222
Тауаррук كروتلا – намазда екі аяқты оң жаққа жіберіп, құйрықпен жерге
отыру.
Тауафәл-ифада ةضافلإا فاوط – зул-хижжаның онында құрбандық шалу күні-
нен бастап қажылардың Қағбаны тауап етуі. Бұл «парыз тауабы» деп те аталады.
Тауафәл-қудум مودقلا فاوط – Қағбаға келгенде сәлемдесу ретінде жасалатын
тауап. Бұл «сәлем тауабы» деп те аталады.
Тауафәл-уадағ عادولا فاوط – қажылардың Меккеден қайтардағы қоштасу
тауабы.
Тауаф әз-зияра ةرايزلا فاوط – қажылықтың парыз тауабы. Қара: тауаф әл-ифа-
да.
Тауқифи іс رملأايفيقوتلا – Аллаһтың қалауымен ғана болатын, адамдардың
шешімі араласпайтын іс.
Тауқымет – ауыртпалық, қиыншылық.
Таурат (Тәурат) ةاروتلا – Аллаһ тағаладан Мұса пайғамбарға түскен кітап.
Таурис ثيروتلا – мирасты үлестіру.
Таурия (тәурия) ةيروتلا – сырттай жалған айтқан болып көрінгенмен, адам-
ның өзі үшін дұрыс мағынаны меңзеп айтқан, бірақ екінші адамның сұрағына басқа
ұғым беретіндей етіп жауап беруі. Шариғатта қиын жағдайға тап болғанда таурия
әдісін қолдануға рұқсат етіледі.
Таухидديحوتلا – Аллаһ тағаланы бүкіл әлемді жалғыз Жаратушы, Одан басқа
құдай жоқ екендігіне және Оның есім-сипаттарында Дара екендігіне сену. Таухид
сонымен қатар осы аталғандарда Аллаһқа ешкімді серік етпеуді, Одан басқа құл-
шылық етуге лайық тәңір жоқ екендігін де қамтиды.
Тауфиқ. Тәупық. Сәттілік. Ислам сенімі бойынша, адам ісінің жемісі Аллаһ
тағаланың тауфиқымен, яғни сәттілікті нәсіп етуімен болады.
«Ғибадат бізден болса да, тәупық сізден білмейім,
Рақметті патшамсың, кешіре көр күнәйім!
Өзің пендем демесең, пайдаға аспас құр уайым» (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: