133
ішінде ғана тұратын халық жиналса, ал қырғыздарда (қазақтарда – Ж.М.) ауыл
құрылтайына кейде 100 шақырым жердегі адамдарды жинауға тура келген,
себебі қырғыздар (қазақтар – Ж.М.) 2-ден 10 киіз үйге дейін әр түрлі жерлерде
қыстап қонып жүрген. Әрине, даугерлер үшін осындай жерден жинап әкелген
40-50 адамды тамақтандыру, аттарын қоректендіру өте қиынға соққан; жиынға
баратындарға да қиынға соққан, себебі көбі кедей болғандықтан; осындай
шалғай жерге жаяу жүре алмайтындықтан, оларға кейде біреудің атын сұрап
алып, шаруашылығын ұзақ уақытқа тастап кетуге тура келген, себебі осындай
келісім сөздер мен айтыстар тезарада шешіле қоймаған». Отырықшы мал
шаруашылығы және соған сәйкес тұрмыс салтына көше бастаған үдерісті
отарлау саясатымен тығыз байланыста көрсете отырып, былай деп жазған: «15
жыл бұрын қырғыз (қазақ – Ж.М.) облыстарының уездерінде бірде бір жер үй
болған емес. Ал біздің көз алдымызда қырғыздар (қазақтар – Ж.М.) өздеріне
қысқа жылы киіз үйлер, киіз үйдің ішіне шойын немесе темір пештер орнатып,
содан кейін жер үйлер немесе ағаш үйлер, ал қазір бірнеше бөлмеде тұратын
там үйлер сала бастады. Қазіргі кезде жер үйі немесе ағаш үйі жоқ қырғызды
(қазақты – Ж.М.) сирек кездестіресіз, ал кейбір жерлерде олар қыстауға
кішкене-кішкене тұтас ауылдар құраған. Тұрақты орын сала бастағаннан кейін,
үйлерге қоса мал қоралар салып, шөп шауып оны біршама мөлшерге жеткізіп,
қысқа сақтайтын болды».
Достарыңызбен бөлісу: