Филология ғылымдарының кандидаты С.Ғ.Қанапина2010 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты монографиясында: «Мақал-мәтел-өмір шындығы, әлемнің басталуы мен аяқталуы, адамзат баласының дүниеге келуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы бар сияқты дүниедегі барлық заттардың, құбылыстардың қарама-қарсы ұғымынан туатынын көрсетеді» -деген [2, 4].
Филология ғылымдарының кандидаты С.Ғ.Қанапина 2010 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты монографиясында: «Мақал-мәтел-өмір шындығы, әлемнің басталуы мен аяқталуы, адамзат баласының дүниеге келуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы бар сияқты дүниедегі барлық заттардың, құбылыстардың қарама-қарсы ұғымынан туатынын көрсетеді» -деген [2, 4].
Филология ғылымдарының кандидаты Шолпан Пернеқұлқызы Қарсыбекова өзінің 2004 жылы жазған «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері» атты диссертациясының авторефератында былай деген: «Мақал мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы, ол - ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі-бақи бірге жасап, біте қайнасып, етене сіңісіп кеткен дүние. Сондықтан да, жұртшылық оны ел жадында сақадай сай дайын тұрған қазына ретінде ұстап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдалануға, сол арқылы өз ойын көрікті де бейнелі түрде білдіруге тырысады» [3,3-бет].