Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет168/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   200
    Бұл бет үшін навигация:
  • Тамұқ
.
Талақ ражғи يعجرلا قلاطلا – ажырасудың ер адам әйеліне талақ берген соң, 
оны өзіне қайтарып алуға құқы болатын түрі. Ер адам мұндай жағдайда әйелінің-
келісімінсіз оны қайтарып ала алады. Күйеуі әйеліне ражғи (қайтаруға болатын) 
талақ беріп, әйелінің иддасы (мерзімі) бітпей жатып екеуінің біреуі қайтыс болып 
кетсе, араларында мирас жүреді, яғни бір-бірінен мирас ала алады (Ж.Жүсіпбеков, 
Исламдағы мирас).
Тамрид ضيرمتلا – хадис ілімінде сәнадтағы рауилердің арасын жалғастыра-
тын сөздер. «Тамрид» сөзі араб тілінде «ауру адамға қарау» деген мағына береді. 
Бұл сөздер көбінесе әлсіз (дағиф, жарамсыз) хадистердің сәнадында кездеседі. Мы-
салы: ليق «қилә» (айтылды), نع يور «руия ан» (риуаят етілді), ىوري «юруа» (риуаят 
етіледі), ركذي «юзкар» (еске түсіріледі) және т.б.
Тамұқ – тозақтың бір атауы.
Танғим ميعنتلا – Мұхаммед пайғамбардың заманында Харам аймағының сыр-
тында болған жердің аты.
Таң намазы. Екі ракағат сүннет және екі ракағат парыз намаздан тұратын 
таңертең оқылатын намаз. Таң намазының уақыты – күн сәулесінің таң ата көлденең 
бағытта жарқырай бастағанынан күн шеңберінің көкжиектен қылаң беруі аралығы. 
Ғұламалар таңның атуына байланысты екі сәуле туады дейді. Оның алғашқысы: 
«фәжр кәзиб» (жалған таң ату) және екіншісі: «фәжр садиқ» (шынайы таң ату). 
Фәжр кәзиб кезінде күннің сәулесі түн жамылып, көкжиектен тік жоғары қарай 
бір сызық ретінде көрінеді де, біраз уақыттан кейін ғайып болады. Бұл уақыт түн 
мезгілі деп есептеледі. Сондықтан бұл уақытта түнгі намазды оқуға, сәресі ішуге 
болады, ал таң намазын оқуға болмайды. Фәжр садиқ кезінде күн сәулесі көкжиек-
тен тік ұзын сызық емес, жалпағынан көлденең бағытта көрінеді. Бұл – таң атқан-
дығының белгісі. Бұл уақытта сәресі ішуге болмайды, түнгі намаз оқылмайды және 
таң намазының уақыты кірді деп есептеледі (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
«Нағима ойдан серпіліп, дәретінің барында таза ниетпен таң намазын оқып 
алмақшы болды» (Б.Майлин, Шығ.).
Таразы. Қиямет күні адамдардың бұ дүниедегі амалдары, жақсылықтары 
мен жамандықтары тартылатын таразы. Қара: Мизан таразы.


220
Тарауих (тарауық, тәрәбі) намазы حيوارتلا ةلاص – рамазан айында құптан нама-
зынан кейін жамағатпен оқылатын, жиырма ракағатты бекітілген сүннет намазы. 
Тарауих намазы ер және әйел кісілер үшін бірдей суннә муаккада (бекітілген сүн-
нет). Оны кейде «қиямул-ләйл» деп атайды. Себебі ол рамазаннан басқа кездердегі 
түнде оқылатын намаздың орнына жүреді. «Тарауих» сөзі араб тіліндегі «дем алу» 
деген түбірден шыққан. Сол себепті де бұл намаз «тарауих», яғни арасында дем 
алатын деп аталған. 
«Бақыт қайда барасың? 
Тауарық намаз оқыған
Көңіліне аят тоқыған 
Ниетті елге барамын» (Қабан жырау, Алтын қазық).
Таржиғ عيجرتلا – азан айтқан кезде алдымен іштей азанның бір сөйлемін ай-
тып алып, сосын дауыстап қайта айту. Азан айтқан кезде таржиғ жасау мәлики және 
шафиғи мазһабтарында ғана бар. Ал барлық мазһабтарда қамат айтқан кезде тар-
жиғ жоқ.
Таржих حيجرتلا – таңдау, екі заттың бірін артық яки дұрыс деп есептеу. Егер екі 
хадис бір-біріне сыртқы мағыналары қарама-қарсы болып келсе, ол екеуін бір-бірі-
не қарама-қарсы келмейтіндей мағыналарымен түсіндіреді немесе екі хадистің нені 
меңзеп отырғандығын ашып береді. Егер сол екі хадистің мағыналарын бірі-бірі-
не қарсы емес мағынада түсіндіру мүмкін болмаса екеуінің бірін таңдайды. Міне 
осыны «таржих» деп атайды. Көп жағдайда хадисті рауилердің сипаттарына қарап 
дұрысын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет