Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет34/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

Негізгі қорға жадығаттарды жинақтау төмендегідей жолдармен жүзеге 
асады: 
1. зерттегелі отырылған мәселе бойынша ескерткіштерді жоспарлы түрде 
жүйелеп жинақтау; 
2. жадығаттарды экспедиция барысында жинақтау
3. тартулар мен кездейсоқ олжаларды қабылдау. 
Негізгі қордың ескерткіштерін жоспарлы түрде іріктеп-жинақтау үшін 
жинақтау жұмыстарының міндеттерін алдын-ала анықтап алған жөн. Бұл 
міндеттер музей профиліне сәйкес туындайды: 
а) түпнұсқа-ескерткіштердің экспозициясын құруға қолайлы жағдайды 
қалыптастыру; 
б) ғылыми, оқу-тәрбиелік жұмыстар үшін бағалы түпнұсқаларды сақтау. 
Ал жадығаттарды жүйелі жинақтау жұмыстары музей тапсырмалары 
бойынша ескерткіштерді зерттеу мен жинақтауға белсенді топты кеңінен тарту 
арқылы жүзеге асады. Ол үшін белсенді топ музей профиліне сәйкес 
жадығаттарды жинақтамас бұрын арнайы ғылыми дайындықтан өтеді. Содан 
соң алдын-ала өңделген, дайындалған тапсырмаларды орындау арқылы қажетті 
экспонаттарды, жадығаттарды жинақтайды. 
Ғылыми экспедициялар ұйымдастыру нақты тақырыпты зерттеу 
барысында қолданылатын өлкетану музейлерінің негізгі әдісі. Экспедицияны 
музей қызметкерлері, сонымен қатар, музейдің қоғамдық белсенділері - 
өлкетану және коллекционерлер үйірмелерінің мүшелері және т.б. 
ұйымдастырады. Эскпедиция кезеңдері музейтану әдістеріне сәйкес, 
экспонаттарды анықтау мен өңдеуден, құжаттаудан тұрады. 
Түпнұсқа ескерткіштердің біршама спецификалық және түрлі сипаттағы 
топтарын заттай ескерткіштер құрайды. Адамзат қоғамының даму 
заңдылықтарын зерттеуде дерек көзі ретінде заттай ескерткіштер өте маңызды.
Оларды топтастырудың бір формасы – заттай ескерткіштерді жасалған 
жадығаттарына сәйкес топтастыру. Бұл тәсіл заттай ескерткіштердің сақтау 
тәртібін және музей заттарын зерттеу барысында жасалу технологиясының 
ерекшелігін ескеруде маңызды. Мәселен, оларды металл, мәрмәр, гипс, 
алебастр; неорганикалық – шыны, керамика, эмаль; органикалық – ағаш, 
тоқыма, тері (былғары), сүйек, мүйізден жасалған заттар деп бөледі. 
Заттай ескерткіштер сонымен бірге қоғамдық өмірде атқаратын қызметіне 
қарай топтастырылады. Бұл топтастыруға сәйкес ескерткіштерді еңбек 


73 
құралдары, өндірістік инвентарь – қолөнер мен өнеркәсіп коллекцияларына 
бөледі және олар қару-жарақ, тұрмыс ескерткіштері деп те топтастырылады. 
Қару-жарақтардың өзі суық қару-жарақтарына, ұзын сапты қару-жарақтар, 
қысқа сапты қару-жарақтар, атқыш қарулар, артиллериялық қарулар, қорғаныс 
қаруларына бөлінеді.
Тұрмыс коллекциялары: 1) тұрмыстық және шаруашылық құрылыстардың 
модельдері мен бөлшектерінің коллекциялары; 2) үй ыдыс-аяқтарының 
коллекциялары; 3) маталар, кілемдер коллекциялары (халықтық өнердің, 
өндірістің, сыртқы және ішкі сауданың тарихын зерттеуде маңызды дерек 
көздерін құрайды); 4) киім-кешектер, бас киімдер, аяқ-киімдер, әшекей 
бұйымдар коллекциялары. Ал киім-кешектердің өздері ұлттық, қалалық, әскери 
деген топтарға бөлінеді. Әрі қарай жасалған кезіне, түріне, географиялық 
аудандарына қарай топтастыру жүзеге асады.
Музей қорларының құрамында кең көлемді түрлі жазба деректердің 
жинағы кездеседі, бұл заңды құбылыс. Жазба деректерсіз, соның ішінде 
құжаттық жадығаттарсыз музейді елестету мүмкін емес. Олар музей 
жадығаттарын кешенді зерттеуде, экспозицияда оқу, тәрбиелік маңызы бар 
объектілер қызметін атқаруда өте маңызды. Оның мұрағаттық құжаттардан 
өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, мұрағат құжаттарынан айырмашылығы 
көбінесе өлкетану музейлерінде экспонаттар жеке тұлғалардан жинақталады. 
Екіншіден, 
музей 
жинақтарында 
топтастырылған 
жазба 
деректер 
коллекцияларының ішінде облыстық мұрағат өз қорларында сақтау мүмкіндігі 
болмайтын түрлері кездеседі. Мәселен, афишалар мен жиналыстар 
болатындығы туралы хабарламалар, листовкілер, шақыру билеттері, түрлі 
қоғамдық ұйымдарға мүшелік билеттері, жаргазеттері, күрес үндеулері, ақша 
бірліктері, акциялар, қарыз аблигациялары, карточкілер және т.б. 
Музейдегі жазба деректердің жинақтарында кітаптар, ноталар, газеттер 
үлкен орын алады. Негізгі қордың құрамына музей профиліне сәйкес 
түпдеректер болып табылатын ескі басылымдар және сирек кездесетін 
қолжазбалар, кітаптар кіреді. Тіпті музейде сирек кездесетін қолжазбалар мен 
кітаптар бөлімдері де құрылады.
Маңызды дерекнамалық рөлді көркемөнер деректері атқарады. Олардың 
ішінде деректік жадығаттары мен көркемөнер туындылары айрықшыланады.
Деректік жадығаттарға негативті таспа, позитивтер, үнтаспа және 
бейнетаспа және т.б. жатады. 
Көркемөнер туындылары – суреттер қолдануына қарай станокты, 
монументальды, декаративті деп, жасалу техникасына қарай майлы, 
акварельды, гуашты, фрескі, мозаика деп бөлінеді. Ал графиктер қолдануына 
қарай станокты, кітаптық, плакаттық, қосымша деп бөлінеді. Жасалу 
техникасына қарай карандашпен, көмірмен, тушьпен салынған графиктер деп 
бөлінеді. 
Мүсіндерді де қолдануына қарай станокты, монументальды және 
декаративті деп бөлінеді. Ал жасалу жадығаттарының ролін тас, мәрмәр, 
металл, сүйек, ағаш және т.б. топтастырылады. 


74 
Музейдің басқа ғылыми мекемелерден басты ерекшелігі – түпдерек-
ескерткіштер қорына негізделген экспозиция құруында жатыр. Экспозиция 
дегеніміз тамашалауға арналған белгілі бір жүйемен экспонаттардың 
орналасуы. 
Экспозиция 
арнайы 
ғылыми 
және 
ұйымдастырушылық 
жұмыстардан тұрады: тақырыптық, кейін тарих және музейтану ғылымына 
негіздеп тақырыптық-экспозициялық жоспар құру; экспозицияға қордан 
экспонаттар таңдау; ғылыми-қосалқы жадығаттарды өңдеу (карта, сұлба, 
диаграмма және т.б.), түсіндірмелі жадығаттарды өңдеу (этикетаж, мәтіндер); 
экспонаттарды орналастыру графигі мен көркемдік жабдықтауды шешу; 
жабдықтарды даярлау және ең соңында дайындалған экспозициялық ауданға 
жадығаттарды монтаждау. 
Музей жадығаттарын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану әдіс-тәсілдеріне 
келер болсақ, олар: 1. музей экспозициясына, көрмесіне қатыстыру, яғни 
тарихи ескерткіштерге саяхат ұйымдастыру; 2. музейлерде білімді жетілдіру 
бағытында дәрістер тыңдау; 3. сабақтан тыс оқушылардың музейлердегі 
жұмыстары: өлкетанушылар үйірмелерін, «Қызыл ізкесушілер» клубын, 
сонымен қатар, өлке тарихы бойынша жадығаттар жинақтауға тапсырылатын 
музей достарының клубын ұйымдастыру; 4. музейлердегі тақырыптық 
кештерге бару, белгілі адамдармен кездесулер ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет