Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет2/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
 
 
 
© Мухангалиева Ж.К., 2018 
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО,2018 



Алғы сөз
 
«Қазақстан 
Республикасында 
тарихи 
сана 
қалыптасуының 
тұжырымдамасында»: «Тарихи ағарту және тәрбиелеу жастарды өз халқының 
рухани әлеміне баулуға, оның мәдениетінің, тарихының тамырларын үйрету, 
халық поэзиясы, музыкасын, бейнелеу өнерін түсінуге ықпал ету. Осы 
мақсаттарға орай өлкетану жұмысын жаңғырту, тарих, мәдениет және табиғат 
ескерткіштерін қорғауды күшейту керек», деп ұсынылуы, өлкетану 
жұмыстарының жас жеткіншектерді жеке адам ретінде қалыптастыруға, ой-
өрісін дамытуға, өзінің тарихи түп-тамырын білуіне көмектесетіндігін 
көрсетеді. Өйткені тарихи өлкетануды оқытудың мақсаттары, студенттер мен 
оқушыларға өзінің туған жерін ежелгі заманнан бүгінге дейін адамзаттың жүріп 
өткен тарихи жолының аса маңызды фактілерін, оқиғаларын, құбылыстарын 
оқытып-үйрету, адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибені 
меңгерту, сол арқылы жас ұрпақтың тәуелсіздік жолында Қазақстанның
өлкенің жаңа қоғамын құруға белсене қатысуына және Қазақстан, сондай-ақ, 
өзінің туып өскен жерінің тағдырына деген жоғары жауапкершілік сезімін 
қалыптастыруға тәрбиелеу, ең бастысы, қазіргі қоғамның басты талаптарының 
бірі – патриотизм, Қазақстандық патриотизм, елжандылық сезімдерін дарыту, 
саналарына құю болып табылады. Бұл басты талап Елбасының «Туған жер» 
бағдарламасында айқындала түседі: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, 
өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен 
басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын ұсынамын». Осы 
бағдарлама аясында қазіргі таңда ауқымды шаралар жүзеге асуда. Жергілікті 
жерлердің киелі орындары тіркеуге алынып, зерттелініп, тарихи ескерткіштер 
мен мәдени нысандар қалпына келтіріліп жатыр, өлкенің тарихи тұлғалары
қоғамдық-саяси, мәдени қайраткерлері, туған жердің жанашырлары халыққа 
танылып, дәріптеліп жатыр, өлкелік іргелі зерттеулер жарық көруде, 
мектептерде, орта арнаулы, жоғары мектептерде тарихи өлкетану курстары 
жүргізілуде. Осындай ауқымды іс-шаралардың бірі - тарихи өлкетану 
жұмыстарын ұйымдастыруда, жергілікті ғылыми зерттеулермен танысу, 
зерделеуде басшылыққа алынатын оқу-әдістемелік құралдарын даярлау, оларды 
оқу үдерісіне енгізу болыт табылады. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік 
құралдың мақсаты да осы болатын. 
Тарихи өлкетану курсына арналған бұл оқу-әдістемелік құралында өлкелік 
зерттеудің жазба, заттай, ауызша, жазба және басқа деректерін жинақтау, 
өңдеу, өлкелік зерттеулерге пайдалану әдіс-тәсілдерін үйрету, Қазақстанда 
өлкетану жұмыстарының даму тарихын зерттеу, зерделеу, Қазақстанды
жергілікті жерлерді зерттеуге көрнекті ғалымдардың қосқан үлесін талдау, 
тарихи өлкетанудың өзекті мәселелерін анықтау, ғылыми зерттеулердің 
болашақ бағыттарын белгілеу мәселелері кеңінен қарастырылады.
Оқу-әдістемелік құрал 050114-«Тарих» мамандығына арналған «Тарихи 
өлкетану» типтік оқу бағдарламасын (Алматы, 2007ж.) басшылыққа алып 
құрастырылған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет