Сұрақтар мен тапсырмалар: Мәдени қызметті иемдену үрдісін қысқаша сипаттаңыз.
Жарнама қызметі мен мәдениет мекемесіне келушілердің мәдени қажеттіліктерін қалыптастыру бойынша қызметтің өзара байланысын қалай елестетесіз?
Қандай да бір мәдени қызметті әлеуетті тұтынушыларға жазбаша үндеу мәтінін құрастырңыз.
Жарнама қызметінң тиімділігі дегенде нені түсінесіз?
13 тақырып. Мәдениет мекемелерін қаржыландыру Лекция 25
1.Мәдени - тынығу саласындағы экономикалық кеңістік. Бюджеттік қаржыландыру.
2.Шаруашылық есеп жағдайында несиелік механизм.
Лекция 26
1. Мәдени-тынығу мекемелеріне қаржы бөлу, төлем кезектілігі.
2. Шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру жағдайындағы нормативтік әдіс.
Жаңа экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджетпен мәдени-тынығу мекемелерінің қаржылық қатынасы бүгінгі күні жаңаша сипатқа ие. Оны төмендегі мәселелерді құрайды.
1.Бюджеттен қаржыландыру / Бюджеттік қаржыландыру - бюджеттен қаражат алушылардың бәріне олардың бюджетте бекітілген іс- шараларды жүзеге асыруына жұмсалатын шығысты толық немесе ішінара өтеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылмайтын және қайтарылатын негізде бюджеттен қаражат беру, яғни кәсіпорындарға (мекемелерге, ұйымдарға) олардың қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін тегін берілген бюджет қаражаты. Мәселен, салынып жатқан мемлекеттік объектілердің негізгі және айналым қорларына салынатын қаражат мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы мүмкін. Бейөндірістік саланың көптеген ұйымдары мен мекемелеріде (оқу орындары, ауруханалар, т. б.) бюджеттен қаржыландырылады. Бюджеттік қаржыландыру белгіленген қағидатқа сәйкес бюджеттен қаражат берудің арнаулы нысандары мен әдістерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады; Бюджеттік қаржыландыру барысында ақшалай қаражаттың мақсатқа сай, үнемді, тиімді жұмсалуына мемлекеттік қаржылық бақылау жасалады. Бюджеттік қаржыландыру қағидаты бюджеттен қаржы алушылардың бәріне қатысты жалпы қағидат, бюджеттік қаражатты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және шаруашылықты жүргізу әдісіне қарай беру тәртібін айқындайтын жекеше қағидат түрлеріне бөлінед
2Шаруашылық есеп жағдайында несиелік механизм.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Көп жағдайда несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие- бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
3.Мәдени-тынығу мекемелерінің шаруашылық есеп ерекшеліктері және бірлігі.
Кез келген ортаның өмір сүруі мен дамуының негізі материалдық өнеркәсіп болып табылады. Ол біріккен бұйымдардың өзара байланысты процестер жүйесі арқылы өткен әрекет: өнеркәсіп, ұсыныс пен сұраныс. Бұл процестер оларды сипаттайтын көрсеткіштерді талап етеді. Шаруашылық процестердің жағдайы жайлы қажетті ақпаратты алу үшін шаруашылық есеп ұйымдастырылады.
Шаруашылық есептің объекттері ретінде белгілі бір экономикалық құрылым шартында жасалатын материалдық кәсіптің процестері саналады. Сондықтан шаруашылық есеп кәсіптің сәйкес әдісімен келісілген шаруашылық құбылыстардың ерекшеліктерін көрсетеді.
Сонымен, шаруашылық есеп нақты құрылым шартындағы бақылау, өлшеу және тіркеу процестер жүйесі және оларды тексеру мен басқару мақсатымен жасалған жүйе болып табылады.
Шаруашылық есептің үш түрі бар:
оперативтік;
статистикалық;
бухгалтерлік.
Оперативтік есеп күнделікті басқару мақсатындағы кәсіптің жеке қаржы-шаруашылық құбылыстарын тіркеу, байқау және тексеру үшін қолданылады (ауызша, телефон, факс арқылы).
Статистикалық есеп жалпы құбылыстар мен олардың кәсіптің қаржы-шаруашылық жұмысындағы, қоғамдық өмір мен табиғаттағы заңдылықтарын оқиды және жалпылайды.
Бухгалтерлік есеп реттелген жинақ жүйесін, мүлік жайлы ақпараттың ақшалай көрсеткіштегі жалпылау тіркемесін, ұйым міндеттемесі және олардың тұтас, үзіліссіз және құжатталған барлық шаруашылық операциялардың есебі болып табылады.
Бухгалтерлік есептің оны басқа есептерден айыратын сипаттамалық қатары бар:
ол құжатқа негізделген есеп болып табылады;
ол уақытта үзіліссіз және кәсіптің қаржы-шаруашылық жұмысында болып жататын барлық өзгерістер бойынша тұтас;
бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштегі шаруашылық операциялар ғана беріледі;
бухгалтерлік есеп өзіне ғана тән әдістерді қолданады (бухгалтерлік шоттар, екі жақты жазба, баланс және т.б).
4.Шаруашылық есеп принциптері: экономикалық дербестілік, рентабелділік және өзін-өзі қаржыландыру, материалдық жауапкершілік және қызығушылық, ақшамен бақылау, өз қаржысы есебінен материалдық көтермелеу.
Шаруашылық есеп туралы жалпы түсінік.Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрганындай, тағамға, киімге, түрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдың игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.
Шаруашылық есеп әр түрлі елде шаруашылың жүйесіне байланысты сан алуан сипатқа ие.Есептің сипаты шаруашылықтың жүйесіне байланысты болғандықтан, халық шаруашылығы туралы кейбір жалпы үғымдармен алдын ала танысып алуымыз керек.
Халық шаруашылығының негізінде шаруашылықтың жүйесі жөне өндіріс құралдарына деген меншік үғымы жатыр.Халық шаруашылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік сияқты салалардан түрады.Әрбір сала жеке шаруашылық көсіпорындарынан түрады. Оларға зауыт, фабрика, кен орындары, шахталар, ауылшаруашылық, көлік, сауда, тамақтандыру және т.б. кәсіп-орындары жатады. Әрбір кәсіпорын халық шаруашылығының бір бөлігі бола отырып, өзіне жүктелген міндеттерге сөйкес шаруашылық қызметті жүзеге асырады, яғни белгілі бір шаруашылық жұмысты жүзеге асырады. Мысалы, фабрикалар мен зауыттар өнеркөсіп өнімдерінөндіреді, ал сауда үйымдары өнімдермен жабдықтайды жөне т.б.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әрбір көсіпорынның өз қарамагында қажетті шаруашылық құралдары болады. Оларға ғимарат, машиналар, материалдар, тауарлар, ақша қаражаттары және т.б. жатады.Шаруашылық құралдарымен қоса еңбек шаруашылық қызметтің негізгі шарты болып табылады. Еңбек шығындары материалдық шығындарымен және өндіріс құралдарымен бірге өндірілетін өнімнің құнына кіреді, олардың заттық негізін қүрайды.
Шаруашылық қызметінің нәтижесі - табыс, оның қайнар көзі - еңбек болып табылады.
Шаруашылық есеп басқару мен бақылау үшін қажет, кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері және халық шаруашылығының даму жағдайы туралы мәліметтер беру үшін керек.
Шаруашылық есептің жүзеге асырылуы кезекті екі процеске бөлінуі мүмкін:
1) Алғашқы мөліметтерді алу;
2) Осы алынған мәліметтерді өңдеу.
Алғашқы мәліметтерді алу әрекеттерді бақылау, өлшеу және тіркеудің көмегімен жүзеге асырылады.Бақылаудың нәтижесінде әрекеттің сипаты мен мәні бекітіледі.
Белгілі бір сандық көрсеткіштермен өлшеудің нәтижесінде (санмен, өлшеумен, салмағымен, теңгемен және т.б.) әрекеттердің сандық бейнесі есептеліп анықталады.
Әрекеттерді тіркеудің нәтижесінде әрекеттер олардың аяқталғанын, мазмұны мен сандық көрсетілуін растайтын құжаттарда бейнеленеді.Есептік өңдеудің нәтижесінде жекелеген әрекеттер туралы әр түрлі мәліметтерден әрбір шаруашылық процесі және кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметі бойынша жинақталған жалпылама мәліметтер алынады.
Кәсіпорындардың көрсеткіштерін жинақтап, қорытындылай келе аудандар, салалар және барлық халық шаруашылығы бойынша жалпылама деректер аламыз.Бұл арада ескеретін бір жайт - есеп арқылы берілетін сандық көрсеткіштер келешекте арнайы оқып, меңгеруге және талдауға ұшырайды және олармен көрсетілетін әрекеттер мен процестерді сапалы бағалаудың негізі болып табылады.