Мухитдинов на печать indd


Кисра ىرسك – ежелгі парсы патшаларының атауы. Кітап



Pdf көрінісі
бет103/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Кисра ىرسك – ежелгі парсы патшаларының атауы.
Кітап باتك – кітап. Құран кәрімнің бірнеше атауы бар. Солардың бірі – Кітап. 
Сонымен қатар «кітап» сөзі діни еңбектерде «сала», «тарау» деген мағынада да қол-
данылады. Мысалы, зекет кітабы, неке кітабы, яғни зекет тарауы, неке тарауы.
Көріпкел – болашақты болжаушы. Қара: кәһин.
Кітап иелері – яһудилер мен христиандардың Құрандағы атауы.
Кітап түскендер – яһуди мен христиандар 
Куәлік сөздері ةداهشلا ةملك – «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ(у), уә әшһәду әннә 
Мухаммадән абдуһу уә расулуһ» (Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына куәлік 
беремін және Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін) деген 
сөздер.
Кусуф فوسك – күннің толықтай не жартылай тұтылуы. Діни наным бойынша, 
күннің не айдың тұтылуы жақсылықтың белгісі емес.
Кусуф намазы فوسكلا ةلاص – күндізгі уақытта күннің көзі не оның бір бөлігі 
тұтылғанда оқылатын намаз. 
Күнә. Күнәй. – Аллаһтың әміріне қарсы шығып, жаман нәрсені істеу. Құдай-
дың бекіткен заңдарына бағынбай қарсы шығу.
«Е, жұртым! Нәпсімізді тыя алмадық
Не түрлі жаман істен ұялмадық. 
Күнәміз көп болған соң, қаһар етіп, 
Жіберді бізге құдай ауыртпалық» (А.Байтұрсынов, Шығармалары). 
«Тәубасына келмесе, 
Ол үшін жаза алады. 
Не қылғаным, жасаған, 
Талай тышқанды асағам
Сенен қалай жасырам?! 
Мейірімді түсір деп, 
Күнәйімді кешір деп, 
Дәргаһыңа бас ұрам» (М.Жұмабаев, Шығ.).


140
«Залым кісі кірмейді тіпті санға
Сынайтұғын бір сыншы табылғанда. 
Білімдігің бит шаққан құрлы болмас, 
Тамам күнәң жиылып жабылғанда» (Ш.Құдайбердиев, Шығармалары).
Күнәкар. Күнәхар. Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбар хадистеріне
шариғатқа қайшы іс-әрекет жасаған адам.
«Менің кеудем сендерге сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көр-
сең, ішін түгел көрген соң өз көзіңмен Тахқиқ мені күнәкар қу демес ең» (Абай, 
Толық жинақ). 
«Нәпіл, түгіл, намазы 
Бәрі желге кетеді. 
«Еннатайына кәлкәусар» 
Пошол дереу күнәкар, 
Аяғын ойлап айтқаны
«Әні-шаны күлаптар» (Абай, Толық жинақ). 
«Кек болсын, не болсын – кісі өлтірген бәрібір күнә, қылмыс. Сондықтан ол 
күнәкар адам. Бәрібір құдай жазасын береді» (М.Жұмағұлов, Қыран қазасы қияда).
«Аққұл әкеме адам жіберіпті. Мына қақтығыстың билігін өзі айтып, ұлы мен 
келінін ажыратып берсін, адал некені былғаған күнәкарларға үкім шығарсын деп 
сәлем айтыпты» (Б.Момышұлы, Шығармалары).
Күния ةينك – баласының есіміне немесе т.с.с. нәрселерге байланысты «пәлен-
шенің әкесі» не «пәленшенің шешесі» деп айтылатын құрмет мағынасындағы лақап 
ат. Мысалы: Әбу Абдуллаһ – Абдуллаһтың әкесі.
Күпірлік – Аллаһқа сенбеу, күнә жасау. Күпірлік – араб тіліндегі «куфр» де-
ген сөздің баламасы. Ол «имансыздық», «кәпір болу» дегенмен қатар «нәшүкірлік», 
«жақсылықты білмеу» деген мағыналарды да білдіреді.
Күшті қарыз يوقلا ضرقلا – күшті қарыз. Қарызға алушы, өз мойнындағы қа-
рызын мойындап, оны төлеуге дайын екендігін білдірген қарыз «күшті қарыз» ата-
лады. Қарыз иесіне бұл қарызының зекетін беру – парыз. Ол қаласа, әр жылы парыз 
болған уақытты шығарады, қаласа, қарызын алғаннан кейін шығарады.


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет