12. Бағалау критерийлері: Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады::
Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%) түсіндірме:
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ (БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН)
90-100
Археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, мұрағаттық құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық білімді игеріп, оны семинар сабақтарында қолдана алса; музей, мектептік музей жоспарларын, сабақтан тыс жұмыстардың жоспарларын құрастыру туралы білімді игерсе және семинарларда құрастыра алса; Қазақстанда өлкетану ғылымының қалыптасу, даму барысы, зиялы қауымның өлкетанулық қызметтері жөнінде теориялық білімді игеріп, олардың еңбектерінің мазмұнымен танысып, оның материалдарын семинар, СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында пайдалана алса; туған өлке тарихына қатысты өз зерттеулерін жүргізе алса.
70-89
Археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, мұрағаттық құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық білімді игеріп, оны семинар сабақтарында ішінара қателіктермен қолданса; музей, мектептік музей жоспарларын, сабақтан тыс жұмыстардың жоспарларын құрастыру туралы білімді игеріп, семинарларда ішінара қателіктермен құрастырса; Қазақстанда өлкетану ғылымының қалыптасу, даму барысы, зиялы қауымның өлкетанулық қызметтері жөнінде теориялық білімді игеріп, олардың еңбектерінің мазмұнымен танысып, оның материалдарын семинар, СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында пайдалана алса; туған өлке тарихына қатысты өз зерттеулерін жүргізе алса.
50-69
Археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, мұрағаттық құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық білімді игеріп, оны семинар сабақтарында бірқатар қателіктермен қолданса; музей, мектептік музей жоспарларын, сабақтан тыс жұмыстардың жоспарларын құрастыру туралы білімді игеріп, семинарларда бірқатар қателіктермен құрастырса; Қазақстанда өлкетану ғылымының қалыптасу, даму барысы, зиялы қауымның өлкетанулық қызметтері жөнінде теориялық білімді жалпылама игерсе.
0-49
Сабаққа нашар қатысып, курстың мазмұнын нашар игерген жағдайда.