Мұстафа кемал ататүрік–ТҮрік мемлекетінің негізін қалаушы



бет3/38
Дата23.01.2023
өлшемі14,27 Mb.
#62528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
A) 1913-1920 жж.
B) 1914-1918 жж.
C) 1915-1919 жж .
D) 1918-1919 жж.
E) 1919-1932 жж.

2. Ф.Рузвельттің Гарвард университетін бітірген жылы


A) 1899 ж.
B) 1900 ж.
C) 1904 ж.
D) 1928 ж.
E) 1932 ж.

3. АҚШ-ты Еуропа мен Азиядағы жаңа соғыстан қорғауды мақсат еткен заң


A) бейтараптылық туралы
B) жалдамалы жұмыс күшінің әділдігі туралы
C) әлеуметтік қамсыздандыру туралы
D) негізгі ұйымдар туралы
E) өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы

4. Ф.Рузвельттің төртінші мәрте президент болып сайланған жылы


A) 1928 жыл
B) 1932 жыл
C) 1936 жыл
D) 1940 жыл
E) 1944 жыл

5. 1937 жылы Ф. Рузвельттің мемлекеттегі оқшаулану саясатынан бас тартуына себеп болған оқиға


A) Германияның Польшаға басып кіруі
B) Жапонияның Перл-Харбордағы ойраны
C) Германияның КСРО-ға соғыс ашуы
D) Жапонияның Қытайға басып кіруі
E) Германияның Францияға баса көктеп кіруі



  1. ШАРЛЬ де ГОЛЛЬ



Шарль Андре Жозеф Мари де Голль 1890 жылы Лилль қаласында дүниеге келген. Француз генералы, мемлекет қайраткері. Бесінші Республиканың негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті (1958—1969жж.).
1943 жылы маусымда Шарль де Голль Алжирде құрылған Франция ұлттық азат ету комитетінің тең төрағасы болып сайланды. 1944 жылы маусым айында бұл комитет Франция Республикасының Уақытша үкіметі болып қайта құрылып, оны Шарль де Голль басқарды. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң Шарль де Голль Францияда конституциялық-құқықтық реформалар арқылы президенттік басқару үлгісін орнықтыруға күш салды. Бұл жоспары қарсылыққа ұшыраған соң 1946 жылы биліктен кетті.
1958 жылы Алжирдегі әскери бүліктен кейін Франция үкіметі аса қиын жағдайда қалып, парламенттің көпшілік бөлігі Шарль де Голльді үкіметті басқаруға шақырды. Оның басшылығымен жаңа Конституция қабылданды. Осы Конституция негізінде өткен 1958 жылғы 21 желтоқсандағы сайлауда Шарль де Голль 7 жылға республика президенті болып сайланды. Сол жылы Президент барлық африкалық отар елдердің тәуелсіздігін мойындады, ал 1962 жылы Алжир тәуелділіктен босатылды.
Шарль де Голль ұсынған «голлизм доктринасы» ұлтқа коммунизм мен либералдықтың шектен шығуын жеңетін «үшінші жолды» ұсына отырып, мемлекеттік құрылымды өзгертуден бастап экономикалық реттеуге дейінгі саясаттың барлық қырын қамтыды. Сонымен қатар, ол билік жүргізген кезеңде парламенттің билігі шектелді, президентке қосымша өкілеттіктер берілді. Франция НАТО құрамынан шығып, ел аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери нысандары жабылды. Франция ядролық державаға айналды.

1. Шарль де Голль соңғы рет президент сайлауына қатысты


A) 1965 ж.
B) 1962 ж.
C) 1958 ж.
D) 1944 ж.
E) 1943 ж.

2. 1944 жылы Шарль де Голль басқарды


A) Ұлттық комитетті
B) Парламентті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет