140
«Залым
кісі кірмейді тіпті санға,
Сынайтұғын бір сыншы табылғанда.
Білімдігің бит шаққан құрлы болмас,
Тамам күнәң жиылып жабылғанда» (Ш.Құдайбердиев, Шығармалары).
Күнәкар. Күнәхар. Құран аяттары мен
Мұхаммед пайғамбар хадистеріне,
шариғатқа қайшы іс-әрекет жасаған адам.
«Менің кеудем сендерге сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көр-
сең, ішін түгел көрген соң өз көзіңмен Тахқиқ мені күнәкар қу демес ең» (Абай,
Толық жинақ).
«Нәпіл, түгіл, намазы
Бәрі желге кетеді.
«Еннатайына кәлкәусар»
Пошол дереу күнәкар,
Аяғын
ойлап айтқаны,
«Әні-шаны күлаптар» (Абай, Толық жинақ).
«Кек болсын, не болсын – кісі өлтірген бәрібір күнә, қылмыс. Сондықтан ол
күнәкар адам. Бәрібір құдай жазасын береді» (М.Жұмағұлов, Қыран қазасы қияда).
«Аққұл әкеме адам жіберіпті. Мына қақтығыстың билігін өзі айтып, ұлы мен
келінін ажыратып берсін, адал некені былғаған күнәкарларға үкім шығарсын деп
сәлем айтыпты» (Б.Момышұлы, Шығармалары).
Күния ةينك – баласының есіміне немесе т.с.с. нәрселерге байланысты «пәлен-
шенің әкесі» не «пәленшенің шешесі» деп айтылатын құрмет мағынасындағы лақап
ат. Мысалы: Әбу Абдуллаһ – Абдуллаһтың әкесі.
Күпірлік – Аллаһқа сенбеу, күнә жасау. Күпірлік – араб тіліндегі «куфр» де-
ген сөздің баламасы. Ол «имансыздық», «кәпір болу» дегенмен қатар «нәшүкірлік»,
«жақсылықты білмеу» деген мағыналарды да білдіреді.
Күшті қарыз يوقلا ضرقلا – күшті қарыз. Қарызға алушы, өз мойнындағы қа-
рызын мойындап, оны төлеуге дайын екендігін білдірген қарыз «күшті қарыз» ата-
лады. Қарыз иесіне бұл қарызының зекетін беру – парыз. Ол қаласа, әр жылы парыз
болған уақытты шығарады, қаласа, қарызын алғаннан кейін шығарады.