224

тіндіні ұюдан қорғау үшін белгілі концентрациядағы электролиттің мөлшерін, айталық 1 см3 10%-тік натрий хлоридін қосу керек. Осы санды қорғаушы сан деп атайды. Сол секілді алтын мен конго-рубин зольдерін ұюдан қорғайтын затты миллиграммен өрнектеп, оны алтын және рубин сандары деп атайды.

Желатин, натрий казеинаты, альбуминдер және сол сияқты зольді ұюдан қорғаушы заттардың арасында сапалық ерекшелік-тер бар екен. Мысалы, желатинмен гемоглобинді салыстырсақ, оның алтын саны 6 есе артық, ал рубин саны керісінше 3 есе кем екен. Әйтсе де бұлардың бәрі золь қасиеті әр түрлі болғандықтан оны ұюдан қорғаушы затқа сипаттама болмайды. Белоктардың, полисахаридтердің және басқалардың қорғаушы қасиеті жоғары дисперсті суда еритін дәрі-дәрмектерді әзірлегенде жиі пайдала-нылады. Полюсті емес ортадағы зольдерді ұюдан қорғау үшін, дисперстік ортаға көп валентті металдардьвд сабынын, жоғары молекулалық қосылыстарын қосады. Бұл әдіс бензолдағы, толуол-дағы және басқа да көмірсутекті ортадағы металдардың және ок-сидтердің тұрақты золін алу үшін жиі пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет