Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§5.2 Машһүр-Жүсіп Көпейұлы және оның «Қазақ түбі» атты тарихи



Pdf көрінісі
бет70/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§5.2 Машһүр-Жүсіп Көпейұлы және оның «Қазақ түбі» атты тарихи 
зерттеуі. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарихи ой мен білімнің дамуына үлес 
қосқандардың бірі – М.Ж. Көпеев. Ойшыл, дана ғалымдардың арасында 
Мәшһүр Жүсіптің есімі бір төбе. Осы күнге дейін Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 
еңбектері тек қана философиялық, әдеби, ауыз әдебиеті, фольклористика 
тұрғысынан зерттеліп келіп, өкінішке қарай тарихи тұрғыда қарастырылмаған. 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ халқының тарихын зерттеуде аса ірі үлес қосқан 
тұлғалардың бірі екені даусыз. Оның қазақ халқының жан-жақты тарихын 
зерттеп деректерді жинауы, қазақ халқын аралап ауыз әдебиет, шежіре 
үлгілерін жинап нәтижесінде 30 томдық «Мес» жинағын шығаруы дәлел бола 
алады. 
Көрнекті ақын, публицист, этнограф, жиһангез, саяхатшы, ағартушы, 
көріпкел, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (шын есімі Көпжасар) 1858 
жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызылтау жерінде 
дүниеге келген. Туғанда азан шақырып қойылған есімі – Адам Жүсіп болған 
көрінеді. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде 
жиынды шақырып отырған Мұса Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі 


171 
таққызып: «өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен», - деп лепес 
қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кеткен. Бала Жүсіп Баянауыл медресесінде 
Қамар (Хамараддин) хазіреттен білім алып, алғаш оқуға ден қойған. Мәшһүр 
1887, 1895, 1907 жылдары үш Түркістан, Ташкент, Бұқарар, Самарқанд 
қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтқан. Осы 
жылдары белгілі оқымыстылармен, ақындармен кездесіп, түркітанушы-
академик В.В. Радловпен танысқан. Орта Азия қалаларына сапар шегуде ғалым, 
білгірлермен жүздесіп қана қоймай, сонымен қатар сол өңірлердегі тарихи 
әңгіме, аңыз, шежіре сөздерін жазып алды. Осы тұста айта кетерлік бір жәйт 
Мәшһүр ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандарды бала кезінен-ақ 
жаттап, кейбіреулерін жыршылардан жазып алған. Мәселен, Ә.Марғұланның 
атйуынша, Жүсіп 7 жасында «Ер Олжабай батыр» жырын Сақау ақынның 
аузынан қағазға қондырған. 1881 жылы Мәшһүр 23 жасында Ақмола дуанына 
сапар шегіп, Мейрам Жанайдаров үйінде бір жыл қыстап, Қара өткелдегі Әліке 
Байдалы, Аққошқар Сайдалы, Бердалы қожадан Қаракесек шежіресін, Қазыбек 
би тарихын, Бөгенбай батыр немересі Сәбелең (Саққұлақ) шешеннен Қажығалы 
Бөгенбай батыр шежіресін, Қоңырқұлжа сұлтанның ұрпағымен бірге XVIII-XIX 
ғасырлардағы ел тарихы хақында мәлімет жинақтаған. 1889-1891 жылдары 
Кіші жүз жеріне аяқ басып, халқымен сұхбаттасқан. Осы сапарында төкпе 
жыршылар мен жыраулардың аузынан Жәңгір хан, Науша батыр, Исатай, 
Шернияз туралы аңыз-әңгімелерді, ру-тайпалардың шежірелерін, шежірелік 
баяндауларын жинаған.
Мәшһүр Жүсіптің қазақ тарихы туралы жазылған еңбектерінің бірі – 
«Қазақ түбі». Бұл еңбектің бірнеше нұсқалары бар. Әр үлгіде ел тарихы түрлі 
қырларынан баяндалады. Дегенмен тарихи тақырыптарды қамтитын Мәшһүр 
шығармаларының ортақ атауы – «Қазақ түбі». Еңбек ауыз әдебиеті үлгілерінің 
негізінде жазылған. Тарихи жыр, аңыз-әңгіме, дастан т.б. дәуірлер мен 
кезеңдерге байланысты ретімен берілген. Мәшһүр Жүсіп өзінің осы еңбегінде 
қазақ тарихының ежелгі дәуірден бастап ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы 
өзекті оқиғалар мен үдерістерге тоқталып, оларды баяндап, кейбіреулеріне 
сипаттама беріп кеткен. Зерттеуінде түркі дәуірінің, соның ішінде оғыздар 
кезеңіне тоқталып, оны сипаттап, қазақ тарихымен, салт-дәстүрімен 
байланыстырған. Өзінің тұжырымдарын пайымдауда шежіре, аңыз-әңгімелерге 
сүйенген: «Бұл шежіреден біздің алып отырған сыбағамыз – Уыз (Оғыз) хан 
балаларына өз пайым-парасатын, көзіне көрінген нәрсенің толымды 
жарамдысын ат қылып қоя беріпті: Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп. Сол 
аттарды күні бүгінге дейін біздің қазақ айдың басында туған балының атын 
Айбас қояды. Таң ата туған баланың атын Таңатар қояды. Күн шыға туса, 
Күншығар қояды. Түн ортасында туса, Түңқатар қояды. Көл басында туса, 
Көлбай қояды. Тауда туса Таубай, Жайлауда туса Жайлаубай, қыстауда туса 
Қыстаубай, күзекте туса Күзекбай, Күзеубай. Есілде туса Есілбай, Нұрада туса 
Нұрабай. Уыз ханнан ұстап қалған үлгі-өнеге – осы». Оғыз кезеңін қорыта 
келіп, шежіре арқылы қазақтардың үш жүзге бөлінуін: «Арғы атамыз Ер Түрік, 
екінші буын атамыз Мұғол, Маңғұлыскейге қосыламыз. Үшінші буын атамыз – 


172 
Уыз хан. Ай мен Күн, Жұлдызына таласпай-ақ қоялық. Үш оқты бізге қимай 
ма?!» - деп түсіндіреді. М.Ж. Көпеев 92 баулы Қыпшақ тарихы туралы әр түрлі 
мәліметтер келтірген. Сарыарқа жерінің тарихын сөз қылған кітабында Дешті 
Қыпшақ заманын баян еткен. Автор Дешті Қыпшақтың аумағын: «Әркім білімі 
жеткен жерден сөйлеу керек. Күн батысы Сырдария, күн шығысы – ұзын аққан 
Ертіс, оңтүстігі Жетісу, солтүстігі – Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман 
қадымда Дешті Қыпшақ жұртының қонысы еді. Сол Қыпшақтан 92 ру ел 
тарайды. «Қытай көп пе, Қыпшақ көп пе» - деп мақал болған себебі сол», - деп 
анықтап көрсеткен. Мәшһүрдің Әмір Темір, Тоқтамыс, Едіге туралы айтылған 
тарихи аңыз-әңгімелері ХІІІ-XV ғасырлардағы қазақ тарихын жан-жақты 
қарастыруға септеседі. Осы орайда «Қазақ түбінің» бір ерекшелігі онда Әмір 
Темір хақында сақталған діни фольклор беріліп, соңында Әмірдің жарқын 
істері автордың тарапынан бағаланған. М.Ж. Көпеев «Қазақ түбінде» Қасым 
ханнан соң Хақназар туралы көптеген мәліметтер берген. Бұдан кейін Тәуекел, 
Есім хандардың билігі тұсындағы қазақ елі жайлы айтып кеткен. М.Ж. Көпеев 
Тәукені тарихи тұлға ретінде де дәріптеген. «Салқам Жәңгірден кейін Әз Тәуке 
хан болды. Мұның өзі ақылды кісі болды, табанды кісі болды. «Байсалды 
айғырдың үйірін ат жақтайды» деген сөз – осы Әз Тәуке тұсында айтылған сөз. 
«Кері кеткен елдің кеңесі көп болады, кедей елдің көш басшысы көп болады». 
Бұл сөз де сол Әз Тәуке заманында айтылған сөз екен», - деген автор 
пайымдаулары Тәуке хан билік еткен кезеңнің сипатын айқын көрсетеді. «Қазақ 
түбі» әңгіме-аңыздарында 1723-26 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды...» 
оқиғасы да орын алған. Жоңғар жаулап алуына байланысты халықтың басына 
түскен қасірет қалмақтың дәуірлеуімен байланыстырылып, оқиға желісі 
тартымды баяндалған. Ұлы қасіреттің сабақтарын танытатын оқиғаға 
байланысты тарих пен шежірелік есепшілер мәліметтері қатар беріліп, соның 
нәтижесінде «Қазақ түбінің» мазмұны зерттеушілер үшін құнды бола түскен. 
Сол заманның халыққа түсірген ауыртпалығы, тарихи шындық еңбектен айқын 
көрініс тапқан. 1752-1758 жылдардағы саяси оқиғаларға байланысты беделі 
артып, билігі күшейген Абылай сұлтан Ресей мен Қытай арасында бейтараптық 
бағыт ұстап, алма-кезек екі жақты қолдап, нәтижесінде қазақ халқының 
тәуелсіздігін сақтап қалған. Осы хақында Мәшһүр Жүсіп Абайдың көреген 
саясатын дөп басып, даналығын көрсете: «Орыспен жауласпады, ел болды. 
Шүршітпен жауласпады, ел болды. Екеуіне де тіл болды... шүршіт ханы 
Абылайға «Ежен» атын байлады... Керей төресіне «күңлік», найман төресіне 
«уаңлық», арғын төресіне «хаңлық» берген шүршіт ханы Еженнің екі жорасы. 
Сонда Арғында хаңлық алған екі төре: бірі – Абылай, бірі – Бөкей...», - деп 
жазған. Осылайша Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ түбі» тарихи мұрасында Отан 
тарихының ежелгі дәуірден ХІХ ғасырдың соңына дейінгі аралықтағы тарихи 
оқиғаларға шолу жасалып, кейбір тұстарына сипаттама берліп, ой қорытылған. 
Оны тарихнамада өзіндік орын алатын көлемді еңбектердің қатарына 
жатқызуға болады. Бұл еңбектің ерекшелігі онда ресми құжаттарда, өзге де 
деректерде кездеспейтін мәліметтер береді. Сондығымен де қайталанбас 
артықшылыққа ие болған.


173 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет