Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет11/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   200
Ағуыз. «Ағузу» сөзінің бір варинаты. «Мал табу үшін көзін сүзіп, ағуыз 
тартқан болады. Осылардың білген әлқамын біз де білеміз» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ад. Ғад. داع – Һуд пайғамбардың қауымы. Құран кәрім кітабында және пай-
ғамбарлар қиссасын қамтыған кітаптарда Һуд пайғамбардың қауымы «ад» деп 
аталған. Ад көне арабтардың бір қауымы. Олар қазіргі Йемен мен Оман елдерінің 
аумағында өмір сүрген. Олардың тұрақтары «әл-Ахқаф» (бұйрат құм) деп аталған. 
Құранда Аллаһ оларды Һуд пайғамбарға сенбегендіктен және айтқандарына құлақ 
аспағандықтан күшті дауылмен жермен жексен еткендігі айтылған.
Адал. Қазақ тілінің он бес томдық сөздігінде «адал» сөзіне діни термин ретін-
де «Ислам шарттары толық сақталған, ішіп-жеуге жарамды, арам емес» деп анықта-
ма берілген. «Адал» сөзі қазақ тілінде таза, пайдалануға болатын, ар-ұяты күшті, 
ниеті таза, шын берілген, сенімді, күмән тудырмайтын деген мағыналарда да қол-
данылады. Сонымен қатар «адал» сөзі көп жағдайда «арам» сөзінің антонимі ретін-
де жейтін асқа жиі қолданылады. «Адал» сөзі малға, жануарларға, құсқа қатысты 
«еті адал», асқа қатысты «адал ас», таза еңбекке қатысты «адал еңбек», «маңдай 


14
терімен тапқан адал еңбекақысы», ерлі-зайыптыларға қатысты «адал жар», біреуге 
жақсы жолдасты тілеген кезде «Құдай адалынан жолықтырсын» деген сияқты сөз 
тіркестерінің қатарында кездеседі. 
«Алла адалынан жолықтырғай, 
Жан болса езу тартқан дос дей бердім. 
Дос та – дос, туған да – дос, діндес те – дос, 
Түбінде зарарсызды шын дос көрдім» (С.Дөнентаев, Шығ.). 
Осы тіркестердің арасындағы «еті адал мал» ұғымы да ислам шариғатымен 
тікелей байланысты. Ислам дінінде малдың не құстың еті адал, шариғаттың талап-
тарына сай жеуге жарамды болу үшін белгілі бір шарттар қойылады. Осы шарттарға 
сай келетін және шариғат көрсеткен жолмен бауыздалған малды «еті адал», «жеуге 
жарамды» деген атаулармен атайды. Қазақ халқының бойында осы ұғым терең сің-
ген. Оны әдеби шығармалардан, күнделікті өмірден жиі кездестіруге болады. 
«Шалажансар ыңқылдап жатқан бір жылқыны еті адал болсын деп, біреу пы-
шақпен шалып тастады» (Ө.Күмісбаев, Тіршілік). 
Он бес томдық сөздікте «адал» сөзі қазақ тіліне араб тіліндегі لداع «адил»
сөзінен енген деп көрсетілген. Біздің пайымдауымызша, бұл сөз қазақ тіліне араб 
тіліндегі للاح «халал» сөзінен енген және белгілі бір фонетикалық өзгерістерге ұшы-
рап, қазақ тілінің төл сөзі ретінде үндестік заңына бағынып, түпкі дыбысталуынан 
алшақтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет