Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§4.2 А.И. Левшин – «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары



Pdf көрінісі
бет66/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§4.2 А.И. Левшин – «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары 
мен далаларының сипаттамасы» еңбегі (1832ж.). 
А.И. Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен 
далаларының сипаттамасы» атты шығармасы 1832 жылы қазанның соңында 
Карл Крайдың петербургтік баспаханасында жарық көрді. Ол үш бөлімнен 
тұрды: бірінші бөлім қазақ даласының жалпы физикалық-географиялық 
сипаттамасынан тұрды, екіншісінде – алғаш рет қазақ халқының ежелгі 
дәуірден ХІХ ғасырдың басына дейінгі тарихы баяндалды, үшінші бөлімде 
қазақтар этнографиясының жан-жақты сипаттамасын берді. Бөлімдердің негізгі 
мазмұнына жоспарлар, кестелер, карталар, сызбалар, литография (жадағай 
тасқа басу әдісі – Ж.М.) жолымен салынған және оюланған суреттер және басқа 
жадығаттар қосымшалар ретінде тіркелген. 
Еңбек шағын тиражбен 400 дана шықты және көп-кешікпей сирек 
кездесетін библиографияға айналды.
Бірінші бөлім қазақ өлкесін географиялық шолудан тұратын үлкен 
тараудан басталады. Оны жазу үшін А.И. Левшин ХІХ ғасырдың алғашқы екі 
онжылдығында орыс табиғаттанушылары мен инженерлері далаға жүргізген 
геодезиялық, 
топографиялық 
және 
гидрографиялық 
зерттеулерінің 
мәліметтерін пайдаланды. Қазақстанның батыс аймақтарын сипаттауда ол 1820 
жылы 
А.Ф. 
Негридің 
және 
1825-1826 
жылдары 
Ф.Ф. 
Бергтің 
экспедицияларының 
жадығаттарына 
сүйенді, 
ал 
солтүстік-шығыс 
территориялар жөнінде ақпараттардың басым бөлігін И.П. Шангиннің есептері 
мен күнделік жазбаларынан құрастырды. Қолы жеткен барлық жадығаттарды 


156 
ұғынып, А.И. Левшин тек өзінің жеке бақылауларымен немесе басқа жазба 
деректермен расталған мәліметтерді ғана таңдап алған. Нәтижесінде ол сол 
кезге тән қателіктерге ұрынбады және Қазақстанның географиялық жағдайы 
мен табиғи ресурстарына біршама дерлік нақты сипаттама берді. 
Зерттеуде Қазақстанның орографиясы (жер қыртысы – Ж.М.), 
гидроресурстары, климаты, топырақтар қасиеттері, қазба байлықтары, 
өсімдіктер және жануарлар әлемі, өлкенің кейбір көлемді аймақтарындағы 
археологиялық ескерткіштері тыңғылықты баяндалды. Сондай-ақ, А.И. Левшин 
оның заманында танымал өлке туралы мәліметтерді мазмұнында келтірді. 
Сол уақыт үшін А.И. Левшиннің қазақ даласының территориясының 
ландшафттық зоналарын сипаттауға тырысуы үлкен ғылыми қызығушылық 
туғызды. «Қырғыз-қазақ даласы» деген терминнің астарында солтүстікте Ойыл, 
Орал, Тобыл мен Ертіс өзендері аралығы, оңтүстік-батысы Каспий мен Арал 
теңіздері, және шығыста – Алтай жотасы мен Цин империясымен аяқталған 
кеңістік жатыр деп түсінген. Осы барлық кеңістікті автор А.Гумбольд өңдеген 
ландшафттар жөніндегі ілімін басшылыққа ала отырып, жеті белдеуге бөлді. 
Аталған ілімде табиғаттанудың салыстырмалы әдістеріне сүйеніп, табиғат 
құбылыстарының (климаттың, рельефтің, топырақтың, өсімдік және жануарлар 
дүниесінің және т.б.) байланыстары заңдылық деп таныды. Зоналарды А.И. 
Левшин солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай бөлді. 
Зоналарды бөлуде ол топыраққа, климатқа және органикалық әлемге, әсіресе 
өсімдіктерге ерекше көңіл бөлді. Бұл сипаттамалар бойынша ғалым бірінші 
белдеуге біршама егінге қолайлы Солтүстік Қазақстан территориясының 52
0
және 51

солтүстік ендігі аралығын кіргізді. Қалған алты белдеу оның ойынша 
көшпелі малшаруашылығына қолдануға қолайлы Ораласты үстіртін, Үстірт 
үстіртін, солтүстік Орал өңірін, Оңтүстік-Батыс және Шығыс Қазақстанның 
Зайсан көлі ауданындағы территория бөлігін қамтиды. 
Бірінші тараудың арнайы бөлімшесін автор Сырдария өзенінің, сондай-ақ, 
онымен шектесіп жатқан Арал теңізінің географиялық және тарихи 
сипаттамасына арнады. Бұл бөлімшені жазуға негізгі дерек көздері етіп 
антикалық және ортағасырлық еуропалық авторлардың шығармаларын, орыс 
жылнамаларының мәліметтерін, ХVІІІ ғасырдың отандық және шетелдік 
саяхатшылардың жазбаларын алды. Бұл бөлімшеде жағалауларын көптеген 
ортаазиялық халықтар ертеден мекендеген Сырдарияның ежелгі сағасын 
анықтау мәселесін мазмұндауға тырысты. Алайда сол уақытта қолжетімді 
жадығаттарды тарихи сынау деңгейі, деректік базаның жағдайының өзі де бұл 
міндеттерді шешу үшін жеткіліксіз болды. А.И. Левшиннің сол кезде әлі 
ғалымдар тарапынан зерттелмеген Арал теңізін біршама толық сипаттағысы 
келген талпынысы нәтижелі болды. Автор орыс жылнамаларынан және 
жергілікті халықтық әңгімелерден оның атауларының түрлі нұсқаларын 
келтірді, орыс және еуропа ғалымдарының еңбектерінен Арал бассейіні мен 
оған жапсарлас жатқан территориялар жөнінде қызықты мәліметтер хабарлады. 
Бірінші томды ғалым ең жаңа картографиялық және нарративті 
(баяндаушы – Ж.М.) жадығаттар негізінде 1831 жылы ол құрастырған «Қырғыз-


157 
қазақтарға тиесілі жерлер мен Түркістанның картасын» қосып жариялады. Бұл 
карта Қара Ертіс бассейіні мен Алтайдан басқа барлық Қазақстанды қамтыды. 
Бұл орогидрографиялық (белгілі бір ауданның рельефі мен оны қоршаған 
өзендердің сипаттамасы – Ж.М.) картада алғаш рет Орта Азия территориясын 
картаға түсіру тарихында Арал теңізінің дәл көрінісі дұрыс көрсетілді және 
бұнда бірнеше ірі шығанақтар, мүйістер, Барсакелмес аралы және тұтас уақ 
аралдар тобы белгіленді. 
Көбіне картаға Батыс Қазақстанның азды-көпті ірі өзендері, Ертіс 
бассейнінің солтүстік бөлігі дәл түсірілді, Ақсу, Сарқан, Биен, Қаратал, Аягөз 
және Көксу өзендерінің орналасуы шындыққа сәйкес келді, бірақ Іле өзенінің 
ағыстары тым қысқартылып берілген.
Картаның орографиялық (таулардың сырт бейнесі – Ж.М.) түсірілуі 
біршама толықтығымен ерекшеленеді. Ертеректе Үстіртте бейнеленген мифтік 
таулы жоталар Левшинде шындығында бар үстіртпен ауыстырылған. 
Маңғышылықта Қаратау мен Ақтау жоталары «Қаратақ» және «Ақтақ» деген 
атаулармен көрсетілген, шығыста Қалба жотасы, Тарбағатай мен Жоңғар 
Алатауы жеке бегіленген, ал Балхаштан оңтүстікте жатқан Күнгей Алатауының 
жотасы, сондай-ақ Сүгат пен Тұрайғырдың шағын қыраттарының пішіндері 
дұрыс берілген. 
Картада Үлкен және Кіші Барсұқтар, Арал маңындағы Қарақұм мен 
Қызылқұмдарының құмды массивтерінің орналасуы мен кескіні жеткілікті 
дұрыс белгіленді. Ұзақ уақыт бойы ресей ғалымдарына қолжетімсіз болған 
Қазақстанның орталық және оңтүстік бөліктерінің орографиясын А.И. Левшин 
картасы анағұрлым көбірек дәл көрсетті. 47-91
0
және 69-77
0
аралығындағы 
кеңістіктің ақтаңдақтары көп, бұнда Шу мен Таластың ағыстары ғана көмескі 
көрсетілген. Карта ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында Қазақстан 
жөнінде географиялық білімді жинақтауда орыс ғылымының үлкен 
жетістіктеріне дәлел болды.
«Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақтар жөнінде тарихи хабарлар» деп 
аталатын зерттеудің екінші томында қазақ халқының тарихы жан-жақты 
баяндалады. Бұнда автор алғаш рет ғылымда қазақтар жөніндегі оның 
заманында танымал батыс еуропалық және орыс деректерін жүйелендірді және 
аймақтағы XVI ғасырдан ХІХ ғасырдың басына дейінгі саяси оқиғалардың 
тарихын бақылады. 
Жұмыстың тарихи бөлімі бес тараудан тұрады. Монография тарауы 
ретінде «Мәскеу хабаршысында» бұрынырақ жарық көрген А.И. Левшиннің 
«Қырғыз-қазақтардың атауы жөнінде және бұлардың нағыз немесе жабайы 
қырғыздардан айырмашылығы» атты мақаласы кірді. Мақала қазақ халқының 
этногенез мәселесін ғылымда алғаш рет қарастыруымен құнды. Сонымен қатар, 
қазақтарға қолданылған «қырғыз-қайсақ» және «қырғыздар» атауының шығу 
тегі жөнінде автордың маңызды ой-пікірлері көрсетілді. А.И. Левшин Сібірлік 
қалалар 
мен 
қыстақтарға 
ежелгі 
немесе 
нағыз 
қырғыздардың 
шапқыншылықтары мен тонаулары олардың аттарын соншалықты үрейлі және 
жеккөрінішті еткендігін, оларды сөгудің орнына ресейліктер олардың атауын 


158 
Сібірдің оңтүстік облыстарына қырғыздардан кейін зиян әкелген казак 
ордасына да қолданғандығын жазды. Сөйтіп, «Қырғыз-қазақ», кейін «қырғыз-
қасақ», аяғында «қырғыз-қайсақ» болып аталып кеткендігін атап көрсетті.
Орыс тарихшысының қазақтарға қатысты тарихи ақиқатты орнату үшін 
«қырғыз-қайсақ» емес, «қырғыз-қазақ» деп атауымыз керек деген ойы 
құптарлық. Осылайша халықтың негізгі атауын сақтауға болады деп есептеді. 
Бұндағы атаудың екінші бөлігі «қазақты» өз аты, бірінші бөлігі «қырғызды» 
анықтауыш сөз ретінде қолдануды, яғни орысша екі атау да «казак» болып 
жазылғандықтан, автор қазақтарды «казактармен» шатастырмау үшін ұсынды. 
Келесі екі тарауда ортағасырлар дәуіріндегі қазақтар тарихы қысқаша 
баяндалады. Автор қазақ халқы жөнінде барлық батыс еуропалық және орыс 
әдебиеттерін сараптады, бірақ шығыс тілдерін білмеуі себепті оған сол кезде 
қолжетімді монғол, түрік және парсы тілді деректерді қолдана алмады, ал бұл 
жадығаттардың орысша аудармалары болған жоқ. Осыған байланысты 
Левшиннің қазақтардың ежелгі және ортағасырлардағы тарихының 
мәселелеріне қатысты зерттеулерінде келтірген бірқатар мәліметтерінің көп 
жағдайда дәлдігі мен толықтығы күмән келтіреді. 
Қазіргі зерттеушілер үшін XVI - XVIII ғасырдың басындағы орыс-қазақ 
қатынастары тарихына арналған монографияның үшінші тарауының беттері 
қызығушылық туғызады. Бұнда алғаш рет ХІХ ғасырдың алғашқы үштігінде 
Ресейде жинақталған қазақтар жөнінде тарихи мәліметтер жүйелендірілген, 
және Ресейге оның қосылуы қарсаңында қазақ халқының саяси тарихының 
күрделі де қайшы сипатын түсінуге маңызды талпыныстар жасалған. 
Ғылыми мәні жағынан біршама құндысы екінші томның соңғы екі тарауы. 
Бұнда Левшин үш жүз қазақтарының тарихын тыңғылықты баяндауға 
талпынған. Ұлы жүз қазақтарына қатысты бұл міндетті толыққамды жүзеге 
асыра алмады, себебі зерттеушіде шығыс деректері болмады, ал оған 
қолжетімді орыс мұрағаттық жадығаттарда Оңтүстік Қазақстан халқы жөнінде 
қажетті мәліметтер аз болды. Аталған мәселелерді зерттеудегі өзінің шектеулі 
мүмкіндіктерін автордың өзі де түсінді және Ресейге Орта және Кіші 
ордалардың қосылуы оларды бізге жақындата түсті, алайда сол кезде 
тәуелсіздігін сақтаған Үлкен ордадағы оқиғалардың барысын бақылау 
мүмкіндігі болмай тұр, сондықтан Ресейге бағынышты қырғыздарға қарағанда, 
олардың XVIII ғасырдағы жағдайы жөніндегі тарихи түсінігіміз жалпылама 
болып отыр деп көрсеткен. 
Осыған қарамастан А.И. Левшиннің зерттеуі күні-бүгінге дейін ғылыми-
тәжірибелік маңызын жоймаған көптеген құнды ойлар мен пікірлерден тұрады. 
Ресей мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнату уақытынан ХІХ 
ғасырдың басына дейінгі Кіші және Орта жүздерге тарихи шолуларды автор 
біршама тыңғылықты етіп берді. Хронологиялық бірізділікпен Кіші жүздің 
ресейлік бодандықты қабылдаудың алдында болған және бұған жалғасқан 
барлық оқиғалар сипатталды, қазақ хандарының сыртқы және ішкі саясаты, 
олардың патшалық шекаралық әкімшілікпен өзара қарым-қатынастары 


159 
түсіндірілді, XVIII - ХІХ ғасырдың басына дейінгі Қазақстандағы саяси 
үрдістердің қарама-қайшы және күрделі сипатын көрсетті. 
Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аймақтарының 
қосылуын А.И. Левшин Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен оған бағынышты 
халықтардың ресей патшайымына өз еркімен бодан болғандығы және бұны 
1731 жылы ант қабылдаумен бекітуі деп қарастырды. Бұл заңды актіге қол 
қойылуды, зерттеушінің пікірінше, қазақ қоғамында дағдарыстың өрши 
түсуінің шарасыз салдарлары және объективті (сыртқы және ішкі) факторлар 
мен 
субъективті 
себептердің 
жиынтығы 
туғызды. 
Монографияда 
алғышарттардың бірінші тобына Жоңғария тарапынан қазақтарға төніп тұрған 
сыртқы қауіп, қалмақтармен, башқұрттармен, ортаазиялық хандықтардың 
билеушілерімен қақтығыстар, хан билігінің тұрақсыздығы және ішкі өзара 
тартыстардың өсуі себептері, қазақ ақсүйектерінің сауда-экономикалық 
мүдделері және ірі мал иелерінің жаңа жайылымдарға деген мұқтажы 
жатқызылды. Субъективті себептер ретінде зерттеуде «құдыретті мемлекеттің 
қорғаушылығымен күшею ниетімен» Әбілқайыр ханның өзінің жеке және оның 
маңындағы қолдаушыларының (Сәмеке, Жолбарыс және т.б.) атаққұмарлығы 
мен пайдакүнемділігі көрсетілді. А.И. Левшин анықтаған бұл факторлар 
біршама объективті деуге болады. Бұларды қазіргі тарих ғылымы да анықтап 
отыр. 
XVIII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ жүздерінің нақты тарихи 
оқиғаларын сипаттау барысында А.И. Левшин бодандықты ресімдеу 
мазмұнымен байланысты жекелеген маңызды мәселелерге көңіл аударды: пісіп 
жетілген мәселелердің тезарада шешілуіне үміттенген қазақ билеушілері басқа 
діндегі державаға бодандық уақытша болуы мүмкін деп топшалауы 
(«тәуелсіздіктің болашақтағы артықшылықтарын салыстырып, жедел көмекке 
мұқтаж болғандықтан және мүмкіндік туған кезде бірден қайта тәуелсіздікке ие 
болуды көздеп, Әбілқайырдың жақын жақтастары Анна патшайымға бағынуға 
шешілген»); қатаң бағынуды мойындамау және ықтиярсыздықтың ықпалды 
құралы мен ішкі саяси тұрақтылық болып табылатын орталықтанған билік 
дәстүрінің қазақтарда болмауы көшпелі қоғамға тән ерекшеліктер. 
«Қырғыз-қазақ ордасына сипаттаманың» авторы көшпелі қоғамның 
экономикалық талаптарынан, солардың ішінде, маңызды рөл атқарып отырған 
жер мәселесімен байланысты біршама беделді қазақ билеушілерінің сыртқы 
саясаттағы қызметтерін ашып көрсетуге тырысты. Осылайша, Орта жүз ханы 
Абылайдың бодандықты қабылдау мәселесін А.И. Левшин қазақтардың 
жайылымдық жерлерге деген қызығушылықтарынан туындады деп 
қарастырды. 
Бұл «ақылды және тапқыр мемлекеттік қайраткердің» икемді саясатын 
айта отырып, тарихшы Кіші және Орта жүздердің көреген билеушілеріне 
қарағанда Абылай Ресеймен достық қарым-қатынасты сақтауға тырысқан, 
«себебі оған бағынышты қырғыз-қайсақтардың басым бөлігі орыстармен 
шекаралас біршама пайдалы жерлерде көшіп жүрді». Оннан әрі, Левшин 
қолайлы көшіндерін пайдалануды қауіпсіздендіру мен пайда көру ойынан 


160 
басқа, Абылай сібірлік бекіністерде қазақтардың саудасын ұйымдастыруды 
және Ресейден көршілермен соғыста әскери көмек алуды көздеді деп көрсетті. 
А.И. Левшиннің зерттеуі Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар 
тарихының мәселелері, сондай-ақ қазақтардың башқұрттармен, қалмақтармен, 
Жоңғариямен, Цин империясымен және Хиуамен саяси байланыстары бойынша 
көптеген құнды ойлар мен бақылаулардан тұрады. Бұнда алғаш рет, басқа 
тарихи еңбектермен (П.И. Рычков, И.Г. Андреев, Г.И. Спасский, С.Б. 
Броневскийдің және басқаларының еңбектері) салыстырғанда жоңғар 
шапқыншылығының көлемі мен сипатын тыңғылықты баяндалған, XVIII 
ғасырдың 20-50 жылдары шегінде қазақ-ойраттары қатынастарының даму 
барысын бақылап шықты, қазақ хандарының шекараларында халықаралық 
жағдайдың өзгеруіне циндардың Жоңғарияны талқандауының маңызын 
көрсетті. 
Екінші томдағы қазақ жүздерінің ірі саяси қайраткерлері жөнінде дәл және 
тура сипаттамасы өте маңызды. Эпостық және құжаттық жадығаттардың кең 
ортасына негізделіп жасалған тарихи бейнелер көптеген тарихшылар мен 
жазушылардың саналарында мықты нығайды. Қазір де қазақстандық 
зерттеушілер, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай және басқа да сол заманның 
тарихи тұлғаларын ішкі және сыртқы саясаттарын зерттеу барысында сөзсіз 
А.И. Левшинге сілтеме жасайды.
А.И. Левшиннің үлкен еңбегін мойындай отырып, сонымен бірге орыс-
қазақтардың қатынастары жөніндегі оның көзқарасының ресми және 
императорлық көзқарастан еш айырмашылығының болмауы себепті кейбір 
маңызды аспектілер біржақты және үстірт бағаланғанын ескеру қажет. 
Осылайша, А.И. Левшин қазақ жүздеріндегі патшалық әкімшіліктің саясатын 
толықтай ақтай отырып, Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қатал 
сынады, бұған қазақ ағамандарының атаққұмарлығы мен пайдақор мүдделері 
себеп болды деп есептеді. 
Көтерілісшілерге тән «құтырған мінез», қатыгездік пен тонауға деген 
бейімділік негізінен қазақтардың этникалық ерекшелігі, келбеті деп есептеді. 
Бұндай негізсіз және әділетсіз бағалауларды үзілді-кесілді жоққа шығарсақ та, 
біз А.И. Левшиннің өз көргенін ресми жағдайы, шыққан сословиесі, мәдени 
ортасы, алған тәрбиесі мен білімі тұрғысынан қабылдағанын ескеруіміз керек, 
сондай-ақ оның мұндай көзқарастарын Шығыс халықтарына деген менмендігі, 
тәкаппарлығы да туындатып отыр.
Ерекше қызығушылықты А.И. Левшиннің еңбегінің үшінші бөлімі 
туғызады. Бұнда қазақ халқының этнографиялық сипаттамасы берілген. 
Алғысөзде автор бұл том «оның жеке бақылаулары мен қысқаша пікірлерінің 
жемісі» екенін көрсетті, бұларды ол «қырғыз-қайсақтардың куәліктерімен, 
мазмұндауларымен және бұл халықты жақсы білетін адамдардың пікірлерімен 
бірнеше қайтара салыстырғанын» атап өткен. Этнографиялық бөлімі 32 
бөлімшеден тұрады, бұларда қазақтардың XVIII-XIX ғасырдың үштен бірі 
аралығындағы экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын 
толық баяндалды. Оны дайындауға А.И. Левшин көптеген түрлі деректерді 


161 
тартты, сонымен қатар Қазақстан тарихы бойынша өзінің алдындағы еңбектерді 
тыңғылықты зерттеді. Соның арқасында, ол қазақтар жөнінде сол уақытта 
жинақталған тарихи-этнографиялық мәліметтерді жүйелей алумен қатар, 
көшпенділер, олардың мәдениеті мен тұрмысы жөнінде көптеген бұрынғы 
түсініктерді кеңейте алды.
Алғашқы бес тарауындағы қазақтардың этникалық құрамы, тұрмыс қалпы 
және аймақ территориясындағы миграциясы (көші-қон – Ж.М.) туралы 
мәліметтер көбіне А.И. Левшин жинақтаған дала жадығаттарына негізділген. 
Салыстырмалы шағын көлемнен тұратын бұл бөлімдер әлі күнге дейін ғылыми 
маңызын жоғалтпаған құнды этнографиялық ақпараттардан тұрады. Бұлар мәні 
жағынан алғаш рет ғылыми әлемді қазақ халқының этноәлеуметтік 
құрылымымен, олардың орналасуымен, шаруашылық қызметінің тәсілімен, 
ұлтқа тән этникалық ерекшеліктерімен және шамамен олардың санымен 
таныстырды.
Зерттеуші біршама егжей-тегжейлі Кіші және Орта жүздің ру-тайпалық 
құрамын көшіріп жазды, Ұлы жүздің құрамын салыстырмалы аз баяндады. 
Жұмыстағы кейбір дәлсіздіктерге қарамастан (мәселен, автор уақтар мен 
керейлерді бір тайпа ретінде уақ-керей деп біріктірді), А.И. Левшин зерттеуінде 
негізінен XVIII – XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы үш жүз 
қазақтарының этникалық құрамы мен орналасуын дұрыс көрсетті. Ғалым тіпті 
ру бөлімдерінің өздері де маңызды себептері болмаса көшіп-қону мекендерін 
өзгертпейтіндеріне, тұрақты мекендерді пайдаланатынына ерекше көңіл аудара 
отырып, ірі тайпалар мен рулардың негізгі әрі біршама ірі көшіп-қонған 
жерлерін көрсетті. А.И. Левшин алғаш рет тарихи әдебиетте қазақ 
таңбаларының кескіндерін берді, кейін бұлар руларды бір-бірінен айыруға және 
түрлі әлеуметтік топтардың өмір сүру мекендерін анықтауда маңызды болды. 
Қазақ халқының нашар зерттелген туыс-тайпалық құрамын түсіндіруге үлкен 
көңіл бөлуі, бірінші кезекте А.И. Левшиннің бұл мәселені көшпелі қоғамның 
этноәлеуметтік құрылымын түсіндірудің жалпы мәселесі тұрғысынан 
қарастырумен шартталды. Оның ойынша, көшпенділердің қоғамдық ұйымының 
негізінде өзіндік генеалогиялық (шежірелік – Ж.М.) иерархиялы туыстығы бар 
тайпалық құрылым жатыр. Этникалық құрылымның жалпы кескіндемесіне 
зерттеуші негізгі халық бұқарасынан бірқатар артықшылықтарымен 
жекеленген, басқарушы топқа жақын субэтникалық сословиелік топтарды 
(төре, қожа т.с.с.) кіргізді. Ауылдарды немесе дәлірек таксономиялық 
(топтастырылған және жүйеге келтірілген – Ж.М.) төменгі дәрежедегі 
әлеуметтік топтарды А.И. Левшин тек туыстық бірлестік ретінде ғана емес, 
шаруашылық организм ретінде қарастырды. Олардың арасында территориялық 
байланыс нашар дамыған еді, сол уақытта қазақтар қоғамдық ұйымдарға көбіне 
генеалогиялық иерархия бойынша бөлінген.
Бұдан басқа, жұмыста көшпенді әлеуметте қоғамдық өндірісінен пайда 
болған қауымның өзін-өзі басқаруы және хан билігінің әлсіздігі бірнеше рет 
көрсетіледі. Осылайша, А.И. Левшиннің еңбегі алғаш рет қазақтардың дәстүрлі 
этноәлеуметтік ұйымының нақты үлгісін береді. Көптеген элементтер 


162 
төңкеріске дейінгі ғалымдардың еңбектерінде қолданылған және қазіргі 
ресейлік және қазақстандық этнологтар кеңінен қолдануда.
Айта кететін жәйт, көшпелі шаруашылық қазақ қоғамының тіршілік-
әрекеті аясын анықтап отырғанын әділ көрсете, Левшин оны ерекше анық 
қарастырады. Автордың үй малының түрлері, олардан алынатын сүтті және етті 
тағамдар, жүннен және теріден жасалған өнімдер туралы өзінің нақтылығы 
және толықтығы жағынан тамаша этнографиялық мағлұматтары ерекше көңіл 
аударуға тұрарлық. Бұнда сол малдардың ерекшелігі және оларды бағу шарты 
туралы құнды деректер берілген.
Қазақтардың мал өсіруі және онымен байланысты көшіп-қонуы өз еркімен 
таңдаған шаруашылығының нәтижесі емес, қоршаған ортаның табиғи 
жағдайларымен қатаң анықталғанын А.И. Левшин атап көрсетеді. Бұған қоса, 
автор қазақтардың маусымдық қысқы және жазғы жайылымдарды талап ететін 
меридиандық көшіп-қону жүйесіне ерекше көңіл бөлген. Ол жайылым жерлерін 
пайдалануда, мал жаюда қысқы және жазғы жайлаулардың бір-бірінен елеулі 
ерекшеліктері барын айтады. Зерттеуші байқағандай, көшпенділердің қысқы 
мезгілде қар мен қар қалындығының кесірінен көшіп-қону мүмкіндігі 
айтарлықтай шектеулі болды, сондықтан бұл уақытты тұрақты өткізуге немесе 
көшіп-қонудың санын ең аз мөлшерге дейін төмен түсіруге тырысатын.
Одан әрі қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы туралы айта келе, оның 
жазық даладағы көптеген бытыраңқы шаруашылық организім түрінде 
дисперстік жағдайда болды деген ғылыми әдебиеттегі дерекке алғаш болып 
көңіл аударды. «Қырғыздар (қазақтар – Ж.М.), - деп жазады ол, - адам саны көп 
болса бір мекенді сирек қоныстайды, өйткені олардың табындарына тар болып 
кетеді». Ғалымның бұл аса маңызды қағидасы теориялық деңгейде өзінің толық 
қолдауын және одан әрі дамуын тек соңғы жылдардағы көшпенділер туралы 
жадығаттарды зерттеулерде тапты.
Көшпелі мал шаруашылығын қазақтардың кәсібінің басты саласы ретінде 
көрсете отырып, А.И. Левшин сонымен қоса, көшпелі халық арасында 
егіншіліктің рөлін, маңызын және таралу деңгейін сипаттап беруге тырысқан. 
Ғалым жер өңдеу ісін қазақтардың қосалқы шаруашылықтарының біріне 
жатқызған, бұл кедей әлеуметтік топтың басты айналысатын ісі еді. Әр 
аймақтың территориясындағы диқаншылықтың дамуын талдай келе, егін 
шаруашылық шұраттары табиғи су қоймасы, егіншілікке қолайлы кең алқабы, 
таза және ішуге жарайтын ауыз суы, керемет шабындық шөбі және орманы бар 
жерлерде пайда болғанына аса назар аударады. Автордың ойынша, қазақ 
даласындағы егін алқаптарының нашар дамуы және аз мөлшерде болуына 
себеп болған жағдай, ол қазақ халқының мекендеген жерінің табиғи-климаттық 
жағдайының қолайсыз болуы, ал бұл өз кезегінде дәнді дақылдардың сәтті өсіп 
шығуына үлкен кедергі еді. Одан бұрынғы ғалымдарға қарағанда А.И. Левшин 
егіншіліктің дамуын көшпелі тайпалардың отырықшылық үдерісімен тікелей 
байланысты деп санамады және бұл туралы егіншілік оларды отырықшы 
етпейді деп жазады. Олар «өздерінің егістігінің жанында көшіп жүреді», ал 
содан кейін өнімді жинап алған соң ол жерлерден кетіп қалады.


163 
А.И. Левшиннің ойынша көшпенділердің жөнсіз отырықшылыққа ауысы, 
қазақтардың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. «Олардың жеке бас пайдасы және 
олармен көрші жатқан мемлекеттердің, әсіресе Ресейдің пайдасы, бай мал 
бағушыларды кедей жер өңдеушілерге ауыспауын талап етеді», - деп болжайды 
ғалым. Кеңестік тарихи әдебиеттерде бұл жағдай бірнеше рет өзінің идеялық 
негізінде әдістемелік теріс және ғылымға қарсы құбылыс ретінде бағаланған, ал 
оның авторын қазақтарды отырықшыландыруға және жер өңдеу ісімен 
айналысуына қарсы болған орынбор губернаторлары П.П. Сухтелен және В.А. 
Перовскийдің идеологы ретінде елестеткен. 
Бүгінде білікті Қазақстанның көшпендітанушыларының отырықшылану 
және соған сәйкес шаруашылық жүргізу тәсілі номадтықтардың дәстүрлі 
аридтік өмір сүру ортасында тиімсіз деген ойын ескере отырып, ғалымдар бұл 
мәселеге біртекті қарамайды. Осыған байланысты отырықшылану үрдісі 
айтарлықтай кең көлемде таралмады және адамзаттың индустрияға дейінгі 
кезеңінде мүлдем болмады. Олай болса, А.И. Левшиннің қазақтардың 
отырықшылыққа көшуінің болашағына күмәнмен қарауы, сол кез үшін негізсіз 
емес еді, өйткені аталған отырықшылануға негізінен өзінің басты күн көріс 
амалынан, яғни көшпенді шаруашылық жағдайында малынан айрылып 
кедейленген отбасылар көшіп жатты. 
Монографияда үй кәсібіне арнайы орын бөлінген, солардың ішінен автор 
жануарлардың терісін және жүнін өңдеуге ерекше назар аударған. Одан басқа, 
А.И. Левшин қазақ қоғамында көп мөлшерде мынадай қолөнершілердің 
болғандығын айтады: мыс шебері, күміс ұстасы, ұсталар тағы сол сияқты. 
Өлкедегі этногенетикалық үрдістерді түсіндіруде маңызды сұрақтардың 
бірі болып табылатын, көшпенді қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың дамуы 
да монографияда егжей-тегжейлі қарастырылған. Бұл күрделі ғылыми мәселені 
түсіндіруде Левшин негізінен өз уақытының методологиялық ұстанымында 
қалды, бұл оның нақты тарихи көзқарасына әсер етті. Автор анархиялық 
кезеңде жоғарғы (хандық) биліктің қазақтар арасында әлсіздігінің негізі 
себептерін жергілікті басшылардың «бассыздығы» мен көшпенділердің 
«жүгенсіз құмарлыққа» берілуінен көрді. Көшпенділердің қоғамдық дамуы 
туралы бұл қате тұжырым сол кезеңдегі тарихшылардың жұмыстарында 
кеңінен таралған еді және Ш.Л. Монтескьенің саяси-құқықтық теориясынан 
туған болатын. Бұнда ғалым көшпенді және отырықшы халықты қарсы қоятын 
еуропалық тарихнамалық дәстүрдің ықпалында болғандықтан, біржақты 
көрсету мен асыра сілтеушілікке бой алдырған. 
Соған қарамастан, Левшиннің қазақ қоғамында хандық билік институты, 
оның көшпенділердің бөлек сословиелік-корпоративтік топтармен өзара қарым-
қатынасы, жеке тұлғалардың көшпенді қоғам деңгейінде бірігуі, жергілікті өзін-
өзі басқару ұйымы, халық жиналысы, басқару ісіндегі заңның рөлі туралы 
көзқарасы, ойы, жинаған жинағы бай және сенімді фактологиялық негізге толы.
Тұрмыс-салт пен қазақтардың қоғамдық қатынасын жан-жақты сипаттай 
келе, А.И. Левшин көптеген ғасырлар бойы көшпелі қоғамды реттеп келген 
әдет-ғұрып нормалары туралы құнды дерек берді. 14-ші тарауда ол Тәуке 


164 
ханның XVII ғасырға жататын заңнамалық жәдігерінің мазмұнын айтып берді. 
А.И. Левшиннің баяндауындағы «Жеті жарғы» 34 заңнамалық үзіндіден тұрады 
және монографияның 3-ші томының 9 бетін алып жатыр. 
1820 жылы Г.И. Спасск «Сибирский вестник» журналында шығарған бұл 
ескерткіштің 11 үзіндісін ескере отырып, ол Тәукенің «Жинағының» екінші 
толық басылымы болып табылады деп ұйғарды мамандар. Алайда «Жеті 
жарғының» бұл басылымы да заңнамалық дереккөздің түпнұсқасымен 
таныстырмайды. Кеңестік тарихшылардың соңғы зерттеулері көрсеткендей, 
А.И. Левшин қазақтардың әдет-ғұрпында өзіне таныс Тәукенің заңдарын әдейі 
атап көрсетпеген, нәтижесінде «Жеті жарғы» оның зерттеуінде кең етек 
жаймаған.
Ескеретін жәйт, жоғарыда айтылған қазақтардың тарихына қатысты құнды 
деректің мазмұнын айтып берумен қатар, ғалым заңнамалық «Жинақтың» 
жасалу уақыты мен жалпы сипаты туралы кейбір қызықты түсініктер айтқан. 
Кейіннен, қазақтардың саяси құрылымы мен құқықтық салтын зерттегендердің 
бәрі тек А.И. Левшиннің жазбасындағы «Жеті жарғыға» сүйенеді.
А.И. Левшин қазақ музыкасына байланысты, соның ішінде басты қазақ 
музыкалық аспаптары - қобыз және сыбызғы туралы жазған. Қобыздың 
көркемдік мүмкіндігі туралы автор «құстың табиғи даусына өте ұқсас өлең 
тындағанын» айтады. Бұндай түсіндірмені ол сыбызғы жайлы да айтады, 
зерттеушінің дерегі бойынша ұзындығы аршынға тең және 5 – 6 саңылауы бар 
қамыстан жасалады. Одан басқа, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы 
зерттеушілерге қарағанда А.И. Левшин домбыра және ескі рухани аспаб 
шанқобыз немесе темірқобыз жайлы аздаған мәлімет келтірген, қалыптасқан 
дәстүрге байланысты ол домбыраны балалайка деп атайды және оны қазақтар 
орыстардан алған деп санайды, бірақ бұл тұжырым кейін кеңестік 
музыкатанышулардың зерттеулерінде жоққа шығарылды.
Қазақтардың 
халықтық 
салт-дәстүріне 
арналған 
беттер 
кең 
қызығушылықпен оқылады. А.И. Левшиннің қазақтардың той салт-жоралары 
және ас беру, құда түсу, бала туу, қонақ күту дәстүрін қызықты етіп 
баяндауынан қазақтардың отбасылық өмірінен көптеген таңқаларлық 
мәліметтер, сонымен қатар некелік салттың қалың мал төлеуге және жастардың 
келісіп алуына байланысты түрлі ерекшеліктерді көруге болады.
Кітапта мерекелер және ойындар – тартыстар, халыққа әйгілі ақын-
әншілер, қазақтың аңыз-әңгімелері туралы құнды деректер бар. А.И. Левшин 
халық ауыз әдебиетінде ертегішілер қолданған амал-әдістің үлкен күші және 
бейнелеуіш тәсілі туралы атап көрсеткен. «Шешен баяндаушы, - деп жазды ол, 
салыстырулар мен табиғатқа еліктегіш сөздермен хикаяны әсемдей алады: олар 
дауыстарымен түрлі жануарлардың айқайын салады. Халықтың барлық 
хикаясында жалынды қиял және құлшынысқа деген ынта байқалады». Автор, 
сонымен қоса, халықтың ойын-сауығы – күрес, жарыс, садақпен ату туралы 
бірқатар деректер келтірген.
А.И. Левшин қазақтардың метеорологиялық және астрономиялық білімі 
туралы егжей-тегжейлі баяндады, оның мәліметтері бойынша көшпенді-


165 
мұсылман қоғамында жыл санау, ұзындық өлшемдері, салмақ өлшемдері және 
халық медицинасы болған. Монографиядағы бай лингвистикалық дерек 
ғылыми тұрғыдан өте жоғары бағаланады. Ғалым қазақ тілін әділетті түрде 
татар және түрік тілдерімен қатар қойып, түркі тілдер құрамына жатқызды, 
бірақ сонымен қоса олардың сөздік құрамындағы айырмашылықты және бөлек 
дыбыстардың айтылуын айқындап көрсеткен. Қазақ тілінің фонемасы жайлы 
Левшиннің ескертулері қазіргі заманғы ұғымға толық сәйкес келмесе де, 
лингвист-тюркологтардың мойындауы бойынша, олардың спецификалық 
ерекшелігін нақты атап айтқан зерттеушінің байқампаздығы мен білгірлігін 
көрсетеді. 
А.И. Левшин өзін керемет лексикограф (лексиконды құрастыратын адам – 
Ж.М.) ретінде де танытты. Өз жұмысында қазақтар көшіп жүрген түрлі 
жерлердің атауларын, жануарлар түрлерін, өсімдіктерді және белгілі бір 
қоғамдық құбылыстарды түсіндіретін халықтық ұғымдарды келтіре отырып, ол 
аудармаға, қазақ сөздерін түсіндіруге және мағынасын ашуға үлкен көңіл 
аударған. Зерттеушінің жазбасында көптеген жергілікті топонимдер, 
этнонимдер және жеке есімдер кеңінен берілген, бұл заманауи тарихшылардың 
және ономасттардың (атаулардың шығу, қалыптасуын зерттейтін адамдар – 
Ж.М.) қызығушылығын туғызуда. Оның қазақ сөздерін интерпретациялауы 
(түсіндіруі, талдауы – Ж.М.) және этимологизациялауы (бір сөздің төркінін 
түсіндіруі – Ж.М.) бойынша пайымдауы, дәлелдері және көзқарасы өзінің 
ғылыми маңызын бүгінгі күні де жоғалтқан жоқ. А.И. Левшиннің еңбегінің 
арқасында орыс тіліне мынадай қазақ сөздері кіріп, сақталып қалды: «аул», 
«бай», «байгуш», «барымта», «беркут», «кумыс» және т.б. Ғалымның 
лингвистикалық жадығаттарын Ш.Ш. Уәлиханов, Н.А. Аристов, С.Аманжолов 
және басқа да танымал этнологтар мен тілтанушылар қолданған.
А.И. Левшиннің күрделі жұмысының барлық 3 бөлімін толық зерттеп 
шығу, Қазақстанның тарихын және этнографиясын зерттеуде орыс ғалым-
шығыстанушысының қосқан үлесі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 
Оның жұмыстары қазақ халқы туралы жазылған төңкеріске дейінгі, кеңестік 
және шетелдік зерттеулердің дамуына үлкен әсер етті, және қазіргі заманғы 
ғылымды «Описание киргиз-казачьих орд (Қырғыз-қазақ ордасының 
сипаттамасы)» жазылған ғасырдан бөліп тұрған үлкен тарихи дистанцияға 
қарамастан, әлі күнге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет