Демографиялық құраушы.Мұнда тұрғындар санының өзгеруі, олардың миграциясы, туылудың өсуі немесе төмендеуі, жастардың ол жерде көбеюі немесе басқа жаққа кетуі жайлы сөзболып отыр. Бұл қажеттіліктердің, дәстүрлердің, мәдени қызметтер жиынының және т.б. құрылымы мен динамикасына белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Экономикалық құраушы. Біз мұнда еңбек сипатын, адамдардың шынайы табыстарын, отбасылық бюджетті, сатып алу қабілеттерін негізге аламыз. Инфляция, тапшылық, қызметтерге бағаның өсуі сияқты құбылыстарды да есепке алған дұрыс.
Саяси құраушы. Мәдени-тынығу жұмысының деидеологизация мен саясиландырылуы, бірінің саяси белсенділігі және келесілерінің әлеуметтік-саяси енжарлығы көрінеді.
Құқықтық құраушы. Мұнда қабылданған заңдарды және заң актілерін есепке алған дұрыс.
Ғылыми-техникалық құраушы. Мұнда гуманитарлық та, техникалық та ғылымдардың жетістіктері маңызды. Бір жағынан, бос уақыт педагогикасы мен психологиясының қорытындылары мен жетістіктерін, екінші жағынан – компьютерлік және видеотехниканың, лазердің, голографияның және т.б. ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуын есепке алу өте маңызды.
Мәдени құраушы. Мұнда мәдени көрсеткіштердің артуы немесе төмендеуі, эстетикалық тәрбие жүйесінің болуы немесе жоқ болуы маңызға ие.
Әлеуметтік-психологиялық құраушы. Қоршаған ортадағыларға еліктеу механизмі белгілі, олар тұрғындардың сұраныстарына әсер етеді. Еңбек ұжымындағы адамгершілік-психологиялық хал-ахуал да мәдени қызметтер жүйесін құрғанда есепке алынуы тиіс.
3.Тұтынушыларды және олардың қызмет нарығындағы іс-әрекетін зерттеу
Қабылданған шешімдерге салмақты, негізделген көзқарасқа үйренген басшыға қандай да бір мәдени қызметке сұраныс жайлы жалпы түсініктің болуы немесе қандай да бір нақты қызмет сұранысқа ие еместігі жайлыүстірт мәліметпен қанағаттану аз. Ол үшін неге осылай болып жатқаны да маңызды. Бұдан ұсынылатын немесе жобаланып отырған қызметтерге қатынасы бойынша әлеуметтік топтар мен жекелеген азаматтардың іс-әрекет түрткілерін терең талдау қажеттігі келіп шығады. Мысалы, хореографиялық студияға жазылғанда немесе онда өз балаңызды әкелгенде түрлі ой-пікірлеріңізді басшылыққа алуыңызға болады. Бұл отбасылық дәстүр, сымбатты мүсінге ие болу, қатарластарыңыздың арасында жақсы көрінуге ұмтылыс, колледжге немесе жоғарғы оқу орнына хореография мамандығы бойынша оқуға түсу болуы мүмкін.
Зерттеулер көрсеткеніндей, түрлі үйірмелер мен студияларға жазылуда мұндай түрткілерді көптеп тізе беруге болады.
Ғылым тұтынушылардың қызмет нарығындағы іс-әрекет түрткілерін зерттеудің тәсілдерінің әр алуан жиынтығын ұсынады. Бұл сауалнама жүргізу, жеке және топтық ауызша сұрау, түрлі тестер, интервью, бақылау, рейтинг және т.б. әдістер. Осы әдістерді толық меңгеру арқылы көпшілік акциялардың аудиториясын, болашақ ұжымдар мен бірлестіктерді құруға зор мүмкіндік бар.
Маман-маркетологтар өндірілген және жобаланып отырған қызметтердің өтім нарығын терең және жан-жақты талдаудықамтамасыз етуі тиіс. Мұнда талдау бір қызмет бойынша, сондай-ақ қызметтер тобыбойынша жүргізілуі мүмкін. Мұндай зерттеудің мақсаты - нарықтың потенциалды немесе шынайы сыйымдылығын анықтау. Мысалы, мәдениет сарайы жанынан қысқы жүзуге әуесқойлардың спорттық секциясын ұйымдастыруға шешім қабылданды. Оның жоспарланып отырған көлемі – 100 адам. Бірақ мекеме басшылары осы қызмет түрі бойынша едәуір кіріс түсіруді есепке алуы керек деген сөз емес. Себебі, қарқынды ақпарат тарату және жарнама жүргізгеннің өзінде, осы спортпен қатысуға тілек білдірушілер саны аз болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда қажетсіз шығынға түспеу үшін, бұл қызмет түріне нарық сыйымдылығы алдын-ала белгілі болуы керек.
Мәдени-тынығу мекемелері түрлі мәдени қызметтер көрсетеді. Тек бір ғана ақылы қызметтердің өзі қаншама:үйірмелер, студиялар мен секциялардағы ақылы сабақтар; ақылы демалыс кештері мен би кештері; ақылы концерттер, спектакльдер; аспаптарды жөндеу және күйге келтіру; үйлену тойлары мен салтанатты кештерде қызмет көрсету; сахна костюмдері мен мәдени мүліктерді жалға беру және т.б.
Бір қызметтер ересектерге, енді бірі балаларға бағдарланған, үшіншілері ағартушылық мақсатты көздейді, төртіншілері демалыс пен мәдени ойын-сауыққа бағытталған, бесіншілері мәдени қарым-қатынасқа ықпал етеді, алтыншылары мәдени-тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі және т.б. Зерттеулер көрсеткеніндей қызметтердің көп бөлігі мәдениет мекемелерінде, басқаша айтқанда стационарда көрсетіледі, бірақ, өндірістік бөлімшелерде, тұтынушылардың тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметтер де бар. Бір қызметтер қысқа мерзімде көрсетіледі, екіншілері - жүйелі.
Басқарудың маркетингтік тұжырымдамасын басшылыққа алған мекеме қызметкерлерінде жұмысшы тізімге енген барлық мәдени қызметтерді өндіру және жүзеге асыру тәсілдеріне қатысты толық айқындық болуы тиіс. Мұнда, біріншіден, тұтынылатын қызметтердің көлемі белгілі болуы; екіншіден, тұтынушылар мекемеден нақты қандай қызметтерді күтетінін білу; үшіншіден, нақты ұсыныстар кімдерге бағдарланған; төртіншіден, қызметті жүзеге асырудыңоңтайлы шарттары қандай және т.б. Мамандар барлық жағдайда да қызметтер осы қызметті тұтынушы қай жерде күтеді, сол жерде көрсетілуі керек екендігін айтады.
4.Мекеменің бәсекеге қабілеттігіне нарық сегментациясы. Кейбір жағдайларда болмаса, мәдениет мекемесі аумағында онымен ашық немесе жасырын бәсекелестік қатынасқа түсетін осы тектес мекемелерқызмет етеді. Мысалы, адамдар өздерінің тұрғылықты жерінен екі көшеден кейін орналасқан клуб болғанына қарамастан, едәуір қашықта орналасқан мәдениет мекемесіне баратын жағдайлар белгілі. Немесе былай: қатар орналасқан екі кинотеатрда бір фильм қатар жүріп жатыр. Ал олардың бірінде киносеанстар лық толы залда өтсе, екіншісінде көрермен жоқтың қасы.
Мұндай жағдайларда тұтынушылар қандай себептерді басшылыққа алады?
Маркетингтік зерттеулер бұл сұраққа нақты жауап береді. Мұнда мәселе тұтынушылардың ұсынылып отырған қызметтердің қандай да бір ерекшеліктеріне, олардың жиынына, бағасына, ақпарат пен жарнамасына, оған қосымша қызметтерге қатынасында. Сонымен бірге, тұрғындардың жекелеген топтарының нақты дәстүрлері, өмір сүру стильдері де әсер етеді. Мамандар қалыптасып жатқан тенденцияларды бақылап отыруы, орын алып жатқан үрдістерге талдау жасап отыруы, мәдениет мекемесінің жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуына қажетті түзетулер енгізіп, сол арқылы мекеменің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |