Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет82/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТЕСТ САУАЛДАРЫ. 


207 
1. Жетекші мұғалімнің басшылығымен Кеңес мүшелерінің барлық 
жұмыстарын кім ұйымдастырады? 
a. мектептік мұражай кеңесінің төрағасы (төрайымы) 
b. мектептік мұражайдың басты қорғаушысы
c. мектептік мұражай кеңесінің хатшысы 
d. мектептік мұражай кеңесінің мүшелері 
 
2. Негізгі қордың негізін не құрайды? 
a. түпнұсқа - ескерткіштер
b. көшірме ескерткіштер
c. картарлар 
d. схемалар 
 
3. Өндіріс, ішкі және сыртқы сауданың даму тарихын зертеуде түпдерек 
болып: 
a. мата, кілем коллекциялары табылады 
b. тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарының модельдері табылады
c. үй жиһаздарының коллекциялары табылады 
d. қару-жарақ коллекциялары табылады 
 
4. Қандай коллекциялар ұлттық, қалалық, әскери деп топтастырылады? 
a. киім-кешектер
b. аяқ киімдер 
c. әшекей бұйымдары 
d. еңбек құралдары 
 
5. «Филатемения» дегеніміз не? 
a. почталық маркілерді коллекциялау мен зерттеу 
b. сіріңке қорабтарын коллекциялау мен зерттеу 
c. почталық және көрмелік открыткаларды коллекциялау мен зерттеу 
d. монеталарды коллекциялау мен зерттеу
 
6. Заттай ескерткіштер жасалған жадығаттарына сәйкес неше топқа 
бөлінеді? 
a. 9 
b. 8 
c. 10 
d. 4 
 
7. «Ішкі Қазақ Ордасындағы аңшылық», «Қазақтың қазақ туралы 
жазбалары» атты мақалалардың авторы? 
a. Бабажанов 
b. Георги 
c. Левшин


208 
d. Фальк 
 
8. Әлі күнге дейін Санкт-Петербург Эрмитажында сақталған «Тас 
қатынның» мүсінін Салық Бабажанов қашан тапты? 
a. 1860 ж. 18 маусымда 
b. 1860 ж. 18 наурызда 
c. 1868 ж. 18 маусымда
d. 1861 ж. 20 ақпанда 
 
9. «Билеушілер мен заңдар бейнесі» деген Левшиннің мақаласы еңбектің 
қай бөлімінде қарастырылады? 
a. этнографиялық
b. тарихи
c. географиялық
d. археологиялық 
 
10. 1768-74 жж. П.С. Паллас бастаған экспедиция қай аймақтарды 
зерттеді? 
a. Орал, Гурьев (Атырау) қалалары мен Кіші Жүз территориясының батыс 
бөлігін және Орта жүздің солтүстік бөлігін, Троицк қаласының аймағын 
b. төменгі Еділ бойында, Еділ сыртындағы далада және Орталық Қазақстан 
c. Бөкей хандығының территориясын 
d. Далалық Орал өңірін 
 
11. Ш.Уәлиханов «Қазақ халқының Геродоты» - деп кімді атаған? 
a. А.И. Левшин 
b. А. Харузин 
c. П.С. Рычков 
d. П.С. Рыков 
 
12. Не себептен Левшин еңбегінде Ұлы жүз қазақтары туралы мәліметтер 
аз кездеседі? 
a. бұл кезде Ұлы жүз әлі Ресей империясының құрамына енбеген еді 
b. Ұлы жүзді зерттеуді мақсат етпеді 
c. Ресей патшалығының тапсырысына Ұлы жүзді зерттеу кірмеді 
d. Ұлы жүздің Ресеймен шектеспеуі себебінен 
 
13. Қай этнографтың 1815-1825жж. аралығында орыс тілінде Кіші жүз 
қазақтары жөніндегі бағалы шығармасы жарық көрді? 
a. Фальк
b. Паллас 
c. Георги
d. Левшин 


209 
14. «Ішкі Орда қырғыздары» еңбегінің авторы? 
a. А.Н. Харузин 
b. Н.П. Рычков 
c. П.И. Рычков 
d. П.С. Рыков 
 
15. М.Бабажанов өліміне қайғырып шығарған Дәулеткерей Шығайұлының 
шерлі күйі? 
a. «Салық өлген» 
b. «Алып өлді» 
c. «Салық» 
d. «Ірі тұлға» 
 
16. Ш.Уәлиханов қай халықтарды «екі туысқан Орда» деп атаған? 
a. ноғайлар мен қазақтарды
b. қырғыздар мен қазақтарды 
c. татарлар мен қазақтарды 
d. ноғайлар мен қырғыздарды 
 
17. С.Бабажановтың Бөкей Ордасы халқы мен Орал-Жайық казактарымен 
алауыздықты сипаттаған мақаласы?
a. «Орал-Жайық казактары мен Ішкі Орда қазақтарының айтысы»
b. «Ішкі Қазақ Ордасындағы аңшылық» 
c. «Қазақтың қазақ туралы жазбалары» 
d. «Қазақты дәріптеу» 
18. Абылай хан жөнінде орыс тарихшысы, этнограф Левшин: 
a. “… біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр 
болғанымен, шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды”- 
деп жазды
b. “Қазақтың дербес ел болуына басы қосылып бір жағадан бас, бір жеңнен 
қол шығаруына Абылайдан көп еңбек сіңірген кісі болған емес”- деп жазды 
c. “Абылай айрықша қасиеті бар киелі керемет құдырет иесі болып 
саналады …” - деп жазды 
d. “Абылай дәуірі- қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры … ”- деп 
жазды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет