Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§9.2 Музей ісінің Қазақстанда дамуы



Pdf көрінісі
бет35/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§9.2 Музей ісінің Қазақстанда дамуы. 
Алғашқы музейлер қазақ даласында ХІХ ғасырда қалыптаса бастады. 
Қазақстан жерінде музей ашудың алғашқы қадамдары 1823-1845 жылдар 
аралығында Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгірден басталды. Жәңгір хан 
жинақтаған құнды жәдігерлер қазақ халқы үшін баға жетпес мұра. Олардың 
ішінде 1742 және 1749 жылдары патшайым Елизавета, 1775 жылы Екатерина, 
1802, 1812, 1823 жылдары Александр патша сыйлаған қылыштар бар. Бірақ бұл 
ресми түрде музей деңгейіне жетпей, хан Ордасының бөлмесін безендірген 
заттардың жинағы ретінде қалып қойды. Дегенмен, бұл қадам алдағы уақытта 
өлкеде музей құрылысының жандануына негіз болғандығына күмән жоқ.
Бүгінгі күнге дейін жеткен мәліметтерге қарағанда Жәңгір хан 
жинақтарының арасынан басқа да құнды заттарды кездестіруге болады. 
Мәселен, хан қайтыс болғаннан кейін оның мүлкінің тізімін жасаған комиссия 
мәліметтерінде, күміс ыдыстар, алтын медальдер, жұбайы Фатима ханшаның 
асыл тастармен безендірілген зергерлік әшекейлері және бағалы киімдері 
айтылған. Ресми жинақтарда ХХ ғасыр басына дейінгі отар өлкеде үш музей 
болғаны айтылады. Қазақстан жерінде төңкеріске дейін төрт музей ашылған. 
Орынбор, Семей, Жетісу тарихи-өлкетану музейлерінен басқа 1859 жылы 
Батыс Қазақстан облысында Орал жаратылыстану-тарихи музейі ресми түрде 
ұйымдастырылған. Орал жаратылыстану-тарихи музейі негізінің қалануына 
Орал әскери училищесінің оқытушысы М.К. Курилин елеулі үлес қосқан. 
Музейдің алғашқы коллекциялық қорын аталмыш әскери училище музейінің 
жәдігерлері құрады. Коллекциялық жәдігерлер қорының қалыптасуына Орал 
өңіріне келген белгілі саяхатшылар мен ғалымдардың қосқан үлесі көп.


75 
Орынбор облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылу тарихы 1830-1833 
жылдар аралығында Орынбор әскери губернаторы болып қызмет атқарған П.П. 
Сухтелен есімімен байланысты. Отарлаушы елдің өкілі ретінде П.П. Сухтелен 
Қазақстанға орыс мәдениетін неғұрлым тез қарқынмен ендіруге тырысты. 
Музей ұйымдастыру осы мақсатты жүзеге асыруда атқарған іс-шараларының 
бірі еді. 1831 жылғы 1 сәуірде музей алғашқы келушілерді қабылдады.
ХІХ ғасырда Орынбор, Омбы және Ташкент қалалары қазақ даласын 
ғылыми зерттеудің орталықтарына айналды. 1857-1862 жылдар аралығында 
Орынборда жергілікті ғалымдар жинастырған қазақтың ұлттық ерекшеліктерін, 
өлкесі мен тарихын бейнелейтін жәдігерлер Мәскеу және Қазан музейлеріне 
жіберіліп, олар көрмелерде өзіндік ерекше орынға ие болды. Қазақстанның 
батысындағы Орынбор өлкесінде музей ісінің жандануы, шығысында ғылыми 
мекемелер және зерттеу қоғамдарының пайда болуы 1883 жылы 11 қыркүйекте 
осы жиылған жәдігерлер мен кітаптар негізінде Семей қаласында алғашқы 
музей мен кітапхананың ашылуына арқау болды. Өлкеде музей және 
кітапхананың ұйымдастырылуына негіз болған 1878 жылы құрылған Облыстық 
статистикалық комитет еді. Саяси жер аударылғандарды қазақ халқының 
тұрмыс-тіршілігі, тарихы мен мәдениеті қызықтырды. Статистикалық 
комитеттің бірінші хатшысы және жетекшісі болып кезіндегі Петербор 
университетінің студенті саяси жер аударылған Е.П. Михаэлис сайланды. 
Жетісуда құрылған Орыс географиялық қоғамы, Верный статистикалық 
комитетінің мүшелері өлкеде музей ұйымдастыру ісіне елеулі үлес қосты. 
Музейді ұйымдастыруда және оның жәдігерлерімен толығуына 1896-1907 
жылдар аралығында комитет басшысы болған белгілі ғалым Н.Н. Пантусов 
(1849-1909 жж.) көп еңбек сіңірді. 1887 жылы комитеттің Сібір-Орал өлкесіне 
арналған көрмеде өз жәдігерлері үшін диплом және үлкен күміс медаль алуы 
кездейсоқ емес. Осы бастамалар негізінде 1898 жылы Жетісуда облыстық 
статистикалық комитет жанынан музей ұйымдастырылды. 
ХІХ ғасырдан бастау алып Қазақстан жерінде құрылған алғашқы музейлер 
өлкенің археологиялық, тарихи және рухани құндылықтарын зерделеп, 
таратуда маңызды рөл атқарды. Ғимарат жоқтығына, қаржы тапшылығына 
қарамастан тарихты, этнографияны және табиғи байлықтарды зерттеуде 
музейлердің қызметі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту бағытында өріс алып 
революцияға дейінгі Қазақстанның маңызды мәдени ошақтарына айналуға 
ықпал етті.
Кеңес өкіметі орнаған кезде Қазақстан жерінде төрт ірі музей Орынбор 
(1831), Орал (1859), Жетісу (1898), Семей (1883) өз жұмыстарын жалғастырды. 
Алдында екі рет құлдырауды басынан кешірген Орынбор губерниялық музейін 
1919 жылы көктемінде атаман Дутовтың әскері талқандап, құнды заттарын 
талан-таражға салды. 1919 жылдың наурызында Семей Кеңестерінің съезі 
шешімімен Семей тарихи-өлкетану музейі Орыс географиялық бөлімшесінен 
алынып, Семей халық ағарту бөлімінің құзырына берілді. Орал тарихи-
өлкетану музейінің жұмысы қайта жанданып, тарихи-өлкетану бағытында өз 
қызметін жалғастырды.


76 
1920 жылы Қырғыз (Қазақ – Ж.М.) АКСР Халық ағарту комиссариаты 
құрылып, оған басшылық ету белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа 
жүктелді. Ағарту саласын басқару елде болып жатқан өте келеңсіз 
жағдайлармен тұс келгенімен, А.Байтұрсынов мәдени-ағарту саласында 
қордаланған мәселелерді шешуге тырысып, қазақ зиялыларын комиссариат 
жұмысына тартты. Мысалы, ғылым, білім, ағарту саласында маңызды 
мәселелерді талқылау барысында Е.Омаров, С.Сәдуақасов, Ә.Бөкейханов, 
Х.Болғанбаев, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов сынды азаматтар болған. 1921 жылы 
18 қаңтарда бірінші Бүкілқазақстандық конференцияда республиканың халық 
ағарту жұмысының өзекті мәселелері қаралды. «Қырғыз (Қазақ – Ж.М.) АКСР-
сы Халық Ағарту Комиссариаты мен оның жергілікті халық ағарту бөлімдері 
туралы Ереже» бойынша оның құрамына Бас мұрағат және Бас музей 
басқармалары енді.  
Республикада музей ісін ұйымдастыру және дамыту бағытындағы үкімет 
шаралары нәтижесіз қалған жоқ. 1921 жылдың 23 тамызында Қырғыз (Қазақ – 
Ж.М.) АКСР Халық ағарту комиссариаты музей бөлімінің отырысында 
Орынбор өлкесінің музейі қорында Қырғыз (қазақ – Ж.М.) өлкесі, Сібір, 
Орынбор 
аймағын 
бейнелейтін 
заттар 
жинақталғандықтан, 
оны 
Бүкілқырғыздық (қазақтық – Ж.М.) тарихи-мәдени музейі етіп бекіту уақыт 
күттірмес міндеттердің бірі екендігі атап көрсетілді. 1920 жылы Көкшетау және 
Қостанай тарихи-өлкетану музейлерінің негізінің қалануына жергілікті оқу-
ағарту мекемелерінің үлесі зор болды. Жаңа ашылған музейлердің қорын 
жергілікті оқу орындарының көрнекі құрал-жабдықтары, Колчак әскерімен 
бірге қашқан жергілікті ауқатты адамдардан қалған ескі қару-жарақтар, 
тұрмыстық заттар, түрлі киім-кешектер және өлкенің табиғатын бейнелейтін 
өсімдіктер мен жәндіктер құрады.
Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықта республика көлемінде жаңа 
бағыттағы музейлер ашылды. Солардың бірі Дінге қарсы (антирелигиозный – 
Ж.М.) музей. Музейдің ұйымдастырылуына 1935 жылы Ленинград (қазіргі 
Санкт-Петербург – Ж.М.) қаласында өткен Иран өнері мен археологиясының ІІІ 
Халықаралық конгресі себеп болған. Конгресті өткізуге дайындық барысында 
шығыс өнерінің құнды тарихи-мәдени туындылары шоғырланған көрме 
ұйымдастыру көзделді. Қазақстан тарапынан шығыс өнерінің бірден-бір баға 
жетпес құндылықтары сақталған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі заттар 
нысанға алынды. 1935 жылы 24 тамызда Ленинград қаласындағы Мемлекеттік 
Эрмитаж директоры, академик И.А. Орбели, шығыс секторының меңгерушісі 
А.Ю. Якубовский, ғалым хатшысы В.К. Сухотина, ғылыми қызметкері П.Е. 
Сауков, Түркістан қалалық кеңесінің мүшесі А.Абдуллаев кесенеден көрмеге 
алынатын заттар туралы актіге қол қойып, ол заттардың ішінде: 1. ХІV ғасырға 
жататын екі бөлімнен (қазан және орнатқыш) құрылып, оюмен безендірілген 
қоладан құйылған қазан. Аумағы 70 шелек су мөлшерін құрайды; 2. ХІV 
ғасырға жататын алтын және күміспен көркемделіп, өсімдік оюымен әрленген, 
араб тілінде Әмір Темірдің аты жазылып, қоладан құйылған екі шамқойғыш 
алынды. 1938 жылы 26 қарашада Түркістан аудандық атқару комитетінің 


77 
отырысында Халық ағарту комиссариатының өкілі Т.Жезбаев Түркістан 
қаласында дінге қарсы музей құру жөнінде қаулы қабылданғандығын 
мәлімдеді. 
Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Қазақ КСР Орталық музейі, 
Семей, Қостанай, Орал, Көкшетау, Шымкент, Ақмола, Қарағанды, Петропавл, 
Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облысық тарихи-
өлкетану музейлері, Мирзоян, Риддер, Арал, Жәркент аудандық салалық 
музейлер, Т. Шевченко атындағы (кейіннен Ә.Қастеев атындағы – Ж.М.) 
ұлттық көркемөнер галереясы, Абай Құнанбаев, Д. Фурманов, В. Чапаев, Т. 
Шевченко мемориалдық музейлері және Дінге қарсы (антирелигиозный) 
барлығы 24 музей халыққа қызмет көрсетсе, олардың қорында 70 мыңнан астам 
жәдігер және 35 мыңдай кітап қоры тіркелген.
Музейлердің материалдық-техникалық базасының төмендігі кейбіреуінің 
жабылуына себеп болды. Мәліметтер бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында 
Қазақстанда 18 музей жұмыс атқарған. Олардың ішінде республикалық 
деңгейде Қазақ КСР Орталық мемлекеттік музейі, 11 облыс көлемінде, 6 
аудандық дәрежеде қызмет атқарды. Ал, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, 
Ақмола облыстық өлкетану музейлері мен Амангелді Иманұлы, Шевченко 
мемориалдық музейлері мүлдем жабылып қалды. 
Соғыстан кейін мәдени-ағарту мекемелерінің желісі тым жұтаң болса, 1950 
жылдың басында республикада ауыл клубтары мен оқырман үйлері 2654, 
қызыл киіз үйлер 150, мәдениет үйлері 190, кітапханалар 564, музейлер 24, 
барлығы 3481 мәдени ошақ халыққа қызмет етті. Аталған жылы республика 
деңгейіндегі 24 музейдің 22-і мәдени-ағарту жұмыстары жөніндегі комитеттің 
қарауында қалса, Абай мемориалдық музейі және Қазақ КСР Ғылым 
Академиясы Геология музейі Қазақ КСР Ғылым Академиясы жүйесіне тіркелді. 
Жалпы, 1950 жылдардың ішінде республика музейлерінің өсім көрсеткіші 
құбылмалы болды. Мәселен, 1946 жылы  18, 1950 жылы  24, 1953 жылы – 20. 
Батыс Қазақстандағы В. Чапаев мемориалдық музейі, Ақтөбе облысындағы Ш. 
Берсиев мемориалдық музейі, Қостанай облысындағы А. Иманұлына арналған 
мемориалдық музейі, Қызылорда облысындағы Арал аудандық музейі 
қаржының жетіспеушілігі және облыс орталығынан қашықтығына орай 
облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің құрамына біріктірілді.
1970-1980 жылдар аралығында музейлер саны өсті. 1978 жылы жылы 
қабылданған 11 бесжылдық жоспарда музейлер жүйесін дамытудың ғылыми 
негізделген жоспарында профильдік, салалық және мекемелік музейлердің 
ашылуына ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде, 1978-1984 жылдар аралығында 
республика көлемінде 30 (оның 19-ы профильдік) жаңа музей ашылды. 1980-ші 
жылдары мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көлемінің өсуін мына 
мәліметтерден байқауға болады: мемлекеттік бюджет және қаржыландырудың 
басқа да көздері бойынша: 1984 ж. 1,3%, 1985 ж. 1,5% в 1989 ж. 1,8% қаржы 
музей қажеттіліктері үшін жұмсалған. 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланғаннан беріде музей 
саласы құрылымдық, саяси-идеологиялық, ұйымдық, түбегейлі өзгерістерді 


78 
бастан кешірді. Біріншіден, музейлер партиялық, идеологиялық өктемдік пен 
бірізділіктен қол үзіп, іс-шаралардың тақырыптық, мазмұндық, танымдық 
әлеуетін кеңейтті, ең бастысы – ел мүддесіне қызмет ететін мақсатқа жұмылды. 
Екіншіден, 
отарлаудың 
қиянатын, 
тоталитаризмнің 
қылмыстарын 
әшкерелейтін, оң тарихи сананы қалыптастыратын, ұлт тарихындағы 
«ақтандақтарды» жоюға септігін тигізетін жаңа тұрпаттағы музейлер шаңырақ 
көтерді. Үшіншіден, музейлер жүйесін басқару мен ұйымдастыруда 
қолданылған орталықтандыру, саясаттандыру, бюрократияландыру орнына 
жариялылық, жергілікті бастамаға өріс ашу, нарықтық қатынастарға бейімделу, 
бейсаясаттану ұстанымдары келді.
1990 жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында Қазақстанда 
республикалық маңызы бар музейлер 13, мекемелік музейлер 5, облыстық 
музейлер 25, қалалық музейлер 31, аудандық музейлер 47, қорық музейлер 7 
болған. Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты музейлерге деген 
сұраныстар өсуде. Жаңадан бой көтеріп жатқан музейлердің мазмұндық 
деңгейі, құрылымдық жүйесі өзгеше. Олардың қатарына музейлендірілген 
ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси қуғын-сүргін 
құрбандарына арналған музейлер, Президенттік музей, қоғамдық немесе 
антропологиялық музейлер жатады. Ашық аспан аясында музейлендірілген 
Қожа Ахмет Яассауи кесенесі және Тамғалы археологиялық петроглифтері 
Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енді. 
Музейлер қорларында шоғырланған заттар жинағынан көшпелілер 
өркениетінің этноконцептілік сипатын топшалайтын болсақ, музейлердің 
салалық 
бағыты 
тарихи-өлкетанушылық 
бағытта 
қалыптасқандықтан 
жәдігерлерді типтік, коллекциялық, материалының түрі, өнер саласына қарай 
сыныптауға болады. Олар музейлердің археологиялық, этнографиялық, 
нумизматикалық коллекциялар қорын құрып, қазақ халқының мәдениеті мен 
өнерін әлемге паш ететін баға жетпес құндылықтар болып табылады. Аға 
сұлтандар Арынғазы Жанғожин, Шыңғыс Уәлиханов, Құнанбай Өскенбайұлы, 
Ибрагим Әділовтердің қолөнер қамқоршысы болғаны тарихтан белгілі. Қазақ 
халқына тиесілі құнды бұйымдарды ел арасынан жинап, кеңінен насихаттауда 
Г.Потанин, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібековтің елеулі үлес қосты. 
Қазан төңкерісіне дейінгі музейлердің алдында өлкенің тарихы мен 
табиғатын бейнелейтін заттарды жинақтау міндеттері тұрғандықтан оларда 
негізінен археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, зоологиялық, 
ботаникалық, палеонтологиялық коллекциялар жинағы қалыптасты. Мысалы, 
Орынбор музейі (қазіргі ҚР Орталық Мемлекеттік музейі – Ж.М.) табиғи 
бөлімнің құнды заттармен жабдықталуына белгілі профессорлар Э. Эверсман, 
Н.А. Зарудный, Борьщов, Карелин, Каржинскийдің коллекциялары мен ғылыми 
еңбектері негіз болды. Семей музейінде Абай Құнанбайұлының, оның досы 
Е.П. Михаэлистің, Ш. Уәлиханұлының жеке коллекциялары мен кітаптары 
сақталды. 
Кеңес өкіметі орнаған алғашқы кезеңде музейлердің коллекциялық 
қорының қалыптасуы мен толығуына құрамында тарихшылар А.П. 


79 
Чулошинков, А.П. Гра, Ә.А. Диваев, С.М. Петров, А.Л. Мелков, И.В. Мелкова, 
А.А. Четыркина, И.М. Расторгуев, Н.А. Чулошникова жаратылыстану 
ғылымдарының өкілдері Л.П. Лошкраев, М.И. Рожанец, В.Е. Тележников еңбек 
еткен Қазақстанды зерттеу қоғамының рөлі жоғары болды. Ұлы Отан соғысына 
дейін Қазақстан музейлері коллекциялық қорын біріншіден, жұмысшының, 
колхозшының тұрмыс-жағдайын көрсететін және Кеңес үкіметі өмір сүріп 
жатқан кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірді 
бейнелейтін заттармен қамтамасыз ету қажет болса, екіншіден, «қаналушы» 
тапты төңкеріс жасауға итермелеген себептер мен оның барысын көрсететін 
заттар музей экспозициясынан орын алуға тиіс болды. Кеңес кезеңінде 
республика 
музейлерінде 
археологиялық, 
тарихи-тұрмыстық 
және 
этнографиялық, нумизматикалық, жеке тұлғалар және социалистік негіздегі 
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы бойынша коллекциялық жинақтар қоры 
қалыптасты. 
Бүгінгі күні тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жүріп жатқан күрделі, 
қарама-қайшылығы мол мәдени үрдістер қарқыны мәдени-ағарту мекемелері 
жүйесіндегі музейлердің жұмысынан айқын көрініс табуда. Бүгінгі таңда 
Қазақстанның 170-тен астам музейлерінің коллекциялар қорын 2,5 миллионнан 
астам заттай деректер құрайды. Бір ғана ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің 
қорында 217.503 бірлік жәдігерлер сақталуда. Оның ішінде палеонтологиялық 
экспонаттар 13090 бірлік, археологиялық 16754, құндыметалдар 8857, 
киімдер – 3990, нумизматикалық жадығаттар  58373, кілем-тоқыма өнімдері  
1500, бейнелеу өнері қоры және фарфордан  9481, қару және жылқы әбзелдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет